89
1: Қорқыныш
•
Сіз балаңызды қатты жақсы көресіз. Оған АИТВ жұқтырғанын айтуды қаламай-
сыз, себебі, АИТВ-дан қатты қорқасыз. Сіз жай ғана ештеңе болып жатпағандай
кейіп танытқыңыз келеді. Сіз тіпті «АИТВ» деген сөздің өзін айта алмайсыз.
•
Ешкім ешқашан сізге АИТВ туралы түсіндірмеген. Үйдегі ортақ табақтарды және
шыныларды пайдаланса, балаңыз АИТВ-ны барлық отбасы мүшелеріне жұқты-
рады деп ойлайсыз.
•
Сіздің ойыңызша, балаңызға мектепке бармаған жөн, себебі, АИТВ-ны басқа-
ларға жұқтыруы мүмкін. Сіздің үрейіңіз қашқан. Балаңыз үшін, отбасыңыз үшін
қорқасыз, әрі осы туралы біліп қойса, адамдар сіздерге не айтатынынан және не
істейтінінен қорқасыз.
•
Сіз үшін АИТВ - қорқынышты, масқара ауру, сондықтан, балаңызда АИТВ-дан
басқа сырқат болғанын қалайсыз.
2: Стигма және өз-өзіне бағытталған стигма
•
АИТВ – сіз тіпті елестете алмаған ең қорқынышты жайт. Оның сізде және ба-
лаңызда бар екенін білмей тұрғанда, тек секс-бизнес қызметкерлерінде, на-
шақорларда және гомосексуалистерде ғана болады деп ойлағансыз.
•
Сіздің үрейіңіз қашқан. Балаңыз үшін, отбасыңыз үшін қорқасыз, әрі осы туралы
біліп қойса, адамдар сіздерге не айтатынынан және не істейтінінен қорқасыз.
•
Сіз үшін АИТВ - қорқынышты, масқара ауру, сондықтан, балаңызда АИТВ-дан
басқа сырқат болғанын қалайсыз. Балаңызды қатты жақсы көресіз және осын-
дай жайт орын алғанына сене алмайсыз.
•
Осы себепті балаңыз диагнозы туралы ешқашан білмегенін қалайсыз.
3: Балалық шақты сақтап қалу
•
Сіз үшін АИТВ – сұмдық жайт.
•
Балаңызды жақсы көресіз және, егер оған АИТВ-мәртебесі туралы айтса, оның
пәктігіне және балалық шағына балта шабылады деп ойлайсыз.
•
Сіздің ойыңызша, егер оған бәрін айтса, ол қатты жабырқайды, үнемі жылай-
ды, ойнағысы келмейді, ешқашан күлмейтін болады. Өз балалық шағыңызды
бақытты және бейқам күйінде есіңізде сақтап қалғансыз және балаңызға да
дәл сондай балалық шақты қалайсыз.
•
Балаңыз есейгенше күте тұрғыңыз келеді – осылайша оның дәл сіздікі сияқты
балалық шағы болады.
4. Өзін кінәлі сезіну және айыптау
•
Сіз АИТВ-ны тек секс-жұмыскерлер және нашақорлар ғана жұқтырады деп ой-
лағансыз, ал енді сіз жұқтырдыңыз, ұяттан өртеніп барасыз.
•
Сіз ешқашан ешкімге АИТВ жұқтырғаныңызды айтқан емессіз және қалай айту
керек екенін тіпті елестете де алмайсыз.
•
Балаңызды жақсы көресіз және оған АИТВ жұқтырғаныңыз үшін өзіңізді сон-
дай кінәлі сезінесіз. Бұл – сіздің кінәңіз деп ойлайсыз.
90
•
АИТВ жұқтырғаныңыз үшін өзіңізді жек көресіз және балаңыз да сізге ашула-
нып, жек көріп кетеді деп ойлайсыз. Көз алдыңызға оның сізбен ешқашан сөй-
леспейтінін және басқаларға да сізді жазалау керек деп айтатынын елестетесіз.
8-ҚОСЫМША:
SSHADESS үлестірме материалы
SSHADESS скринингі
SSHADESS скринингі кезінде сіз қоя алатын негізгі сұрақтар төменде келтірілген.
Оң немесе үрей тудыратын жауаптар осында көрсетілгеннен де терең сауалнаманы
талап етеді.
Strengths (Мықты қасиеттері): Не істегенді жақсы көресің? Өзіңді қалай сипаттар
едің? Айтшы, ең үлкен мақтанышың не? Жан достарың сені қалай сипаттар еді?
School (Мектеп): Мектепте ең ұнайтын/ең ұнамайтын не? Сабақтан қанша күн қал-
дың немесе сұраңдың немесе кешіктің? Бағаларың қалай? Былтырғы жылдан өзгеше
ме? Мектепте қолыңнан келгеннің барлығын жасап жүрмін деп санайсың ба? (Егер
«жоқ» болса) неге? Не кедергі? Мектепке баратын жолда және мектепте өзіңді қауіпсіз
сезінесің бе? Дене шынықтыру сабағына барасың ба? Есейгенде немен айналысқың
келеді?
Home (Үйде): Кіммен тұрасың? Отбасында қандай да бір өзгеріс бар ма? Егер то-
рығуды сезінсең, отбасыңмен сөйлесе алар ма едің? Бірінші кімге баратын едің?
Activities (Іс-шаралар): Достарың саған жақсы қарай ма? Отбасыңнан тыс сен сенім
арта алатын жан досың немесе ересек адам бар ма? Былтыр өткізілген іс-шараларға
әлі де қатысып жүрсің бе? Көңіліңе жайлы қандай істер жасайсың? Достарыңмен
бұрын қанша уақыт өткізсең, қазір де сонша уақыт өткізесің бе?
Drugs/Substance Use (Есірткі/заттек қолдану): Достарың шылым, есірткі немесе
ішімдік туралы айта ма? Шылым шегесің бе? Ішімдік ішесің бе? Ал сен желім иіскедің
бе, анаша шегіп көрдің бе, дәрі ішіп көрдің бе немесе басқа бір есірткі қолданып көрдің
бе? Тартқанда, ішкенде немесе шеккенде/егер тартсаң, ішсең немесе шексең, өзіңді
қалай сезінесің немесе олар саған не береді?
Emotions/Eating/Depression (Эмоциялар/Тамақтану/Депрессия): Торығуды сезініп
көрдің бе? Адамдар жүйкеңді бұрынғыдан бетер тоздыра ма? Әдеттегіден әлдеқайда
зерігіп жүрсің бе? Қатты күйгелектенесің бе? Соңғы уақытта ұйқыға қатысты қиын-
дықтар болды ма? (Егер болса) қандай қиындықтар? Сенің ойыңша, сен дұрыс та-
мақтанасың ба? Сен салмақ жинауға немесе салмақ тастауға тырысып көрдің бе?
Айтшы, неге? Өзіңді жабырқау, мұңлы немесе депрессияда сезіңдің бе? Саған өзіңе
немесе басқаларға зақым келтіру туралы ойлар келді ме? Өзіңе бұрын-соңды зақым
келтіруге әрекеттеніп көрдің бе?
Sexuality (Сексуалдылық): Саған біреу ұнай ма? Сол адам туралы айтып берші
(гендерлік тұрғыдан бейтарап тілді қолданыңыз). Сексуалдық сезімдерді сезіну сен
үшін ыңғайлы ма? Сексуалдық тұрғыдан не істеп көрдің? Сүйісу? Қол тигізу? Ауыз-
бен жыныстық қатынасқа түсу? Жыныстық қатынасқа түсіп көрдің бе? Жыныстық
қатынасқа түсу жайлы болды ма? Қорғану үшін не істейсің? Жүкті болып қаламын
деп уайымдап көрдің бе? Жыныстық жолмен таралатын ауру жұқтырамын немесе
жұқтырдым деп уайымдап көрдің бе?
Safety (Қауіпсіздік): Мектепте төбелес жиі болып тұра ма? Мектепте өзіңді қауіпсіз
сезінесің бе? Қорлық көрсету оқиғалары болып тұра ма? Саған біреу қорлық көрсетіп
Достарыңызбен бөлісу: |