Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет83/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   472

 

172 


 

         Қазіргі  заманда  қоғамымыздың  іргетасын  нығайту  үшін  жас  ұрпаққа  үлгілі, 

өнегелі тәрбие беру-қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз 

алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы 

мен  ағымына  сай  қалыптасуына  ықпал  ету.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  балабақшадан 

шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы 

айтуға  боларлық  оқу-тәрбие  процесін  қалай  ұйымдастыруға  болады?  Тәрбиеленуші 

тұлға  ретінде  бүгінгі  күн  талабына  сай  болып,  мектеп  табалдырығын  аттауға  дайын 

болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы-бала тәрбиелеудің жаңа 

қаруы  ретінде  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  кеңінен  пайдалану.  Баланы  тәрбиелеу, 

дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста 

болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,балабақшада одан әрі 

жалғасады.  Отбасының  ықпалын  өмірдегі  ешқандай  күшпен  салыстыруға  болмайды. 

Отбасындағы  ата-ана  мен  баланың  қарым-қатынасы  нәтижесінде  адамгершілік, 

эстетикалық,  дене  тәрбиесінің  алғашқы  үлгілері  қалыптасады.  Ата-ана  баласын 

тәрбиелеуді бастамас бұрын,өзінің мінез-құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы 

тәрбиесіндегі  кездесетін  қателіктер  ата-аналардың  педагогикалық  сауатсыздығынан 

және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. 

         Қазіргі  таңда,  педагогтар  мен  ата-аналар  арасындағы  сенімді  қарым-қатынас, 

ортақ  тіл-байламға  келу  өзекті  мәселеге  айналып  отырғаны  жасырын  емес...  Алда 

кеселге  айналып  кетпеуі  үшін,  алдын  алу  мақсатында  қандай  міндеттерді  қолдануға 

болады? 


1.Ата-аналармен жұмыс жасау кезінде жаңа жолдарды қарастыру; 

2.Ата-аналармен сәтті жұмыс жасаудың басты нүктесі-бала; 

3.Ата-аналардың мүмкіндіктеріне үңілу( әлеуметтік,психологиялық ) ; 

4.Ата-аналармен жұмыс жасау кезінде жеке тұлғалық қасиетіне назар аудару; 

5.Ең үздік отбасылық тәрбие үлгісін насихаттау. 

        Сонымен  қатар  ,ата-аналар  мен  педагогтар  арасында  серіктестік  тесті  өткізіледі. 

Тестті өткізу үшін түпнұсқа толтырылады. Ол: 

1.Ата-аналарға арналған; 

2.Педагогтарға арналған; 

Осы өткізілген тест нәтижесін сараптау арқылы,мынадай шешімге тоқталамыз: 

1.Бір пікірге келу; 

2.Қарама-қарсы көзқарастар; 

3.Шынтуайттан тайған теріс пікірлер; 

Теріс пікірлер мен көзқарастарды туғызбас үшін ата-аналармен жеке әңгіме жүргіземіз. 

Сауалнамалар мен тренинг-жаттығулар өткізіп,кеңестік көмек көрсетеміз. 

          Сонымен  бірге отбасылық бала тәрбиесінде үлкен рөл атқаратын адам ол әрине-

әке. Міндетті түрде әкелерге арналған сауалнаманы да жеке жүргіземіз: 

-Отбасындағы бала тәрбиесінің стилі; 

-Баламызды мектепке беруге дайынбыз ба? 

-Бала бойындағы дарындылықты қолдай біліңіз! 

-Сіздің балаңыз туғаннан қандай өнерге әуес? 

          «Сіздің балаңыз болашақ түлек» атты ауызша журнал, балабақшадағы ашық есік 

күні, тематикалық кештер жариялау арқылы ата-аналармен тығыз байланыста боламыз. 



 

173 


 

           Ата-аналармен жұмыс жүргізудің мақсаты не? 

Баланы тұлға етіп тәрбиелеу керек, осы кеңістікті қалыптастыруда әрине, ата-ананың 

орны,  атқаратын  рөлі  ерекше.  Ата-аналармен  жұмыс  жасау  арқылы  біз,  балалардың 

өмірін  қорғаймыз,  денсаулығын  сақтаймыз.  Жалпы  адами  қасиеттерін  дамытамыз. 

Тұлға болып дамуына отбасында эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан 

кедергісіз  жетілу,отбасылық  әдеп,  салт-дәстүрді  сақтай  отыра,  әлеуметтік  ортаға 

қарым-қатынас  мәдениетімен  таныстыруға  ықпал  жасау.  Балабақшаның  оқу-тәрбие 

үрдісіне  белсенді  қатысуына  ықпал  ету.  Мерекелік  ертеңгіліктерде  алғыс  жариялау. 

Міне,осының барлығы ата- аналармен жұмыс жасау кезінде тұрақты қолданылып, тек 

қағаз жүзінде ғана емес,тәжірибе жүзінде іске асырылып отырған жағдайда ғана, біз ата-

аналар бойындағы педагогикалық сауаттылықты дәріптейміз. 

          Ең бастысы жұмсақ, сауатты, рухани мәдениеттілікпен қарым-қатынас жасағанда 

ғана,  мақсатымызға  жетеміз.  Отбасы-тәрбие  бастауы,  баланың  жан-жақты  дамуының 

негізі болатын тәрбие институты. Әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері деген 

сөз  бекер  айтылмаған.  Бүгінгі  таңда  өмірімізде  орын  алып  жатқан  өзгерістерге 

байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түседі. 

Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып, бірлесе 

жұмыс істеу керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, 

қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру 

мақсатында  жұмыс  атқарса,  ата-ананың  балабақшаға,  тәрбиешіге  деген  көзқарасы 

өзгерер еді. 

        «Баланы  оқытуды  жек  көрмедім»  деп  ұлы  данышпан  Абай  айтқандай,  біздің 

ертеңгі болашағымыз, дені сау ұрпағымыз біз бен яғни педагогтар мен ата-аналардың 

қолында  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Жас  ұрпақ  тәрбиесі  мәңгілік  тақырып.  Әрбір 

тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады. 

         Ата-аналармен көзбе-көз, ауызша қатынас жасаумен қоса жазбаша түрде байланыс 

жасауда  тиімді.  Жазбаша  ескертпе  қағаздар,  ұсыныстар  олардың  тапсырмаларды  ой-

елейнен өткізуге мүмкіндік беріп, белгілі бір орындау тәртібін ұсынады. 

         Ата-аналарды топ өміріне баулу әр түрлі бірлескен әрекет түрлерін мекемелер мен 

сауық  кештерін,  отбасы  аралық  спорттық  сайыстар  ұйымдастыруға  көңіл  бөлінеді. 

Мүмкіндігінше  ата-аналарға  психологиялық  көмек  бөлмелерін  ұйымдастыру. 

Балалардың қызығушылық қабілеттерін ата-аналармен бөлісу. 

          Қорыта  келгенде,  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  отбасы  баланың  жан-жақты 

дамуының маңызды екі негізі болып табылады.    

 

 



ЯЗЫК, ИЗУЧЕНИЕ И ПРЕПОДАВАНИЕ 

 

Аукешева А.С. 



мини-центр при ОСШ №8, г.Караганда 

 

Бұл  мақалада  шет  тілін  оқытудың  негізгі  мәселелері  қарастырылады.  «Тіл» 



түсінігінің негізгі анықтамалары қарастырылады. 


жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау