158
салихалы ақылдыққа насихаттап отырады. Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің
алтын ұрығы – жыр-өлеңнің бірінші бастамасы – «Бесік жыры» десек, бұнда қазақ
қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен
арманы бейнеленген.Өз елінің дінін, рухани мәдениетін білген адам, біртіндеп әлемдік
мәдениетті үйренеді.
Ендеше, бұл қасиет бала тербеткен ананың әлдиімен, әженің ертегісімен,
отбасында айтылып отырылатын мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз-әңгімелерімен бала
бойына дарытылып, сол арқылы ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға деген
қызығушылық танытып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Демек, аталған жұмыс баланың
шыр етіп дүниеге келген кезінен бастап, жас ерекшелігіне байланысты біртіндеп
күрделеніп отырылуы керек.
Сондықтан балаларға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі,
ұғынықты келуі әрбір ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуынақажететеді. .
Бала күнделікті өмірде музыкамен етене араласады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. www. Government.kz.
2.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии /Пер. с араб. АН Республики Казахстан.
Институт философии. Отв. ред. Бурибаев М.С.- Алматы, «Ғылым», - 1993-456 с.
3.Ибн-Сина. Избранные философские произведения. /Пер. с араб. М.: Наука, 1980
БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ, БАЛАБАҚША МЕН АТА-АНАНЫҢ
МІНДЕТІ
Анарбекова Н. Т.
Қарағанды қаласы №134 “Гауһар” балабақшасы
Қазақстан Республикасының Білім жүйесінің реформалау барысында әрбір
баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай
жасау аса маңызды міндет. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір
дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып
отыр. Мектепке алғаш бару- бала өміріне үлкен жаңалық, өзгерістер енгізеді,
қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп- жетілуінің бір бастамасы.Баланы мектепке
дайындау дегенді көптеген ата- аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана
шектеледі.Мектепке дейінгілердің негізгі іс- әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден
оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады.Яғни осы кезде әрбір, ата- ана
өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтарды айтып, баланың мектепке деген
жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең
бастысы баланы жолдастарымен қарым- қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен
санасуға үйрету болып табылады.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала
педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз
159
эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-
ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан
даярлауды қарастыру қажет. Мектепке дейінгілердің өз- өзіне қызмет ету дағдыларын
меңгеру- өнегелі, жігері, дербестік және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің
тиімді жолы.Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, дайындаудың психологиялық-
педогогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға
келтіруге болады. Мектепке жетілдірудегі тәрбиеші мен психологтардың
әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың алғашқы мектепке, оқуға бейімделуі,
сынып ұжымы немесе балалардың жайлы психологиялық ақпаратты алуы болып
табылады.Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану
күрт өседі. Мұны атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы
бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда
нұсқауды он-он екі рет жиі орындайды.Сонымен баланың мінез- құлқын реттеуде
сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін
қалыптасады. В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтияр зейінінді меңгере
бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала
береді.
Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде
жекелей өзгерістер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді:
Балалар бір- бірін ақыл- ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратады.
Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау білім беру мекемелерінің
бірінші балабақшаның ең негізгі міндеті болып табылады.
Мектепке оқуға қабылданар баланы мектепке болмысқа ендіру, толыққанды оқу
әрекетін қалыптастыру- мектепке дейінгі өтпелі кезеңге тән псикалық дамудың барлық
жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу- тәрбие үрдісін осы жастың
психологиялық ерекшеліктерімен катаң сәйкестікте жүргізуді қажат етеді. Сондай- ақ
мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңінің зерттеу мәселесі мектепкетегі
оқу- тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсатты
баланың мектептегі оқуына берік тұғырлы қамтамасыз ету. Ол талаптар тәрбиеші
талаптары мен мұғалім ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу
іскерлігінен көрінеді.Екі кезеңнің арасындағы дағдарыстың бала психикасына әсері
із- түзсіз жоғалып кетпейді.
Мектепке оқытуға баланың психологиялық даярлығы- мектепке дейінгі балалық
шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындылардың бірі. Ендігі жерде мектеп
жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-
ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіру түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-
ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса
маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет
болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі
жүреді. Даму үрдісінде балалың танымдық белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар
заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын,
пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай
тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге