432
генераторов, определение индуктивности в контуре, при которой получается резонанс, и
т.д.
Ясно, что речь идет об использовании интереса к профессии, специальных знаний,
производственных навыков и умений для развития у учащихся познавательного интереса
к предмету, широком применении практических примеров, связанных с данной
профессией, для конкретизации математических закономерностей, а также о применении
знаний по математике при изучении предметов профессионально – технического цикла.
Можно отметить, что достоинство таких задач в том, что эти задачи нестандартны,
и их решение будет приучать учащихся к применению полученных знаний в новых
условиях.
СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
1.
Денисова М.И., Беспалько Н.А. Применение математики к решению
прикладных задач // Математика в школе – Педагогика. – 1981. – С.28 – 29 (№2).
2.
Мышкис А.Д., Шамсудинов М.М. К методике прикладной направленности
обучения математике // Математика в школе – Педагогика. – 1988. – С.12 – 13 (№2).
3.
Рахматов Н.Х. Иллюстрация математических методов на прикладных
задачах // Математика в школе – Педагогика. – 1989. – С.32 – 34 (№2).
4.
Семкин А.В. Обучение математическому моделированию в колледже
технического профиля // Методическое пособие. - Кокшетау. – 2007. – С.5 – 6, С.63 – 64,
С.131, 152.
5.
Терешин Н.А. Прикладная направленность школьного курса математики //
Просвещение. – 1990. – С. 33 – 34.
Колледж студенттерінің бойында зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру
А.М. Коранова, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық
колледжінің оқытушысы
Қарағанды облысы, Саран қаласы
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі –
білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық
технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді
шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез елген мемелекеттің
экономикалық жетістігі сол елдіің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне
байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның инттелектуалдық капиталы мен
инновациялық әуелеті қалыптасады.
Бұл мақсатты жүзеге асыруда елміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын
айқындайтын Білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемелекеттік
бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге мәлім [1].
Бағдарлама бірнеше мақсаттар мен міндеттерден туындап отыр, соның ішінде,
техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: қоғамның және экономиканың
индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, педгог мамандығының
беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [1].
Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың
әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін
педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын,
жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа
басымдықтар – гуманистік педагогика, студенттердің тұлғалық әуелетін анықтау және
433
дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың
ереше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие
жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман
болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер маман даярлау
мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар,
психологтар еңбектерінде көрініс табуда.
«Құзыреттілік» түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел
әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзырет ұғымы «лат. – жетемін, лайықпын» екі
мағынада түсіндіріледі: заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер
шеңбері. Белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Ш.Т. Таубаева құзыреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан
және өздігінен іс – әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге
негізделген жеке тұлғаның іс – әрекетке даярлығы және жалпы қабілеттермен байқалатын
интегралды қасиетін түсіндіреді.
Н.В. Кузьмина педагогикалық іс- әрекет негізінде құзыреттілікті «тұлғалық қасиет»
деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзыреттілік мәселесіне, М.В.
Прохорова басқарушылық құзыреттілікке көп көңіл аударады.
Л.М. Митина өз зерттеулерінде «педагогикалық құзыреттілік» ұғымының «білім,
білік, дағдыны және оларды іс – әрекетте, қарым- қатынаста, тұлғаның дамуында іске
асыру амалдары мен тәсілдерін» камтитынын ашып көрсетеді [3,42б].
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның – қазіргі
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық
белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін
сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер
болып табылмақ.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді тұйықтай келе болашақ педагог бойына
зерттеушілік құзыреттілікті бірнеше жолмен қалыптастыруға болады:
- зерттеушілік қабілеттерін дамытатын орта жасау керек, яғни, факультатив
сабақтар, үйірме жұмыстары, курстық жұмыстар;
- студенттердің өз бетінше танып білу қабілеттерін дамытып отыратын оқыту
технологияларын пайдалану арқылы қалыптастыру;
- сабақ барысында ойын әдістерін қолдану арқылы қалыптастыру [2,362б].
Студенттің зерттеушілік құзыреттілігін дамытудың бірден-бір жолы факультатив
сабақтар. Факультатив сабақтар – оқу пәндерін студенттердің өз таңдауы және
қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, ғылыми-теориялық білімдері мен
практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Білім беру міндеттеріне сәйкес факультатив
түрлері келесідей:
- негізгі оқу пәндерін тереңдете игеру;
- қосымша пәндерді (логика, риторика және т.б.) меңгеру.
Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін дамытатын ортаның бірі, ол – үйірме
болып табылады. Үйірме жұмыстары – студенттердің сұранысы бойынша, пән
сабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiнде жүргізіледi Үйiрме жұмысының
мaқсaты: студенттердің сыныптан тыс уақытта шығармашылық iзденістерін, өзiндiк
қабiлетiн және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру.
Үйiрме жұмыстарын ұйымдастырудың мiндеттерi:
- оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн ары қарай дамытуға мүмкiндiк жасау;
- студенттердің қоғамдық белсендiлiгiн дамыту;
- студенттердің өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, белгiлi бip еңбекке
(болашақ мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету;