Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет76/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   262

157 

 

мнемотехнологияны  пайдалану  қазіргі  таңда  өте  тиімді.  Балалармен жұмыс істеуде 



дидактикалық материалдар ретінде мнемокестелерді пайдалану ерекше орнын алады. 

Мнемокесте бұл белгілі бір мәліметтері бар сызба. Мнемокестенің дидактикалық 

материалы белгілі бір ақпарат жасырылған сызбалар болып табылады. 

Мнемокестелерді   жұмыста   пайдалану   уақытты    үнемдейді   және 

төмендегі 

міндеттерді шешеді: 

 



қабылдау,  есте  сақтау,  зейін,ойлау  т.б.  психологиялық  процестерді 

дамытады; 

 

символдар мен белгілер арқылы затты белгілейді,яғни ақпарат жинақтайды; 



 

ақпаратты белгілеу, яғни бейнені символдар арқылы жадыңда сақтау; 



 

шығармадағы  мәліметтерді  графикалық  суреттермен  белгілеу  арқылы 



қолдың ұсақ моторикасын дамыту. 

Мнемотехникалық  әдіс  –  өлеңдерді,  алогоритмикалық  жаттығуларды  жаттаудың, 

әңгімелерді  сипаттаудың әдістемесі. Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін 

суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді  рәміздермен алмастыруға болады. 

Кейбір  жағдайда  сөйлемді  бір  сызбада  көрсетуге  болады.  Заттардың  сынын,  күйін, 

әрекетін  білдіретін  суреттерді  құрастырғанда  толық  түсіну  үшін  балалармен  бірге  ойнау 

қажет  және  эмоциялы  деңгейде  әрекетті  көрсетуге  болады.  Мектепке  дейінгілерді 

өлеңдерді  мәнерлеп  жаттауға,  шығармаға  сай  ырғақты  сақтауды  үйретеді.  Балалармен 

бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады. 

Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі: 

• 

аударма жұмысын өткізу; 



• 

тәрбиешінің сұрақтары; 

• 

суреттер қарау; 



• 

қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату; 

• 

сызбалар арқылы жаттау; 



Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады: 

• 

бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталау; 



• 

фонетикалық жаттығу орындау; 

• 

әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату. 



Мнемокестелермен жұмыс істеу бес кезеңнен тұрады: 

1. Кестені мұқят қарап және қандай суреттер салынғанын анықтау. 

2. Берілген символдарды оқып шығу. 

3. Бейнелерге сүйене отырып ертегіні әңгімелеу.. 

4. Графикалық суреттермен мнемокесте жасау.. 

5. Кестені балаға көрсетіп отырып бірге жасау. 

Тілді  дамытудың  соңғы  нәтижесі,  ол  –  ең  кереметтің,  күштінің  және  қиынның 

көрінісі,  яғни  адам  өз  тілінің,  өзінің  байланыстырып  сөйлеу  тілінің  жемісі  болып 

саналады.  Байланыстырып  сөйлеу  тілі  сөз  қорының  байлығын,  тіл  заңдылықтары  мен 

мөлшерін,  яғни  грамматикалық  құрылымын  меңгеру,  сонымен  қатар  оларды  тәжірибеде 

қолдануға  әкеледі,  ал  тәжірибелік  білім  тіл  материалын  меңгере  білуіне,  соның  ішінде 

толық,  байланыстыра,  бірізділікті  және  қоршаған  ортадағы  жағдайларды  қарастыруда 

дайын мәтіннің мазмұнымен немесе өз бетімен байланыстырап мәтін құруға итермелейді. 

Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай 

ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы 

меңгерсе  ғана  кез  келген  сұраққа  толық,  мәнді  жауап  бере  алады.  Ғалымдардың 

зерттеулері  бойынша  мектепке  дейінгі  және  кіші  жастағы  балалардың  тілін  дамыту  тек 

қарапайым ситуациялық түрде ғана көрінеді. Бала мақсатсыз түрде ойындағы жалғыз  бір 

көріністі бір ғана сөзбен сипаттайды. Басқа да ой елегінен өткізіп, толық, мәнді айту оның 

ойына  келмейді,  тек  сұрақты  жаудыртсаң  ғана  сол  сұрақтарға  нақты  жауап  беруге 

тырысады  не  бірден  ойын  толық  жеткізуге  тартынады.  Сол  себептен  балада  өзіне  деген 

сенімсіздік пайда болады. Балаға өз ана тілін меңгерту мектепке дейінгі  берілер білімнің 




158 

 

маңыздысы  болып  табылады.  Ол  қазіргі  мектепке  дейінгі  білім  беру  ісінде  бала 



тәрбиесінің негізгі  іргетасы ретінде бағаланады. Мектепке дейінгі баланың тілді меңгеру 

үдерісі  үлкендер  және  балалармен  қарым  –  қатынас  жасауымен  және  қоршаған  ортаны 

тануда,  өзінің  ойы  мен  сезімдерін  толыққанды  айта  білу  мүмкіндігімен  тығыз  

байланысты. Соңғы жылдары балалардың сөйлеу деңгейлері дамуының төмендеуі ерекше 

байқалуда.  Ең  біріншіден  бұл  балалардың  денсаулығының  нашарлауымен  байланысты, 

бұл фактор олардың (сөйлеу деңгейлері) дамуына тікелей әсер етеді. Тілдің жақсы дамуы 

– мектепалды дайындықтың негізгі көрсеткіші болып табылады. Баланы мектепке жақсы 

дайындау,  сауатын  ашудың  негізін  қалау  тілді  ауызша  дамыту  үдерісінің  сапасына 

байланысты. Тілді дамытуға: 

• 

сөйлеу үлгілерін беретін тілдік орта; 



• 

тілдік белсенділік; 

• 

балалардың өзінің тілдік тәжірибесі қажет. 



Мнемотехникалық  әдіс  –  өлеңдерді,  алогоритмикалық  жаттығуларды 

жаттаудың,  әңгімелерді  сипаттаудың  әдістемесі.  Осы  жастағы  балаларға    өлеңдер 

жаттауда  сөйлейтін  суреттерді  қолданған  қолайлы.  Өлең  жаттауда  әр  сөзді  рәміздермен 

алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың 

сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен 

бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. 

Мнемокестемен  жұмыс  істеу  тәсілдерін  меңгеру  оқытудың  уақытын  біршама 

азайта отырып, тақпақты жатқа айту,әңгімелеп беру, шығарманы мазмұндау дағдыларын, 

балаларда ойлау, қабылдау, қиялдау, есте сақтау т.б псиихикалық процестерін дамытады. 

Сол  сияқты,  ақыл  –  ойын  дамыту,  жылдам  ойлауға,  салыстыра  білуге,  ұқсастықты  таба 

білу іскерліктерін арттырады. 

Мектепке  дейінгі  бала  есте  сақтау  мен  қабылдауы  жоғары  қабілетімен 

ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру 

үшін  қолайлы.  Сонымен  қатар  дыбыстық  және  көру  қабілеттері  де  дамиды.  Мектепке 

дейіңгілердің  жас  ерекшеліктеріне  қараса,  осындай  қорытындыға  келуге  болады, 

сөйлейтін  суреттерді  пайдалану  әңгіме  құрастырғанда,  өлең,  логоритмикалық  жаттауда 

жеңілдетеді  және  есте  сақтау  процесін  тездетеді.  Есте  сақтаумен  жұмыс  әдістерін 

қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді:  «Жаттағанда жаз, 

сызба,  диаграммалардың  суретін  сал,  кестелерді  сыз».  Сөйлейтін  суреттер,  сипаттау 

сызбалары  қызығушылық  тудырады  және  проблеманы  шешуге  көмектеседі.  Таңбалы 

рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. 

Графикалық  аналогия  –  бұл  солардың  белгілеріне  жалпы  бойынша  бірнеше  бейнелердің 

немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы. 

Әсіресе  6-7  жастағы  балалардың  тілдің  дамуында  ерекше  маңызы  бар.  Балаларда 

танымдық белсенділік арттылады. 

Баланың  тілін  дамыту  үшін  6-7  жастағы  балалар  шағын  әңгіме  құрастырады, 

өлеңдер,  aлогоритмикалық  жаттығулар  жаттайды.  Әңгіме  сипаттағанда,  өлең, 

логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық 

әдістің  міндеті:  қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  дұрыс  ай  тылуын  жаттықтыруы,  сөз 

қорының  байытуы,  белсенуі  мен  бекітуі,  сөйлеудің  грамматикалық  дұрыстығын  жүзеге 

асыруы және тілдің дамуы. 

Ересек  топтан  бастап  балаларда  қоршаған  әлем  туралы  түсініктер  бар  болғанда, 

таңбалы  рәміздерді  құрастыруға  өздеріне  жасауға  болады.  Бала  өзі  таңба  жасайды,  одан 

кейін  мұғалім  сәйкес  келетін  рәмізді  таңдап  алады.  Заттардың  белгілері  мен  күйін 

(көңілді,  ызалы,  аянышты,  т.б),  іс-әрекетті  білдіретін  таңбалы  рәміздерді  құрастырғанда 

толық  түсіну  үшін  балалармен  ойнау  және  эмоциялы-ымдық  деңгейде  әрекетті  көрсету 

қажет.  Әңгіме,  өлең,  логоритмикалық  жаттаулар  жаттағанда  әрбір  дыбысталатын  сөзді 

алмастыруға болады. Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді  суретте көрсетуге 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау