787
3. Ата-аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.
4. Үлгілі ата-аналарды насихаттау.
5. Ата-аналар бұрышын жасау.
6. Ата-аналармен бірге отырып құрылған оқу-тәрбие жоспарын жасау.
7. Балаларды дамытудың диагностикасын жасау.
8. Күнделікті оқу-тәрбие жұмысына ата-аналарды тарту.
Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін әрі қарай жетілдіру
отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы
жүзеге асады.
Келесі ата-аналармен ұйымдастырылған «Ата салтым-асыл мұрам» атты байқау
ұйымдастырдық.
Бұл байқауда ата-аналар оқыту тәрбиелеу жұмыстарына декорация жасауға,
атрибуттар дайындауға, ертегілерді сахналауға бет перделер жасауға ат салысады.
Мұндағы көздеген мақсатымыз: балабақшаның оқу-тәрбие іс-әрекеті мәселесіне ата-
аналар көңілін аудару. Педагогикалық үрдісті жабдықтауға, қазақ халқының
мәдениетін, дәстүрін танып білуге белсенді қатысуын дамыту.
Бауыржан Момышұлы былай деген еді:
«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан
қорқамын,
екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп
бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден,дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп
келе жатқанынан қорқамын».
Көр, қолына мылтық берсең ата салады, теңге берсең ала салады, пышақ
берсең сұға салады, намыстанбайды бұға салады.
Кім-кімдіде болмасын, бүгінгі таңда алаңдататын мәселе-бала тәрбиесі.
Жүйелі ой, жинақы ықпал ету арқылы бала бойындағы жылт еткен
жаңалықты көре білу-бұл ата-ана мен ұстаз міндеті.
Бүгінгі күнде,біз ата-ана мен балабақшада бірлесіп жұмыс жасау арқылы
болашақ тәрбиеленушілердің келешегінен зор үміт күтеміз.
Қазіргі таңда, біздің өркен жайған бақытты заманымызда өмір есігін тұңғыш
ашқан
жас-сәби,
нәрестелерді
тәрбиелеп,
жақсы
әдет-адамгершілік
парасаттылыққа тән еңбекке баулып, абзал азамат етіп жетілдіру-әрбір ата-ананың
борышы. Ата-ана балаға өмір сыйлаумен бірге жан-жақты тәлім тәрбие береді.
Әрбір ата-ана баласының немен шұғылданатындығын, қайда барып, қайдан келе
жатқандығын, кімдермен дос болып бірге жүретінін назардан тыс қалдырмауы
тиіс.
Отбасы мемелекеттің кішкентай ұясы болса, балабақша-тәрбие ошағы.
Міне, осы екеуі тығыз байланыста болып, балаға біріңғай талап қойылса, тәрбиенің
нағыз ықпалды түрі болып табылады.
Біздің балаларымыз-ертең бұдан да қызықты өмірді өз қолдарымен жасаушылар.
Біздің қоғамда бүгін мен ертеңнің арасында ешқандай үзіліс жоқ. Ертеңнің шынайы
адамдары арамызда өсіп келеді.
788
Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, адамгершілік сынды құнды қасиеттерді
сіңіруде тәлім-тәрбиенің бесіктен кейінгі қасиетті ордасы-балабақша.
Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру сияқты ізгі істі балабақша
тәрбиешілер атқарады. Осындай игі шараларға ата-аналарды да жұмылдыру
тәрбиешінің басты парызы. Балабақшада баланың рухани-адамгершілік дамуы отбасы
мен бірлесе жұмыс жасаудың арқасында ойдағыдай жүзеге асады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын
атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ.Жас баланың үлкендер не істесе соны
істегісі келетінін, не айтса соны айтқысы кеп тұратынын бәріміз жақсы білеміз.
Балаларға үлгі-өнеге, жақсы қасиеттер отбасынан қалыптасатыны сөзсіз.
Ата-ана баламен тілдесуде,пікірлесуде бейпіл сөздерді қолданбай,дөрекі болмай,
мейірімді,табиғи, жылы,ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе,тәрбиеде үлкен
жетістіктерге жетеді.
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы және даму процесі отбасында
негізделеді.
Біздің балабақшада тәрбиешілер ата-аналармен бірлесіп қаншама жұмыс
атқарды.
Ата-аналармен бірге «Қош келдің,Наурыз» көрмесі, «Біз шебер қолдар»
байқауын,
«Жүйрік мақалшы» жарысын, «Анадан артық жан жоқ» спорттық жарыстар
өткіземіз.
Мақсатымыз: Ата-аналармен үнемі байланыста болып,бір-бірімізге көмектесу
арқылы келешек ұрпағымыздың дарынды,ақылды азамат болуына жол ашу.
Ата-ананың сөзін сыйлап,құлақ асу, пікірлес болу- отбасы тіршілігінің бір
ғанибеті емес пе. Сол арқылы бала ата-анасының мерейін өсіріп,өз ортасында төрден
орын алуына көмектеседі.
Тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен
балалардың жетістігі, әрекеті туралы айтып отырамыз.
Балаға қатысты барлық мәсәлелерді бірлесіп шешім қабылдаймыз.Тәрбиешілер
баланы жан-жақты дамытуға,оның білуге құштарлығын
арттыруда,есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын
байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі- бүгінгі күннің
маңызды мәселелердің бірі.
Сөз соңында- ата-анамен тәрбиешінің бірігіп жасаған жұмысынан нәр алған
жасөспірімдер
қоғамдағы
кемшіліктерді
білетін,бүгінгіні
түсінетін,
ертеңіне
сенетін,адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, рухани дүниесі бай
болуы ақиқат.
Сондықтан «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл»- дегендей болашақ ұрпақ тәрбиесіне
делсал қарамай, бірлесіп күш салу игі мақсатымыз.
Қолданған әдебиеттер:
1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.