154
Тренинг
басқа
адамдарды
терең
түсінуге
көмектеседі;
өз
бейнесін қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өзін байқауға, өзіндік
санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері балаларды әлеуметтік ортада басқалармен
тіл табысып өмір сүру тәжірибесін қалыптастырудың ең тиімді жолы екені
дәлелденген. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оқушылардың
оң мінезін тәрбиелеуге ашық-жарқындығын қалыптастыруға, басқаларға ұнамды болу
жолдарын үйретуге кеңінен қолданылады.
1. Топ жұмысының бастапқы кезеңі.
Танысу тренингі. Мақсаты: балаларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға
келтіру және тренинг тобында барлығын толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-
қатынас жасайтын жағдай жасау.
Бірінші тренингте қатынасушылар өздеріне есім тандап алады да сол атымен
тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала
өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне
психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын, өсімдіктер
мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады.
Психологта өз атын немесе басқа бір атты таңдап алуына болады.
Осы жерда айтатын бір мәселе, тренинг барсында барлығы бір-біріне Сен немесе Сіз
деп айтуын келісіп алуы қажет. Егер балалардың жасы кіші, ал психолог олардан көп
үлкен болса, балалардың оны Сен деп атауы өте қиын, кажеті де жоқ. Сондықтан бұл
мәселенің басын ашып алу керек.
Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол
аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады (допты бір-біріне
бергенде өз патрнерының атын атап, оған бір ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досын
презентация жасау т.б.). Бірнеше жаттығуларға тоқтап өтейік.
"Бұдан да тағы жылдамырақ бола ма?" 15 минут.
Жаттығудың мақсаты: аз уакыт ішінде топ есімдерін есте сақтау.
1. Топ мүшелері көздерін жұмып ақырындап жүре бастайды (бip-бipiнің аяқтарын
баспай,
қолдарын
сермемей,
итеріспей
мұқият
болуларын
қадағалау).
Топ жақсы араласқан соң "тоқта!" дейміз.
2. Бәpi көздерін жұмып тұрады. Ciз ойынды бастайсыз, бip ойыншының eciмін
атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, бipeyгe қолын тигізіп, оның eciмін атайды.
Ойынға тартылмай және барлығының eciмi аталмай қалмауын қадағалаңыз. Eндi топқа
уақытты белгілеп қойғаныңызды, белгіленген уақыттан да жылдам ойнауын сұраңыз.
3. Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз: Eciмi аталған ойыншы тізерлеп
отырады. Бұл - оның eciмi аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын барысында есімдер
қайталана бермейді.
4. 0йынның әр кезеңінен кейін қортынды жасаңыз. Осы кезеңге ойыншыларға
қанша
уақыт
қажет
болғанын
айтыңыз,
ол
уақытты
алдағы
қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.
Нұсқау. Ойыншының бipeyi басқасының eciмін атаған соң, оның қолын алу керек.
Әpi қарай олар үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның
155
артықшылығы eciмi аталмағандар бipдeн көзге түседі. Ойыншылардың бәpi қол
алысқаннан кейін ғана ойын бітеді.
Жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау. Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз eciмi қандай әріптен
басталса, сол әріптен басталатын өзінің 3 қасиетін және өз есімін
кезекпен айтады. Сонымен бipгe өмipлiк кредосын да айтады.
Қазақтың ұлттық ойындарын тренингтік сабақтарда пайдалану ерекшеліктері.
1. Сәлемдесу рәсімі. Балалар екі шеңбер – бірі ішке, екінші сыртқа жасап – бір-
біріне қарап тұарды да, ақырын ішкі не сыртқы шеңбер жылжи отырып, бір-біріне
күлімдеп, қол беріп шығады.
2. Тауқырайдай.
Балалар бірінің қолы бірінің басына жетрліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады.
Тренинг жүргізуші: «Тауқырайдан - тауқырайдан»-деп, айта түседі де өз басындағы
тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көрші де ол сөзді қайталап оң
жағындағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мезетте тренинг
жүргізуші көзін жұмып отырады да: «Тау-тау»-деп, басын өз қолымен баса қояды.
Әркім тақияны өз басында қалдырмауға тырысуы керек. Ойын барлық бала басына
тақия киіліп өткенінше жалғасады. Ойын аяқталған соң, балалардың талқылауы үшін
мына сұрақтар беріледі:
- Тақия басына киілгенде не ойлай қалдың?
- Тақияны басқаның басына кигізген соң өзің не ойладың?
3. «Қандай сөздерге мен қуанамын?». Тренинг жүргізуші тақырып сұрағын
балаларға айтып, сол сөздерді іздестіруге кіріседі. Біреуі: «рахмет» деген сөз деп қоса,
жүргізуші оны ары қарай тиянақтай түседі. Ол сөзді қалай әдемі айтуға болады?
Жауаптардың жиынтығы: асықпай, адамға жақындап келіп, бетіне тура қарап айту
керек. Адамның есімін атап беріп «рахмет» деп айту керек. Осылайша пікірталас
жалғаса береді.
4. «Айгүл бүгін балабақшаға өзінің ең әдемі қуыршағын алып келген екен» ойыны.
Тренинг жүргізуші алдын ала Айгүлдің өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да
қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Айгүл балалрды әрқйсысының
өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек.
Ал балаларға жүргізуші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып,
ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге, тыңдауға,
қарсы жауап таба алуға, сендіруге, иландыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе
алуға үйренеді.
Тренингтік сабақтың соңында қорытындылау, жалпы талдау жүзеге асырылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.
Алматы,1994.
2. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. — Алматы, 1996.
3. Мухина B.C. Детская психология. — М., 1992.
4. Урунтаева Г.А. Диагностика психологических особенностей дошкольника.
- М., 1999. - с.34-44, 76-79.