162
қызығушылықтарын арттырып, алған білімін өмірде қолдану икемділігін
қалыптастыруды көздейді, сондықтан білім мазмұнын дамыту сипатында құру негізгі
білім әдістері ретінде анықталады.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды.Бірақ
кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепке
көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке
баруы мүмкін.Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан
кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды.
Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне өқызығуы қажет.Сонда ғана бұл баланың таным
қызығушылықтарының дамуына,жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.
Баланың мектепке оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырыта білу қажет.
Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі , математика секілді оқу
пәндерін үйретудің негізгі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің бар-
жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқуға дайындау өзекті мәселердің бірі
болып отыр. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі балаға да оның ата-
анасына да өте жауапкершілік кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш
ауыртпалықсыз әрі табысты кіріпкету үшін баланың дені сау және жан- жақты
даярланған болу керек.
Мектептепте оқу- бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге
жатады.: бала өміріндегі әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, жаңа қарым-
қатынастар, жаңа міндеттер, баланың жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы
саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясы, қарым- қатынасты белгіленген ара
қашықтықты, осы қарым- қатынастан құралатын ережелерді талап етеді. Мұнда
баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін ата-
аналар қандай іс- әрекеттерді таңдайтындығы; әрі қиын жағдайда тиімді, әрі дер
кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің бағалай алатындығы өте
маңызды роль атқарады.Әсіресе алғашқы күндер,айлар кейбір балалар үшін қиын
болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі болып жатады.
Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық,
мазасыздық, тұйық мінездік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге
сарандық және т.б өзгерістер болады.Осы тығырықтан шығу үшін балала ата-
аналарда тәрбиеші мен ппсихолог көмек көрсету керек.Бұлардың барлығы жүйкенің
шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе
қалпына келеді балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды көңіл- күйлері
көтеріңкі жүреді, ата- аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды
орындауға тырысады.Көптеген балалардың мектепке бейімделу үрдісі осылайша орын
алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып
табылады.: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру
қабілеті төмендейді. Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай
қабылдайды?Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің
басты себептерінің бірі баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі,
сондай- ақ оқыту үрдісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып
табылады.Балалар бақшасының мектепке дайындау жөніндегі жұмысы олардың
163
мектепке дайындайтын тобына көшуінен көп бұрын басталады.Балалар бақшасының
оқу- тәрбие жұмысының бүкіл жүйесі баланың мектептегі оқуға дайындығын
қалыптастыруды көздейді.
Психодиогностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты
жүргізілетін экперементтердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі
қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның
қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектепке
оқуға бейімделіп,қалыптасуына және дағдыларана байланысты. Кез- келген ата- ана
баласының өсіп- жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш
пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл- ойы мен
дене құрлысы жағынан жан- жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды.Мектепке
дейінгі ұйымда баланы мектепке дайындау тәрбиешімен ата- анамен бірлесе отыра
жүргізілетін іс- әрекет.Оларға іс- әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-
құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет
екенін түсіндіруі керек.
Сондықтан бұл кезең тәрбиешілер мен және ата- аналар, бала дамуына ерекше
мән беріп, оның ары қарай жетіліп, дамуы үшін жүргізетін болса,12 жылдық мерзімді
орта білімге көшуде алты жастан бастап оқытудың саяси және әлеуметтік мәніне
ықпал етуге болады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу оның жағымды да жарасымды мінез
бітістерін қалыптастыруда ата-ананың қызметі маңызды. Осындай маңыздылықты әрі
қарай арттыратын мектепке дейінгі мекеме мен мектепке дейінгі орталықтардың
міндеті. Себебі ата- аналарға педагогикалық білім мен кеңес бағыт- бағдар беретін
тәррбиеші екенін ұмытпауымыз керек. Отбасындағы тәлім- тәрбиенің мақсаты
баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерінің даму өрісін ескере
отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.Баланы тәрбиелеу, дамыту және
білім беру мәселеріне отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз болуы
қажет.Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту.Бұл
мақсаттар өзара тығыз байланыста болса ғана нәтижелі болады. Балаларды оқу
оқытуда жиі мадақтап баланың оқуға деген құлшынысын,табысқа жетудің
жағдайларын тудыру керек.Сабақ барысында бала бір орында отырудан әбден
жалығады.Оларға эмоциялық бәсеңдеу болған соң айғайлайды.Сондықтан сабақта
қозғалыс ойындарды тиімді қолданып, сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған
жөн.Баланың мектепке оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс
және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы ата- ананың, тәрбиешінің және
психологтың бірлесіп жұмыс істеуі.Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес
дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмірі сүру тіршілігін түбегейлі
өзгертеді..Яғни баланның мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «Мен»
дегенін қалыптастыра алып, жоғарылдан көріне алуы, баланың білімді табысты және
нәтижені игеріп келуіне ықпал жасайды..Түйіндей келе, Ы. Алтынсарин атамыз
айтқандай «Оқысаңдар балалар, шамнан шырық жағылар тілегенің алдыңнан іздемай-
ақ табылар» бұл ұлағатты сөз әр жеке тұлғаның қалыптасуына және ақыл- ойының,
таным үрдісінің дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.