132
30 0,3 мм
0,7 мм
24
32
29 17
2,0 мм 0,7 мм
5.8-сурет. Шарт. № 483м ауа таратқышы клапандарының жүйесі
(белгілерді 5.4-суреттің жазбаларын қараңыз)
Егер, магистральды диафрагманың босату қалпында ТМ-гі қысым
баяуқарқынмен жоғарыласа, онда ауаның РК-дан ЗК-ға ағылуы кезінде
(жазықтықты режимде) тығынжылымен бірге магистральді диафрагма
қайта жабу (солға) қалпына қозғалуы мүмкін және тығынжылдың
тығыздау манжеті оның оң жақ төменгң радиалды каналын жабады,
яғни ауаның МК-дан ЗК-ға жылыстауы тоқтатылады. Дегенмен,
сонымен бірге РК-ның МК-мен тығынжылдың жоғарғы радиалды
каналы және қосымша бәсеңдету манжетінің ершігіндегі 29 диматері
0,3 мм канал арқылы байланысуы қала береді, бұл магистральді
диафрагманы босату қалпында ұстап тұруға мүмкіндк береді. Сол
себептен магистральді қысымның кейінгі өсу қарқынына қарамастан
толық босату орын алады.
Қосымша бәсеңдету манжетінің ершігіндегі диаметрі 0,3 мм
каналдың
болуымен
ауабөлгіштің
босатудың
басына
деген
ксезімталдығы да жоғарылатылған, осы канал арқылы МК және ЗК
қысым қайта жабу қалпында теңестірілетіндіктен. Магистральді
диафрагманың босату қалпына жылжуы үшін оның босату серіппесінің
күшін және тығыздау манжеттерінің ысылу күшін жеңу жеткілікті.
Шарт. № 483 ауабөлгіштің сегіз өсті вагондарда жұмысының
ерекшеліктері. Сегіз өсті вагондардың тежеу цилиндрлерінің диаметрі,
кәдімгі төрт өсті вагондарға қарағанда 16" құрайды, олардың ТЦ
диаметрі 14". Әртүрлі көлемді ТЦ толтыру уақытын теңестіру үшін
(пойыздың составында төрт және сегіз өсті вагондар болған жағдайда)
сегіз өсті вагондарға орнатылатын ауа таратқыштарда, бос сояуыштан
манжетті 5 ( 5.4-суретті қара) алып тастайды, яғни
баяу тежелу әрекетін
болдырмайды.
133
5.4.Шарт. № 304 және Шарт. № 404 қысым релесі
(қайталауыштар)
Шарт. № 304-002 қысым релесін бірнеше тежеу цилиндрлерімен
жабдықталған жылжымалы құрамда қолданады. Ол ауа таратқыш ТЦ-
ға орнататын қысымның қайталауышы болып табылады. Осылайша,
қысым релесі бірнеше тежеу цилиндрлерін талап етілген уақыттың
шінде бірдей қысымға дейін толтыруға арналған.
Басқа сөзбен айтқанда, қысым релесі ТЦ жиынтық көлемі, барлық
ТЦ-ды бір ауа таратқышпен қызмет көрсетілуіне мүмкіндік беретін ,
нормаланатын мәннен артық болған жағдайда қолданылады.
Қысым релесін ауа таратқыш пен ТЦ арасына орнатады. Сонымен
бірге тежеу барысында ауа таратқыш (немесе қосымша локомотивті
тежеуіштің краны) ЗР-ден (немесе ПМ-нен) реленің басқару камерасын
бьолтырады, ал реле, оны тікелей қуаттандыру магистралінен немесе
қуаттандыру магистралімен байланысты арнайы ПР қуатттандыру
сұйыққоймасынан толтыра отырып, ТЦ-ғы осы қысымды қайталайды.
Қуаттандыру магистралінің жоғары қысымының әсерін азайту үшін
қысым релесінің алдында, қысымның 3,8...4,5 кгс/см
2
мәніне реттелген,
максималды қысым клапаны немесе шарт. №° 348 бәсеңдеткіші
орнатылады.
Шарт. №° 304-002 қысым релесі (5.9-сурет) кронштейннен 1,
корпустан 2, қақпақтан
3 жәнеатмосфералық саңылаулары бар цоколден
12 тұрады. Корпус пен қақпақтың арасына резеңке диафрагма 6
орнатылған, оған алюминй стақан
7 бекітілген. Диафрагманың
үстіндегі қуыс 4 реленің басқарушы камерасы деп аталады.
Стақанның түбінде бұрандамен резеңке тығырық 5 бекітілген, ол
шығару клапаны болып табылады. Корпустың төменгі бөлігінде
диаметрі 8 мм өтпелі өстік каналы бар қоректендіру клапаны 9
орнатылған. Қоректендіру клапаны серіппемен 10 ершікке
8 жанасады
және цоколде манжетпен 11 тығыздалған.
Тежеу кезінде ауа таратқыш сығылған ауамен реленің басқару
камерасын толтырады. Сонымен бірге диафрагма 6 төмен майысады
және стақан 7 ершіктен қоректендіру клапанын 9 серпеді, ол ауаны
қоректендіру сұйыққоймадан диафрагманың астындағы қуысқа жібере
бастайды және бұдан әрі ТЦ каналына. Реле басқару камерасындағы
қысымды тұрақтандырғаннан кейін ТЦ толтыру диафрагмадағы 6
теңдікке, ауа таратқыш тарапынан сығылған ауаның күшіне және ТЦ
және серіппе 10 жағынан сығылған ауа күшіне дейін жалғасады.
Дегенмен, сығылған ауа ТЦ тарапынан тек қана диафрагмаға әсер етіп
қана қоймай қоректендіру клапанына да әсер еткендіктен, реленің
басқару камерасындағы ауаның қысымы, диафрагманың астындағы
қуысқа қарағанда біршама жоғары болады.