675
Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке
әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала
тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл
әңгімені жалпылай да өткізуге болады.
Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл
кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі
кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері
жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.
Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге
бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді.
Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы
мүмкін.
Конференция – түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның
тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету
– бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы
педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері
қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған
байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.
Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты –
оларды ата-аналармен және отбасы мүшелерімен мәдени қарым-қатынас жасауға
үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша
әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау;
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді
қамтамасыз ету;
Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог
тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау;
Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың
мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету;
Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары;
Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету;
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты –
отбасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді
ендіру, тәжірибеде қолдану.
Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын
игеру, озық тәжірибелерді ендіру;
Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс
қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер, дөңгелек үстелдер,
диспуттар, пікірталастар т.с.с.);
Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық жобасын
ұсынған педагогтарға қолдау көрсету.
676
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен
қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен,
отбасымен жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі
күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше
жыл бұрыңғы ата-аналар үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана
маңызды болса, бүгінгі ата-аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы
білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар
қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме
жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін
ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ҚР
МЖМБСтандарт;
2. «Білім беру» 2008 ж
3. «Педагогика»
кәсіптік
оқулығы
«Фолиант»
баспасы
Авт:
Ш.Х.
ҚұрманалинаБ.Ж. Мұқанова 257 бет
4. «Тәрбие құралы» журналы2007ж №5 69 бет
5. «Бала тәрбиесі» журналы 2008ж №10 46 бет, 2009ж №7 42 бет
6. « Отбасы және балабақша» 2008ж №6
ФОРМИРОВАНИЕ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ О КУЛЬТУРЕ ЗДОРОВЬЯ У СТАРШИХ
ДОШКОЛЬНИКОВ ЧЕРЕЗ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРОЕКТНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Куатова Г.А., Жаканбаева А.А.
Карагандинский колледж актуального образования « Болашақ»
В настоящее время одной из наиболее важных задач и глобальных проблем в
Казахстане является состояние здоровья населения. Под ним подразумевается
комплекс медико-гигиенических и социально-психологических характеристик жизни
людей: их физическое здоровье, уровень развития интеллектуальных способностей,
психофизический комфорт жизни. На физкультурных занятиях и досуговых
мероприятиях дошкольники приобретают двигательные умения и навыки, развивают
физические качества. Но приобретенный двигательный опыт не представляет большой
ценности, если у ребенка не будет сформированы представления о культуре здоровья.
В соответствии с государственным образовательным стандартом дошкольного
образования РК задачи формирования представлений о культуре здоровья
дошкольников указаны в образовательной области «Физическое развитие».
Актуальность темы обусловлена социально-педагогической значимостью
сохранения здоровья детей в дошкольном возрасте как условия их успешной
жизнедеятельности и готовности к школьному образованию. Анализ состояния
здоровья детей дошкольного возраста показывает, что за последнее десятилетие
количество абсолютно здоровых детей снизилось с 23 до 15% и увеличилось