329
тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деп анықтама
берген [3].
Осы орайда құзыреттілік дегенімізді қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім алушылар
оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Демек, болашақ мұғалімдеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел
ойлаушы,оңтайлы шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты
бағыт- бағдар беруші болып шығуы —қазіргі заманның талабы. Яғни, қазіргі ұстаздардан
шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына
сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына
мыналарды жатқызуға болады:
Мәдениеттанымдық құзыреттілік – адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның
рөлін түсіну, этномәдениеттілік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық
ерекшеліктерін тани білу.
Оқу танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық
процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.
Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас
тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, білім мен ақпараттық
технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу.
Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік-әлеуметтік қоғамдық жағдайларға нақты талдау
жасай білу, шешім қабылдай білу.
Тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттілік- өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық
жоспарлаумен салыстыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау [4].
Коммуникативті құзыреттілікке тоқталып кететін болсам, бұл бағыт бойынша биыл
алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары үшін Білім
беру министрлігінің басшылығымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндия,
Шотландия,
Малайзия
және
Чехия
мемлекеттерінде
айлық
іс-тәжірибелер
ұйымдастырылып, арнайы курстар өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты - техникалық
және кәсіптік білім беру мекемелерінің информатика пәндерінің оқытушыларының
коммуникативті құзыреттіліктерін арттыру. Осы орайда шет елде іс-тәжірибеден өтіп
келген оқытушылар үшін елбасының «үштілділік» саясатын іске асырудың
мүмкіншілігінің артып отырғанын атап көрсетуге болады. Нақтырақ айтатын болсам,
А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің «Информатика
мұғалімі» мамандығы үштілділік бағыт бойынша пилоттық жобаға еніп, жоспар бойынша
бірнеше шараларды ұйымдастыруда. Яғни, колледждің информатика пәндерінің
оқытушыларының бірі Шотландияға, ал екіншісі Финляндия мемлекетінде іс-тәжірибеден
өтіп келіп, алған білік-дағдыларын болашақ маман даярлауда шеберлікпен қолдануда.
Осы мамандық бойынша жұмыс жасап жатқан оқытушылар студенттерді үш тілде
оқытып, құзыретті маман даярлау бағытында арнайы ағылшын тілі курстарынан да өтіп,
біліктіліктерін арттыруда.Сонымен қатар, аталмыш мамандық бойынша бірнеше пәндер
реті үштілділікке бағытталып оқытылып жатса, студенттердің кәсіби шеберліктерін
арттыруда олардың мектеп қабырғасында өтетін байқау машықтары да коммуникативті
құзыретті әдіскер-оқытушылармен ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, колледж студенттерінің мәдениеттанымдық, оқу -танымдық,
тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында оңтайлы
ұйымдастырылып жатқан педагогикалық олимпиадалар мен сайыстардың алатын орны да
ерекше.
Атап
айтар
болсам,
«Сарыарқа
дарыны»
ғылыми
орталығының
ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық
педагогикалық олимпиадасында, сонымен қатар WorldSkills аймақтық чемпионатында
бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленіп, өздерінің құзыретті мамандардан тәлім-тәрбие
330
алып, болашақта заман талабына сай құзыретті маман иесі болуға дайын екендіктерін
шеберлікпен көрсете білді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи
байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір
қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.
Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты
факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті,
«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім»
сияқты бағдарламалар- ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды XXI ғасырдың
талаптарына даярлаудың қамы» [5],- деп атап көрсеткендей, кәсіби құзыретті,
бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру
мәселелерін шеше алатын құзыретті маман дайындау, ертеңгі ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз
бойында ізгі мұраттарды қалыптастыру – біздің басты міндетіміз!
Әдебиеттер:
1. ҚазақстанРеспубликасының «Білімтуралы» Заңы//Алматы, 2010. 6-бет.
2. ҚазақстанРеспубликасында 2020 жылғадейінгібілімберудідамытудың
Мемлекеттікбағдарламасы. -Астана, 2010ж.
3. Вишнякова С.М. Профессиональное образование: Словарь. Ключевые понятия,
термины, актуальная лексика. — М.: НМЦ СПО, 1999г.
4. Шишов С. Понятие компетенции в контексте качества образования современная
школ-1999ж., №1, 82,83-бет.
5. Н.Ә.Назарбаев, «Болашаққабағдар: руханижаңғыру»
аттыбағдарламалықмақаласы, 2017 ж.
«Инвестиции в будущее-проект для жизни»
Абжамалова Ж.А., преподаватель специальных дисциплин Павлодарский
нефтегазовый колледж
«Чтобы стать развитым конкурентоспособным государством, мы должны
стать высокообразованной нацией»
В Послании Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия»
«Казахстан-2050» новый политический курс состоявшегося государства»
В своем послании от 10 января 2018 года президент Нурсултан Абишевич
Назарбаев отметил, что на данном этапе развития общества явно прослеживается
необходимость реформ в области образования.
Согласно эволюции педагогических реформ в далеком прошлом репродуктивные
методы передачи знаний студентам основывались на базовых системах, иными словами не
творческий подход преподавателей порождал нетворческий успех у студентов. Сейчас
такая тенденция не намного изменилась во многих учреждениях - классическая школа до
сих имеет место быть, а точнее, если выразиться, преподаватель вносит новые элементы,
а студент просто зубрит. И, соответственно, это порождает некоторое непонимание и
конфликты.
Эта же причина стала камнем преткновения во второй половине ХХ века для
СССР, который не смог решить проблему выхода высокоразвитой науки на практику. И
сложившаяся ситуация между наукой и образованием стала пропастью. Эта советская
технология обучения в современной промышленности, в автоматизированных системах