49
Кейс
Қарастыру қажет тұстар
Катя
мен
Таня
Катя мен Таня
• Тексеріңіз, үйде балалардың ойыншықтары бар ма? Ойыншықтармен анасымен
бірге ойнаңыз. Жайдары өзара әрекеттестік және көңілді қарым-қатынас орнатуға
ынталандырыңыз.
• CD4 деңгейіне қарай балаларды қорғау мәселесіне көшпес бұрын анамен жұмыс
жасауға уақыт бар-жоғын анықтаңыз. Егер сіз ананың емделуге құлықтылығын
қалыптастыруға көмектесе алсаңыз, оларды бір-бірінен ажыратпай, отбасы
ретінде бірге қалдырған дұрыс. Бірақ біз балалардың қауіпсіздігі мен амандығын
қамтамасыз етуіміз тиіс.
Ана
• Оған «балаларыңызды алып кетеміз» деген сияқты сөздермен қоқан-лоқы
көрсетпеңіз. Түсіндіріңіз: «балаларыңыз ауырып қалуы және ауруханаға түсуі
немесе одан да сорақы жағдай орын алуы мүмкін, сондықтан, сізге қолдау
көрсетуге рұқсат етіңіз, сонда осының бәрін болдырмай, қыздарыңыз сізбен
бақытты өмір сүре алуын қаматамасыз етуге тырысып көру үшін бірге жұмыс істей
аламыз».
• Онымен қарым-қатынас құрыңыз, алдымен жағымды әрекеттер жасаңыз,
мысалы, балалармен ойнаңыз. Содан кейін оған АИТВ туралы қызықты етіп айтып
беру үшін бірнеше ойын ұсыныңыз.
• АИТВ-ға көндігуге көмектесу үшін және бойында өз-өзіне бағытталған стигма
және кінәләу сезімі бар-жоғын анықтау үшін консультация жүргізіңіз. Онымен
қарым-қатынас құрған соң, диагнозы қабылдауға итермелеңіз, ата-анасы туралы
сөйлесіңіз. Олар отбасына көбірек қолдау көрсете ала ма? Оларға АИТВ туралы
айтып беруге көмектесе аласыз ба? Әңгіме арасында осы мәселені талқылауды
бастаңыз да, ата-ана қалай қабылдайтынын көріңіз, сыпайы түрде мәлімет беріңіз
және т.б.
• Жергілікті балабақшамен жұмыс жасап, Катяны сонда орналастыру мүмкіндігі бар-
жоғын анықтаңыз.
• Қатарластарының қолдауын алуы үшін оны басқа аналармен таныстырыңыз.
• АИТВ диагнозына көндіге бастаған соң, оған және балаларына емделуге
құлықтылығын қалыптастыруға көмек ұсыныңыз. Неліктен АРТ қабылдамайтынын
анықтаңыз, үй шаруасын реттеу үшін онымен жұмыс жасаңыз. Қызына АРТ
қабылдауға қалай көмектесе алатынына қатысты жұмыс жасаңыз.
• Болашақ туралы әңгімелесу – қыздары мектепке барғанда қандай жұмысқа
орналаса алады?
Кейс
Қарастыру қажет тұстар
Саша
Саша
• Анасына қатысты консультация жүргізіңіз, себебі, ол түрмеде отыр. Анасына барып
тұра ма, барып тұрғысы келе ме, анықтаңыз. Ол ашулы, абыржулы, мұңлы болуы
мүмкін.
• Анасының неліктен түрмеге түскенін білмейміз, сондықтан, соған дейінгі жағдай
Сашаға әсер етуі мүмкін бе, анықтаңыз.
• Оған әкесі туралы естеліктер қалыптастырыңыз – суреттер, әңгімелер.
• Не істегенді жақсы көретінін анықтаңыз, қоғамда қарым-қатынас орнатқанына,
көңіл көтеріп, сейіл құра алатынына көз жеткізіңіз.
• Үйіне барыңыз, ойындар мен ойыншықтары бар ма, қараңыз, үй ол үшін көңілді
және қауіпсіз жер болуы тиіс.
Әже
• Қызының түрмеге түскеніне ұялатынына қатысты қолдау көрсету үшін
консультация жүргізіңіз.
• Тағы бір баланы тәрбиелеу қандай болатынын, қандай да бір қолдауға мұқтаж ба,
көмектесе алатын басқа отбасы мүшелері бар ма, сөйлесіңіз.
• Сынап-мінемеңіз, ақыл үйретпеңіз. Ол АИТВ туралы тиісінше мәлімет алуы тиіс.
Бұл біраз уақытты алуы мүмкін. Оған дәрі қалай әрекет ететінін, жанама әсерлері
қандай екенін және Саша қазір өзін неге жақсырақ сезінетінін түсіну керек. Оған
қан талдамасының
нәтижелерін көрсетіңіз, дәлел келтіріңіз.
• Балаға күтім көрсететін басқа адамдармен танысыңыз.
• Сашаға дәл қазір не керек екенін ойлану үшін онымен жұмыс жасаңыз. Саша өте
тұйық, бұл анасының түрмеге түскеніне қатысты реакциясы болуы мүмкін. Оған
ашылуға көмектесу үшін қалай бірге жұмыс жасай аласыздар. Өзін қоғамда қалай
ұстайды, қандай үйірмелерге және шараларға барады, анықтаңыз. Әжесі Сашаны
шараларға және үйірмелерге апара алмаса, апара алатын басқа отбасы мүшесі бар
ма?
• Өзін мектепте қалай ұстайды? Сол жерде оған қолдай көрсете алатын бір жайт
болуы мүмкін бе?
Руслан
Руслан:
• Футбол ойнау, достарымен қыдыру мүмкіндігі болу.
• Анасынан айырылуға байланысты, соның ішінде АИТВ мен өлім арасындағы
байланысқа қатысты консультация беру және мен қолдау көрсету, себебі, басынан
дәл осы жайт өтті.
• Әкесімен жұмыс жасау және қарым-қатынас құру, тіпті анда-санда болса да, белгілі
бір жүйелілікпен тұрақты байланыс орнату мүмкін бе, анықтаңыз. Еш нәтиже
шықпауы мүмкін, бірақ анықтап көрген жөн.
• АИТВ туралы және дәрі қалай әрекет ететіні туралы білім мен түсінікті дамыту.
• АИТВ-мен өмір сүретін қатарластарымен таныстыру.
• Мектеп туралы, онда спорт, ауыр қайғыдан кейін қолдау көрсету және т.б. жағынан
қандай да бір көмек көрсетіле ме, анықтаңыз.
Әже:
• Оған басынан бастап-ақ мейірім көрсету керек, ол қиын күндері бастан кешіріп
жатқанға ұқсайды.
• Оған АИТВ не екенін дұрыс түсінуге көмектесіңіз және емделуге құлықтылықты
қалыптастыруда көмектесу үшін үйде тәртіп орнату жағынан бірге жұмыс жасаңыз.
• Қызының қайтыс болуына байланысты қолдау көрсетіңіз.
• Руслан үшін қалыпты өмір сүру, футбол ойнау, мектепке бару қаншалықты маңызды
екенін түсіндіріңіз. Оны спорт үйірмесіне жіберу үшін бірге жұмыс жасаңыз.
• Тағы бір баланы тәрбиелеу қандай болатынын, қандай да бір қолдауға мұқтаж ба,
көмектесе алатын басқа отбасы мүшелері бар ма, сөйлесіңіз.
• Русланның әкесімен қарым-қатынасы туралы біліңіз.
• Дәл осындай жағдайдағы басқа ата-аналармен/қамқоршылармен таныстырыңыз.