Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет411/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   472

 

865 


 

міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер. 

Ойын  дегеніміз  -  жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл-күйін  көтеретін, 

ойландыратын  үрдіс.  Ойын-төзімділікті,  алғырттықты,  тапқырлықты,  ұқыптылықты, 

ізденпаздықты,  іскерлікті,  дүниетаным  өрісінің  көлемділігін,  көп  білуді,  сондай-ақ 

басқа  да  толып  жатқан  сапалылық  қасиеттерді  қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндігі  бар 

педагогикалық  тиімді  әдістердің  бірі.  В.А.Сухомолинскийдің  сөзімен  айтар  болсақ, 

«Ойынсыз  ақыл  ойдың  қалыпты  дамуы  да  жоқ  және  болуы  да  мүмкін  емес».  Ойын 

дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі 

жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ұлы педагог 

А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды 

тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, 

қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен 

қызығушылығын  тәрбиелейді,-  деп  қарастырады.Ойын  -  халық  педагогикасының 

құрамды  бір  бөлігі.  Ұлттық  ойындар  халықтың  әлеуметтік  -  экономикалық 

жағдайларына  байланысты  туып,  дамығанына  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарымен 

таныса  отырып,  көзіміз  әбден  жетеді.  Ойынның  да  өзіне  тән  мотивтері  болады.  Ол 

ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік 

сезім түрлерін де дамытады Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға 

ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де 

үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық 

болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға 

да  қызықты  жеткізе  алады  деп  ойлаймын.  Әрбір  сабақта  озық  технологияларды 

пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі 

үшін  білім  жинақтайды,  оқушы  үшін  сабақты  қызықты  ете  алады.  Жаңа  заман 

тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай 

алатын білімді адам. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның 

дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби тұлға» деп атап өткен. Тәрбиеші тек 

балаға  белгілі  бір  дағдыларды  қарапайым  үйретуші,  білім  элементтерінен  түсінік 

беруші  ғана  емес,олар  қуанса  бірге  қуанады,  мұңайса  себебін  таба  білетін  маман. 

Тәрбиешінің 

қызметі 


туралы 

славянның 

ұлы 

педагогы 



Ян 

Амос 


Коменский:"Мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті. Әрі тамашалығы соншалық, 

күн астында мұндай қызмет жоқ"-деп бағалаған.  

Тәрбиеші  өз  талабына  ұқыпты  болуы  қажет.Бала  тек  адамның  жеке  басының 

тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.Балабақша тәрбиешісі  жас ұрпақты 

жан-жақты дамытып,тәрбие беру,оны өмірге,еңбекке даярлауда педагогикалық білімді 

көпшілік  арасына  насихаттау  сияқты  әрі  жауапты,әрі  қадірлі  қоғамдық  міндеттер 

атқарады. 

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым    саласында  инновациялық  педагогикалық 

технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту 

мен  тәрбиелеуде  де  педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын 

ұғымдардың біріне айналды.   

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың 

ажырамас  бөлігі  болып  отыр.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 

тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы. Жаңа 




 

866 


 

заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту 

үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен 

қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру 

мекемелерінде  балалардың  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың 

педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу  сауаттылығына  да  байланысты.Яғни, 

педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-

жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  қазіргі    таңдағы 

әрбір  педагогтың  міндеті.  Қоғамдағы  қазіргі  даму  кезеңінде  мектепке  дейінгі 

мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру  - 

басты мәселенің бірі. 

Бала тәрбиесі –баршаның ісі. Отбасының да,балабақшаның да мектептің де мақсат 

-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі бала тез жетіліп келеді. 

Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып 

қалыптасуына  отбасының  тәрбиесі  аздық  етеді.  Бұл  орайда  бала  тәрбиесіндегі 

балабақшаның орны ерекше. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып 

көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің 

жұмысы  күрделі  де  қызықты.  Тынымсыз  еңбектің  жемісін  көру  үшін,  тәрбиешілік 

жұмыс  тәрбиешінің  бойынан-жігерлілік  пен  еңбекқорлықты  қажет  етеді.  Осы  ауыр 

жауапкершілікті қабылдаған тәрбиеші күндіз-түні тыным таппасы анық. Тәрбиші жігері 

оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей»таси құйылған 

білімі  мен  дана  тәрбисінен  көрінеді.Балалар  –өмір  гүлі.  Ал  гүлдер  ешқандай 

жасандылықсыз,  шынайылықпен  баптағанда  ғана  өседі.  Бала  зейінін  дамытып,  жеке 

тұлғаға  айналдыру  әр  тәрбиешінің  басты  міндеті.Қоғамдағы  қазіргі  даму  кезеңінде 

мектепке  дейінгі  мекемелердегі  білім  беру  жүйесінде  оқыту,  тәрбие  беру  үрдісін 

технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің 

тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. 

Ойын  ең  алғаш  баланың  қоғамға  әсер  етуді  қажетсінуі  қалыптасады  ,  ойынның 

жалпы мәніде осында.Ойын екі түрлі уақыттық бағытта дамиды: қазіргі және болашақ. 

Біржағынан  бала  бірден,  осы  мезетте  қуанышқа  бөленеді;  екінші  жағынан  ойын 

әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне 

ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Ойын жөнінде 

айтылған  философиялық  көзқарастар  әлем  мәдениетімен  тығыз  байланысты. 

Сондықтан  да,  қазіргі  замын  талабына  сай  бала  тәрбиесінде,  балалар  ойындарына 

ерекше мән беріліп отыруы тиіс. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі 

мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты болып табылады. Ойын дегеніміз- жаттығу, ол 

арқылы  бала  өмірге  әзірленеді.  Ойын  мектеп  жасына  дейіңгі  балалардың  негізгі  іс-

әрекеті болып табылады.  

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының 

ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-

талғамдарына  сүйенеді.  Баланың  бойындағы  білімділік,  танымдық,  шығармашылық 

қасиеттерін  аша  түсуді  көздейді.  Ойын  -  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын 

айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен 

қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау