Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет77/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   472

 

160 


 

талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле 

қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғаларды 

құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар 

туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өткені олардың түсінігінше, 

ересектердің білмейтіні болмайды. 

 Баланың  мектепке  даярлығы  оқып-  үйренуді  құрайтын  біртұтас  сапалар 

жиынтығынан тұрады деген тұжырымда қуаттайтын психологтар  А.Н. Леоньтев В.С. 

Мухина,  Л.А.  Венгер  мектепке  даярлық  ұғымына  баланың  оқу  тапсырмаларын 

түсінуін;  орындау  тәсілдерін  меңгеруін;  өзін-өзі  бағалай  және  бақылай  алуын; 

мұғалімді тыңдап, материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады. 

Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатын, көбінесе, оқу және 

жазу  іскерліктерінің  шамасы.  Ал  баланың  жаңа  ортаға  түсуіне  байланысты  көңіл- 

күйінің сипаты; сынып- сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері: жазба 

білімдерді  қабылдап,  игеруге  қажет  таным  процестерінің  даму  деңгейлері  тексеріле 

бермейді.  Бұдан  шығар  қорытынды-  баланың  мектепке  оқуға  даярлық  көлемінің 

педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығында.Мектепте жақсы оқуы үшін балада 

қарым- қатынастың формалары қалыптасқан болуы керек. 

Балаларды  мектеп  өміріне  тарту  бірлескен  іс-  әрекет  барысында  жағымды  күй 

қалыптасуын  қамтамасыз  ету,  ата-  аналардың  қанағаттануын  негізгі  көрсеткіштері 

мыналар: 

- балаларды мектеп алды  даярлық сабағына барғаннан кейін жағымды күй; 

- балалардың   мұғалім мен және құрдастарымен жақсы қарым- қатынасы деңгейімен 

қанағаттану; 

Мектепке  түсу  балалардың  логикалық  есін  дамытуда  үлкен  роль  атқарады. 

Балалардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере 

отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетінше 

таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу 

керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді 

қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде 

бұған  жөнді  түсе  қоймайды.  Мұғалім  мұны  қатты  ескергені  жөн.  Атақты  психолог 

ғалымдар  А.С. Запорожец И .Я. Лернерт Л.Д. Венгер т.б зертеушілердің еңбектерінде 

мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі 

іс-  әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы  шығармашшылық  белсенділік  сапалығына 

назар аударады. 

Мектепке  баратын  балаларды  зерттеу  үстінде  ғылыми-  зерттеу  жұмыстарына 

барлық  әдістерді  қолдануға  болады.  Бірақ,  кейбіреулері  күрделі  және  арнайы  бір 

құралдарды  қажет  ететіндері  де  кездеседі.  Сондықтан  сұрақнамаларды,  бақылауды, 

құжаттарды  таңдауды  және  психодиагностикалық  эксперименттерді  қолданады. 

Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою 

дамыту  жолдарын  белгілеу-  қысқа  мерзімді  диагностикалық  шара  болып  табылады. 

Балаларымыздың  бабалар  мұрасынан  тыс  қалмауға,  әлеуметтік  ортаның  тыныс- 

тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып,олардың санасын «ұлттық 

құндылықтарды  меңгерген  жаңа  дәуір  балалары»  моделіне  бағыттай  білу  қажет. 

Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік 



 

161 


 

заңдылықтарымен  қоса,  бабалар  аманатынан    хабардар,  салт-  дәстүр  мен  ауыз  

әдебиетінің  озық  үлгілерін  меңгерген  ұлтжанды,  ана  тілінің  нәрімен  барынша 

сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды. 

Мектепке  баратын  балаларға  ұлттық  құндылықтар  арқылы  әлеуметтік  орта 

нормаларын  меңгерту  адамгершілік  әліппесі,  мінез-  құлық  мәдениеті  туралы 

қарапайым  түсініктер  беру:  адам  табыстылығының,  саулығының,  бақытының  кепілі 

ұстамдылық, ал оның негізі- сабыр екенін ұғындыру; сабырлық туралы ұлы ойшылдар 

қазынасымен таныстырудың психотехниккалары. Баланың мектепке дайындығының 

кейбір  психологиялық  аспектілері  мектептегі  оқудың  басталуы-  бала  өміріндегі 

әлеуметтік  психологиялық  жағынанна  да  физиологиялық  жағынан  да  қиын  әрі 

жауапкерлілігі мол кезең. 

Бұл адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі жаң жағдай болып табылады. Сонымен 

қатар жаңа қарым- қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың 

бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше 

талаптар қоятыны белгілі. Ол баланың азын аулақ алған білімі талаптарды орындауға 

мүмкіншілік  бермейді.  Осындан  келеді  де,  баланың    мүмкіншіліктерімен  мектептің 

қоятын  талаптары  арасында  қарама-  қайшылықтар  туады.  Себебі  оқу  басталғанан 

жүктеменің  көлемі  өседі.  М.М.  Кольцова  өзінің  еңбектерінде  «Бала  мектепке  барар 

алдында  көру-  моторы  координациясы  біршама  дамыған  болуы  тиіс  және  қолдың 

саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген . Яғни, бала жүгіріп, секіріп 

допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, 

қыл-  қаламен  жұмыс  істеу  біліктілігі  дамыған  болуы  керек.  Балаға  сурет  салғызу, 

әртүрлі  заттарды  құрастыру,  ермексазды  илеу  баланың  саусақтарын  дамытып  қана 

қоймай, ойлау қабілетін де дамытады.Сурет сала алмайтын және ермексазбен жұмыс 

істей  алмайтын  баланың  жазуға  икемі  болмайды.  Кез-  келген  5-6  жастағы  бала  3 

минуттан артық жаза алмай тез шаршап қате көп жіреретін болады және 2-3 минут 

сайын  баланың  қолын  демалдырып  отыруды  қатал  есте  сақтау  керек.  Бала  жазу 

дағдыларын  меңгеруде  әрбір  жетістігін  мақтап  «Сенің  қолыңнан  келеді,  біз  саған 

көмектесеміз»,  «Сен  істей  аласың»  деген  сенімділік  сөздерді  жиі  айтуымыз 

керек.,өткені  қуатты  сөздер  баланың  көңіл-  күйін  көтеріп,  табысққа  жетуіне  үлкен 

әсерін тигізеді. 

Болашақ  ұрпақтың  ұлтан  емес,  сұлтан  болып  қалыптасуы  ұлттың  ұлылығын 

ұлықтайтын  асқақ,  нұрлы,  нәрлі  білімдерді  мектепке  дейінгі  мекеме  тәрбиешісінің 

нәзік те өршіл сезімдерімен қалыптастыра білу, баланы иландыру, танымдық тұрғыда 

жетелей білу іскерлігінде. 

Балабақшадаға әр баланың ата- аналары тәрбиешімен психологпен ылғи да үнемі  

байланыста болуы міндетті. Өткені баланың мектепке оқуға дайындау тек тәрбиешінің 

ғана  жүктелген  ғана  іс  емес,  ол  ата-  ананың  да  негізгі  міндеті  болып  табылады. 

Сондықтан ата- анамен  балаларының әр күнін қадағалап сұрап біліп отыруға міндетті. 

Баланың  жаңа  әлеуметтік  ортаға  жылдам  бейімделуі  арқылы  жетекші  әрекеттің 

нәтижелерінің  артуына  ықпал  етеді.  Мектеп  жасындағы  баланың  дамуы  түрліше 

жүреді,  мәселен,  бір  бала  тәрбиешінің  түсіндіргенін  ары  қарай  өзі  жалғастыр  алса, 

келесілері  өз  бетімен  жаңа  білімді  меңгеру  қиындық  келтіреді.  Қазіргі  таңда 

жобаланып  отырған  білім  беру-  баланың  жеке  тұлғалық  қасиеттерін,  танымдық 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау