232
салу тəуекелін (бүкіл қор нарығының жүйелі тəуекелімен салыстырғанда)
талдау үшін пайдаланылады.
Құнды қағаздар тəуекелінің деңгейі мына мəндер негізінде анықталады:
егер р > 1 болса, тəуекел деңгейі жоғары, р = 1 болғанда, тəуекел деңгейі
орташа, ал р < 1 барысында – төмен болады. Демек, р-коэффициенті мəнінің
өсуімен, жүйелі тəуекел деңгейі артады.
Тəуекелдерді бағалаудың сараптамалық əдісі инвесторда жоғарыда
аталған көрсеткіштерді есептеуге қажетті статистикалық немесе ақпараттық
мəліметтер болмағанда немесе жоспарланып отырған инвестициялық жобаға
парапар жобалар болмаған кезде жүзеге асырылады.
Жеке инвестициялық жобалар бойынша тəуекелдерді бағалаудың
нəтижелері, олардың деңгейлерін санды түрде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл
мақсатта инвестициялардың мына сипаттамаларын пайдаланады:
1. Тəуекелсіз инвестициялар. АҚШ үшін – бұл қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға қаражат салу.
2. Тəуекел деңгейі рұқсат етілген инвестициялар – олар үшін
қарастырылып отырған жоба бойынша таза пайданың барлық есепті сомасынан
айырылып қалу мүмкіндігі бар.
3. Тəуекел деңгейі жоғары инвестициялар – олар үшін тек
қарастырылып отырған жоба бойынша пайдадан ғана емес, есептік жалпы
табыстың бүкіл сомасынан айырылып қалу мүмкіндігі болады.
4. Тəуекел деңгейі апаттық инвестициялар – банкроттыққа ұшырау
нəтижесінде, инвестордың барлық активтерінен айырылу мүмкіндігі орын
алады.
Мамандардың бағалауларына сəйкес, инвестициялау барысында
қаржылық шығын тəуекелінің ықтималдығының шекті мəндері төмендегідей
болып саналады:
тəуекел деңгейі рұқсат етілген инвестициялар үшін – 0,1;
тəуекел деңгейі жоғары инвестициялар үшін – 0,01;
тəуекел деңгейі апаттық инвестициялар үшін – 0,001.
Жоба бойынша тəуекел деңгейі мен күтілетін табыс деңгейінің есептік
мəндерін
салыстыру, инвестициялық
тəуекелдің
қаншалықты
орны
толатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Инвестициялық нарықтың
сенімділігі, тəуекел деңгейіне байланысты сыйлық көлемін белгілейді.
Тəуекелді жобаларда тəуекелі үшін үлкен сыйлық қарастырылады.
Белгісіздікті ж не т уекелді есебке алу.
Белгісіздік деп ақпараттың жетпеуін немесе толық еместігін айтады.
Тəуекел кəсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді.
Белгісіздік пен тəуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет:
1. Экономикалық заңдылық, ағымдағы экономикалық жағдай, инвестиция
жасау жағдайлары.
2. Сыртқы экономикалық тəуекел.
3. Саяси жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз əлеуметтік-саяси өзгерістер.
233
4. Бағалардың
валюталық
курстарының
өзгеруі, нарық
конъюнктурасының өзгеруі.
5. Табиғи-климаттық факторлар.
6. Өндірістік-технологиялық тəуекел.
Тəуекелді
арнайы
экономикалық-математикалық
əдістер
көмегімен
компьютермен есептеуге болады.
Егер тəуекел ықтималдлығы белгілі болса, инвестициялардан болатын
жалпы нəтиже математикалық күтім формуласы бойынша анықталады:
å
=
×
=
N
1
i
i
i
p
Э
Э
Э
i
– іске асырудың i-й шарты бойынша интегральды нəтиже.
p
i
– i-й шарттың іске асу ықтималдылығы.
Жобаны таңдау белгілері: мақсаты, сыртқы жəне экологиялық белгілер,
жобаны іске асыратын инвестордың белгілері, ғылыми-техникалық белгілер,
коммерциялық белгілер, өндірістік белгілер, нарық белгілері, аймақтық
ерекшеліктерді есебке алатын белгілер.
Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.
Қаржы – кəсіпорынның ақша жиынтығы жəне оларды қалыптастыру, бөлу
жəне қолдану жүйесі.
Қаржы көздері: жеке жинақтар, акционерлі капитал, пайлық салымдар,
ұзақмерзімді несие, инвестициялар, бюджеттік ақша.
Қаржы жоспары кəсіпорынның төлем қабілеттілігін жəне ликвидтілігін
қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қаржы жоспарының үш түрі бар:
оперативті (1 жылға дейін), ағымдағы (1 жыл), перспективті
Қаржы жоспарына келесі құжаттар жатады:
1) Табыстар мен шығындар жоспары (кəсіпорын пайдалылығын
көрсетеді);
2) Несиелік жоспар (қарызды қолдануды сипаттайды);
3) Ақша ағындарының жоспары (ликвидтілікті қамтамасыз етеді);
4) Кəсіпорын балансы (кəсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайды).
Кəсіпорын балансы активтерден (кəсіпорын меншігіндегі мүлік) жəне
пассивтерден (қаржы көздері) тұрады. Олар бір-біріне тең болу керек.
Кəсіпорын активтері ликвидті (айналым қаржы) жəне ликвидті емес
(негізгі капитал) болып бөлінеді.
Баланс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
1. айналым қаржының ликвидтілігі – кəсіпорынның қажет уақытта қарыз
қайтаруға қабілетін көрсетеді.
1.1.Абсолютты ликвидтілік коэффициенті:
Кал = Ақша/қысқа мерзімді міндеттемелер >=0.5
1.2.Ликвидтілік коэффициенті:
Кл = (Ликвидті активтер - өндірістік қорлар)/қысқа мерзімді
міндеттемелер >=1,0
1.3.Ағымдағы ликвидтілік коэффициенті:
234
Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2
2. Автономия коэффициенті – кəсіпорынның қаржылы дербестігін
сипаттайды.
Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5
3. Қарызды жəне өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті
К =Ұзақ жəне қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1
4. Капитал рентабельділігі:
Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады – жалдың ерекше
түрі.
Лизинг – мүлік иесі мен жалға алушы арасында мүлікті белгілі бір мерзімге
беру, ол үшін рентаны төлеу жəне, көбінесе, амортизация мерзімінің аяғында
мүлікті толығымен өзіне алу жөнінде келісім шарт.
Лизинг пен жал арасындағы айырмашылықтар:
1) Лизингте толық амортизация төленеді.
2) Лизинг өнімді өткізудің бір түрі ретінде қолданады.
3) Лизинг мерзімі келісімде тіркеледі жəне одан бас тартуға болмайды
(жалдан бас тартуға болады).
Лизинг формалары:
1. Оперативты лизинг: келісім мерзімі амортизация мерзімінен əлдеқайда
кем (жалға ұқсас).
2. Қаржы лизингы: Келісім мерзімі амортизация мерзіміне жақын немесе
тең болады. Оның түрлері:
а) тура (қарапайым) лизинг
Жабдық лизингтік компания балансында болады.
б) қайтармалы лизинг:
Артықшылықтар:
1. Лизинг 100% несие беруді көздейді жəне төлемдерді қолма-қол төлеуді
талап етпейді.
2. Жалға алушы жабдықты жаңартуға мүмкіндік алады.
Лизингтік компания
Жабдық өңдірушісі
Жалға алушы
Лизингтік компания
Жалға алушы
Достарыңызбен бөлісу: |