871
өкілдерінің балаларына қазақ тілін меңгерту үлкен жолға қойылған. Осындай
бағытты ұстанып жұмыс жасап отырған қаламыздағы «Бәйтерек» балабақшасының
қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта, интернет желісіне қосылған компьютер,
электеронды құжат тасушы оқу құралдары т.б. орнықтырылған. Қазақ тілін үйретуде
арнайы сайт құрылып онда қазақ тілі маманының жылдық жоспарына сәйкес
жүргізілетін қазақ тілі оқу әрекетінің жұмыстары енгізеледі. Әр тақырыпқа сай
тапсырмалар, ойындар, дидактикалық материалдар, жаңа сөздер, үйге тапсырмалар,
кеңестер, ертегілер, өлең және тақпақтар енгізіледі. Және бұл сайтта ата-аналарға да
арналған тіл үйренуші парағы ашылған. Ата-аналар балаларымен қоса қазақ тілін
үйренуіне болады. Тіпті осындай қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы ата-
аналар баласының күнделікті іс – әрекетін Skype жүйесі арқылы көріп бірге қатыса
алады. Бірақ, оқу іс-әрекеті барысында сұрақ қоюға болмайды, себебі бұл балаларға
арналған оқу әрекеті. Бұл оқу әрекетінде баса назарда балалар. Ал ата-ана мазалаған
сұрақтарын ата-аналарға арналған блокта қойып, жауаптарын ала алады.
Қашықтықтан оқыту балабақшада тіл үйренуге үлкен мүмкіндіктер ашады.
Себебі, баласының қазақ тілін ерте жастан үйренуіне қызығушылық танытқан ата
–аналардың саны күннен күнге артуда. Ал бұл әрекетте қашықтықтан білім беру
технологиясы баланың ата-анасымен бірге мемлекеттік тілді үйренуіне жақсы
ықтимал болып отыр.
Қазақ тілін үйретуде қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы дәстүрлі
оқытудың тиімді жақтарын қамтып, оның жаңа қырларымен, көрсеткіштерімен
толықтырудамыз. Балаларға берілген үй жұмыстарын бала ата-анасымен бірлесіп
орындайтын болғандықтан, ата-анаға түсінікті болу үшін тапсырмалар екі тілде
беріледі. Жаңа сөзде қазақ тіліндегі аудармасымен, көрнекіліктерімен ұсынылады.
Қазақ тілін үйренудің жолдары бойынша кеңестер беріледі. Сонымен қатар осы
техника әдісі арқылы балабақшаға суық тиіп немесе белгілі бір отбасылық
себептермен қатынай алмай жүрген балалар да оқу іс-әрекетіне қатысады. Яғни,
белгіленген кесте уақытымен жүйеге қосылып, мұғалімнің жаңа оқу әрекетін
тыңдап, сұрақтарын қойып, мұғалімнің сұрағына жауап беріп, топтық жұмысқа да
қатыса алады, осындай әдістін көмегімен ол бала жаңа сөздерді үйренуге, яғни жаңа
тақырыптың меңгеруден қалмайды.
Қашықтықтан оқыту технологиясы баланың тек тілді меңгеруіне жол ашып
қоймай, оның жаңа технологиялық құралдарды ересектердің көмегімен дұрыс әрі
тиімді қолдануына, ой-өрісінің дамуына, өзіндік жұмыс, еркін ойлай, сөйлей және
қимыл іс-әрекет жасауына жағдай жасайды.
ҚББ-ді жаңа ғасырдың білім беру технологиясы деп айтып келеді. Оны білім
беру саласын жаңа қырдан дамытатын өзіндік сипаты бар білім технологиясы деп
қаруға болады. Жаңа технологияны балабақшада қолданудың жолдарын зерттеп,
бағдарлау әлі де болса қажет. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйренуде
осы технологияның тиімділігін арттыру, қолайлы жағдайлар жасау қажет деп
санаймын. Жаһандық білім беру заманында өз ана тіліміздің қадір қасиетін сақтап,
меңгерудің маңызын жоғалтпауды есте тұту әрбір қазақстандықтың бойтұмарындай
болса игі еді.
872
Мәңгілік елдің-болашағы да мәңгілік жарқын болуы айқын. Болашаққа білім мен
бастау құятын білім беру ордасындағы - ұстаздар. Кәсіби қызметтің еңбек субьектісі,
еңбек құралдары мен пәнін өзара байланыстыратын тұлғааралық қатынастар аясындағы
үрдіс ретінде қарастырылатыны белгілі. Сондықтан, еңбек қызметі мен оның жүзеге
асырылу шарттарын біріктіре негіздеу теориялық тұрғыдан маңызды болса, ал еңбекті
технологиядан бөліп қарау кәсіби қызметті дамытуда практикалық тұрғыда маңызды.
Олар біріге отыра, кәсіби құзырлықты қалыптастырудың ғылыми-практикалық негізін
құрайды.
Әрине, педагогика ғылымында кәсіби құзырлық ұғымы жалпы анықталған. Ал
тәрбиеші –педагогтың кәсіби құзырлығы-бұл оқыту мен тәрбиелеу барысында
қалыптасып, қашықытықтан оқытуды ата-аналармен жұмыста, педагогикалық тәжірибе
алмасу семинарларында кәсіби тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіби
маңызды қасиеттер жиынтығы, сонымен қатар, коммуникациялық құзырлықтары
жүйесін толықтыратын жүйеқұраушысы ретінде педагогтардың қашықтықтан оқыту
кезінде іске асырылып, кәсіби іс-әрекеттер барысында дамитын интерактивті сапа.
«Қашықтықтан оқыту» ұғымына ғылыми-әдіснамалық әдебиеттерде әртүрлі
анықтама берілген. алайда қазіргі таңда білім беру саласында қашықтықтан оқытуды
талдау, білім беру мекемелерінің көбінде қашықтықтан оқыту бойынша ақпараттық-
коммуникация құралдарын ғылыми-педагогикалық негізде қолдану тәжірибелерінің,
оның үстіне, ол бойынша зерттеулердің аздығын көрсетеді. сондықтан бұлжүйемен
мектепке дейінгі мекемеде жұмыс жүргізудің жолдарын толығырақ зерттеуден
өткізудің жолы ерекш маңызға ие.
Мектепке дейінгі мекемеде қашықтықтан білімберу арқылы қазақ тіліне оқытуды
тек балалармен жұмыста ғана өткізуді талап етудің қажеті жоқ. Балабақшадағы әр
баланың ата –анасы әртүрлі салада қызымет етеді. Қазақстанда мемлекеттік тілді 100%
меңгерген өзге ұлт азаматы санаулақ. Қазақ тілін меңгергендер мемлекеттік мекемеде
жұмыс жасайтында мен педагогика саласындағы мамандар деп айтуға болады. Ал
балабақшаға әртүрлі маман иесі баласын алып келеді. Сол ата-аналармен қазақ тілін
үйрену жұмысын жүргізсе, қазақстандық әр азамат мемлекеттік тілді құрметтеп,
сөйлейтін болады. Ата-аналарға қазақ тілін үйретуде жаңа ақпараттық
технологиялардың маңызы зор. Баласына берілген үй жұмысын орындау арқылы ата-
ананың сөздік қоры өседі. Туындаған сұрақтары бойынша қазақ тілі маманы ашқан сайт
арқылы немесе қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы сұрақтарын қойып, өзіне арнай
берілген тапсырмаларды алып орындауға мүмкіндік алады. Балабақшаға баласын алып
келіп, ондағы қазақ тілін үйренуге деген құлшыныстары оянған отбасылар көптін қасы.
Шындығына келсек, кезінде ана тілдің өзектілігі маңызды болмағаны рас. сол кездері
өзге ұлт азаматтары тұрмақ, қаракөз қазақтарымыз да өз ана тілін жатсынып,
менсінбегендігі туралы көптеген мақалалар жарық көріп жатты. Осындай жайттарды
естіп ішіміздің күйгені де бар. Ал, қазіргі таңда еліміздің біраз реформалары
қарастырылып, тіл жанашырларының арқасында қазақ тілінің мәртебесі көтерілді.
Балабақшаларда, мектептерде, арнайы орта білімдер мен ЖОО-да ана тілін білуге баса
талап қойылуда. Баласының болашағы жарқын болу үшін сапалы білім алғанын
қалайтын әр отбасы баласының балабақшадан тілдерді меңгергенін қалайтындығы
өзіміздің жүргізген сауалнамалардың көрсеткішінде байқалды.