681
білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді
көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық,
имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру
шешуші
роль
атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту
мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және
өз құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз
отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді:
айнала қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен
қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген
құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру,
дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған орта мен
байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Кез келген отбасы үшін баланың қуанышынан артық ешнәрсе жоқ екені анық.
Балалар жайы – еліміз үшін де басты мәселенің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа арнаған Жолдауында «Балапан» бағдарламасының басты бағыты мектепке
дейінгі тәрбие мен білім беру ісін жан-жақты жетілдіре түсу қажеттілігі айтылған.
Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы
бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы дені сау
етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келу педагогтардың тікелей
міндеті.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып
тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім
беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат – баланың жас
ерекшелігіне қарай балалар тарихы негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт-дәстүрді
бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың
әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ізеттілік, қонақжайлық
қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық
педагогикасын, салт дәстүрін , әдеп-ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай,
жаны таза адал жан болуы керек.
Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-
жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады.
Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен
нығайту және деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың
дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына
араластыру.
Балабақшадағы әрбір тәрбиеші –педагог оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі
нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен,
қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік
682
меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке
ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас
бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбиенің негізі, бірінші кезекте, әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып,
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын
ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен
өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге
мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы
ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс-шаралар мен тәрбие ісіне қатысты
тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын
қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе
отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Балабақша балаларының тәрбиесі мен білімділігімен қатар денсаулықтарын
нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы аясында
өткізіліп отырылуы қажет. Дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері де
жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық
еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа
тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл
бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін.
Осындай ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру
факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша
өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни
оның ағзасын шынықтырады. Ата-аналар мен бірге балалар дәрігері қатысуымен
балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру және қуаттандыратын дәрумендерді
қолдану көптеген шаралар өткізіліп ата-аналарға бағытты кеңестер берілгені жөн.
Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті
арқылы олардың ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа
тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түсе , балалардың бір-біріне деген
жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп
өсуде
екендігін
көрсетеді.
Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері: жазғықұмда жаланаяқ жүру,
суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру; қыс мезгілінде таза ауада серундеу,
шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа
төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен
спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты
көңіл күй сыйлайды. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар
көбірек ұйымдастыру, жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын
арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге
болады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала ағзасының қажеті. Ойында баланың дене күші
артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі,
тапқырлығы,
ынтасы
артып
жетіле
түседі.
Ойында
балалардың
ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып ұстамдылығы шындалады».