Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет195/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   472

 

411 


 

Балаларға әрбір дыбыстың ауыз қуысында қалай орналасқанын «Тынымсыз 

тіл  туралы  ертегіні»  оқып,  ойын  түрінде  айтып  беруге  болады.  Балаларға  бас 

кейіпкер соңынан қайталау ұнайды, оған ұқсауға тырысады.   

Дыбыстарды жақсы меңгеру үшін оларды басқа дыбыстар тіркесінде, жаттығулар 

арқылы жаттықтыруға да болады. 

 

Қа-қа-қа – анамда бар алқа. 

Қу-қу-қу – көлде жүзді аққу. 

 

Сонымен  қатар  тән  дыбыстар  жиі  кездесетін  шағын  тақпақтар  мен 



жаңылтпаштарды айтқызуға, жаттатуға да болады. 

Мысалы: «қ» дыбысын анық, дұрыс айтуға үйрету. 



 

Қырық құлып, 

Қырық құрық. 

Құлып та қырық, 

Құрық та қырық. 

 

Қарға, қарға, қарғалар, 

Қар үстінде жорғалар.  

 

Ән  айту  арқылы  да  тіл  дыбыстарын  үйретуге  болады.  Әуен  арқылы  бала 



ақпаратты жеңіл қабылдайды. Ол өзінің қайталап, есіне сақтап үйреніп жатқанын 

білмей де қалады. 

Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  дәл,  анық  айтуда  дидактикалық  ойындардың  да 

маңызы  зор.  Себебі  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  ойындардың  алатын  орны 

ерекше.  Ойын  тіл  үйренуге  деген  қызығушылығын,  ынтасы  мен  зейінін  арттырады, 

тілдік материалды меңгертіп сөздік қорын молайтады. Мысалы, 

«Дыбысқа сөз ойла»  ойынында әр дыбысқа сөз ойлап айту керек: «ә» дыбысы – 

әже, әке, әтеш, әдемі, т.б., «қ» дыбысы – қоян, қасқыр, қаз, қол, т.б.  

Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  үйретуде  дәстүрлі  тәсілдерімен  қоса  балаларды 

инновациялық  әдістер  арқылы  да  қызықтыра  түсуге  болады.  Инновациялық 

технологиялар  –  тәрбиелеу  мен  оқытуға  қойылған  мақсаттарға  жетуге  бағытталған 

заманауи  әдістер  мен  ұтымды  тәсілдердің,  тәрбиелеу  мен  оқытудың  дәстүрлі  емес 

әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі  [2, 11б.]. Мектепке дейінгі ұйымдарда 

инновациялық технологиялар аз емес және олар оң нәтижелерге жеткізуде. Солардың 

бірі 


дыбыстарды 

есту 


арқылы 

дұрыс 


дыбыстай 

білуге 


үйретуде 

мультимедиаресурстары  –  бейне  көріністер,  аудиоматериалдар,  мультфильмдерді 

кеңінен қолдануға болады. Бала көріністі көреді, естиді, қайталайды, үлкен әсер алады, 

есінде  қалады.  Мысалы,  «Шикула»  баспасы  ұсынған  «Сиқырлы  әріптер  мен  сөздер 

әлемінде»  бейне-әліппесін  дыбыстарды  үйретуде  дайын  материал  ретінде  қолдануға 

болады.  

Интерактивті  технологияларға  «Сөйлейтін  әліппе»  интерактивті  плакаты  да  

жатады. Бұл плакат ойын түрінде баланы қазақ әліпбиінің 42 әрпімен таныстырады. Әр 




 

412 


 

әріптің  жанында тиісті сурет бейнеленген. Қосу тетігі арқылы ойын басталса, cөндіру 

тетігімен ойынды аяқтауға болады. Ойын сәлемдесуден басталып,  әріптерді үйренуге 

шақырады.  Әрпі бар суреттің қасында дөңгелек тетік бар, оны бір рет бассаңыз, тиісті 

әріпті естисіз. Ал екінші  рет  бассаңыз,  осы әріптен басталатын сөзбен танысасыз.  

Плакаттың    төменгі    жағында  ән    айтайық    деген  төртбұрыш  бар.  Оны 

бассаңыз,  қазақ тілінде  балаларға арналған әліппе туралы ән айтылады.  

Қорыта  айтқанда,  инновациялық  технологиялар  –  заманауи  әлеуметтік  мәдени 

жағдайда  баланың  тұлғалық  дамуында  динамикалық  өзгерістер  есебінен  оң 

нәтижелерге  жетуге  бағытталған  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  тәрбие  құралдарының 

жүйесі.  

Еліміздің  барлық  оқу  мекемелерінде  білімнің  жаңа  жүйесі  енгізіліп  жатыр. 

Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. 

Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті, 

қазір жалпы барлық білім беру ұйымдарында оқытудың инновациялық технологиялары 

қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде 

баланың  белсенділігін  арттыру,  өзіне  сенімділігін  қалыптастыру,  танымдық-

шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымдастырылған іс-әрекетте өз ойын еркін жеткізе 

білуге  үйретуге,  инновациялық  тәртіп  нормаларын,  белгілерін,  көрсеткіштерін 

анықтауға көмегін тигізеді. Ұсынылып отырған инновациялық технологиялар мектепке 

дейінгі  ұйымдардағы  педагогтер  қауымына  білім  беру  үдерісін  дамытуда,  заманауи 

ғылыми  деңгейде  ұйымдастыруға  көмектеседі.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  ересек 

жастағы балаларға инновациялық технологиялар арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды 

меңгерту өте тиімді. Қазіргі қоғамдағы ғылыми-техникалық үдерістен қалыспай, жаңа 

педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу 

– әрбір ұстаздың негізгі міндеті. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балаларға  мемлекеттік  тілді  оқытудың 

инновациялық әдістері. – Астана, 2014. 

2.  Ержанова  А.  Білім  беруде  ақпараттық  технологияларды  қолдану.  –  Алматы. 

2005.  


3.  Қазақ  тілін  оқыту:  жетістіктер  мен  жаңа  даму  бағыттары.  Республикалық 

ғылыми-әдістемелік конференция. – Алматы, 2011.  

 

 

ТРАНСФОРМАЦИЯ ТЕМПЕРАМЕНТА ПО МЕРЕ ВЗРОСЛЕНИЯ 



В ДОШКОЛЬНОМ ВОЗРАСТЕ 

 

Әбдірахман Г.С. 

КГКП я/с №6 «Алданыш» 

 

Темперамент – это психофизиологическая особенность, то есть его формирование 

складывается  на  основе  психики  и  физиологии  человека.  Он  дается  от  природы, 

отражает наследственность и проявляется еще в младенчестве. Можно понаблюдать за 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау