438
шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік
өсулермен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компанентін анықтай отырып, ол адамның
алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін айтады.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім
беретін оқу орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі
өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда
жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу
қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту
болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді.
- жұйелі ойлауды;
- құқықтық ақпараттық мәдениетті;
- кәсіпкерлік мәдениетті;
- өзін-өзі тануды;
- басқаларға ұсынуды;
- өз қызметін білімді талдауды;
- жаңа білімді;
- нано технологияларды меңгеруді;
- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;
- әр іске жауапкершілікпен қарауды;
- нәтижеге бағытталған істерді жасауды.
Осыған орай мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік, арнаулы құзыреттілік деп
топтарға бөлінгенін қарастысақ олар:
Негізгі құзыреттілік - сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар бойынан
табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды.
Жалпы кәсіптік құзыреттілік - әр сала манының кәсіби мазмұнына сай
қарастырылған.Құзыретті
маман даярлау мақсатында
«білім
алушылардың
білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайлана отырып, бқл оқыту технологиясы
бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше
жұмыс жасау қабылетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы
бәсекеге
қабылетті
маман
ретінде
дамуына
көмектесу.
Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық
технологияларды қолдана алу (мультимедиа, смартмедиа, электрондық пошта, интернет)
мүмкіндіктерін, бұған қоса студент пен педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі
түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын,
қолдану қабылеттерінің басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін,
қоғамдық міндеттерге тұрықты қарауын талап етеді.
Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы екенін әрдайым есте
сақтаған жөн. Өйткені елеміздің саяси – экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі
өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз ісінің шебері,
бәсекеге қабылетті, кең ауқымды, жан-жанты дамыған маман дайындауға ұмтылу- кәсіби
білігі мол педогогты қажет ететін заман талабы екенін тағы да жүрегінде жазып алуы
керектігін талап етеді.
Кәсіби құзыреттілік - жете білушілік ұғымын енгізудің қажеттілігін, оның
мазмұнының кеңдігімен, интерактивтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби
мүмкіндіктер» деген түсініктерді білдіреді. Педагогтың құзыреттілігі 1-ші орынға
ақпараттық сауаттылығын, мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Құзыретті
педагогтан өз ісінен шеберлікті, жақсы оқытушы болу үшін мамандығына қажетті
қабылеттіліктерді және жалпы әлемдік мәдениетті сонымен қатар өз елінің мәдениетін,
интегралды үдерістерді меңгерген, әлемдік білім кеңестігінің өресінен шыға алатын
талпынысы жоғары, шығармашыл болуы керектігін талап етеді.
439
Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында педагогтың
инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формациядағы оқытушының инновациялық
іс-әрекетінің кезеңі. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс –
нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдардың, теорияның, әдәс-
тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс, қоғамның педагогокалық
құндылықтарға сәйкес жаңа ақпараттық технологияны меңгеруі, қолдануы. Қоғамдағы
білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне
еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық
технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа
инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман
әзірлеуді жүктеп отыр.
Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің
көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа
мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі,
мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып
табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында«Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»- деп атап көрсетілген. Сонымен қатар,
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп
атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін
көрсетеді. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр
педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық
технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс
істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық – технологияларды
қолданудың қажеттілігі туындайды.
«Нағыз оқытушы» - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды
айтамыз.Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу – кәсіптік білім
беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді
замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып ,өндіріске,өнеркәсіпке жаппай аттандыру
кезек күттірмейтін мәселе.Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім,соның
ішінде ол педагог алдына койылған, жуктелген – міндет екенін ескере отырып,кәсіптік
білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пәндерді оқытуда алға қойып,
ақпараттық
технологияны
ұдайы
қолданып
студенттердің
білімін
көтеруге
жұмыстанудамын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту- білімнің жүйелілігін,
бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында
студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек.
Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен
әдістемелік жуйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейім, нәтижеге
бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке
қажетті кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда,
білім алу нәтижесіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы.
2.
Н.Ә.
Назарбаев
«Қазақстан
халқына
Жолдауы».
Елбасының «Қазақстанжолы» – 2050