Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет164/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   262

333 

 

Педагогтың  кәсіби  құзіреттілігі  оның  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  өз 



мамандығына  байланысты  барлық  теория  мен  практиканы  меңгеруі  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруда яғни, балалармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. яғни, 

педагогтың білім-білік дағдылары өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу 

шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилін жатқызамыз. Осы 

талаптарға  сай  орта  арнайы  білім  беру  ұйымдарының  мамандарына  төмендегідей 

міндеттер жүктеледі: 

Оқытуда жаңа технологияларды қолдану; 



Ақпараттық  технологияларды  пайдалану,оқу  әдістемелік  және  ғылыми 

жаңалықтарды еңгізу; 

Өндірістік практикалар талапқа сай сапалы ұйымдастыру. 



Айтқанды істейтін емес, айтқызбай істейтін маман керек» - деп Ахмет Байтұрсынов 

айтқандай  өз  толғанысы  бар,  ізденісі  бар,  заман  талабына  сай  кәсіби  мамандар  даярлау 

біздің  міндетіміз.  Осы  қағиданы  басшылыққа ала отырып, жас  ұрпаққа  тәрбие  мен  білім 

беру  ісінде  үздіксіз  ізденісте  болатын  шығармашыл  іс-әрекеттегі  студенттердің  кәсіби 

құзыреттілігін арттыруды басшылыққа аламыз. Педагогика ғылымында «құзырет» және 

«құзыреттілік» терминдері маманның қоғамдық өмірге араласу қарымына қатысты жаңа 

нақтылар мен міндеттерді білдіреді. 

Арнай  құзыреттер  –  әрекеттерде  қолданатын  білімнің  жоғары  деңгейі,  өзіндік 

шығармашылық қабілеті; 



Ақпараттық құзіреттілік – интернет, компьютерлік сауаттылық, ақпарат көздерін 

меңгере білу; 



Тұлғалық  құзыреттілік  –  өзінің  іс-әрекетін  жоспарлау,  жобалау,  бақылау,  реттеу 

қабілеті, өздігінен шешім қабылдай білу; 



Кәсіби  құзыреттілік  –  өзгермелі  және  күрделі  жұмыс  жағдайында  әрекет  етуге 

дайындық. 

«Болашақ  тәрбиешілердің  шығармашыл  жұмысына  құзыреттілік  тұрғысынан 

келудің мәні неде?». Бүгінгі таңда құзыреттілік білімнің интеллектуалдық және дағдылық 

құрамын  қамтиды,  яғни  білім  беру  саласында  құзыреттілікті  –  білім-білік  дағдыны 

үйлесімді  біртұтас  жүйе  құру  нәтижесінде  пайда  болатын  жоғарғы  деңгейдегі  білім 

алушының  тұлғалық  сапасы  ретінде  қарастыру  көзделеді.  Болашақ  маманның  бойында 

арнайы құзыреттілік: 

әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға 



өз шешімінің нәтижесін бағалауға; 

өз  іс-әрекетіне  мақсат  қоюға,  оны  іске  асыру  үшін  қажетті  жағдайларды 



анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға; 

өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекетімен оның нәтижелері 



бағалауды жүзеге асыруға; 

алған білімін шығармашылық тұрғыда жүзеге асыру бағытталды. 



Болашақ  мамандардың  шығармашылық жұмыстарын  барлық оқу  тәрбие  үрдісінде 

ұйымдастыруға  болады.  Студенттердің  шығармашылық  іс-әрекеттері  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарында  көрініс  табады.  Студенттердің  ғылыми  зерттеу  жұмысы  –  алынған 

білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, білімді мамандар 

даярлау  сапасын арттырудың маңызды құралдарының  бірі. Студенттерді ғылыми-зерттеу 

жұмысына  тарту  олардың  шығармашылық  және  интеллектуалдық  әлеуетін  қазіргі 

ғылымның  көкейкесті  міндеттерін  шешу  үшін  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Орта 

арнаулы  оқу  орындарында  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  түрлеріне: 

ғылыми-баяндамалар, 

рефераттық 

жұмыстар, 

зертханалық 

және 

практикалық 



тапсырмалар,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  курстық  жұмыстармен  жұмыстар  жатады. 

Осындай  әр  түрлі  бағыттағы  жұмыстармен  айналысу  болашақ  педагогтардың  кәсіби 

дамуына  ықпал  жасай  отыра  іскерлік  дағдыларының  тәжірибелік  қолданыстағы  аясын 

анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жерден туындайтын негізігі ой студенттердің ғылыми 




334 

 

зерттеушілік  қызметке  дайындығы  тек  қана  жай  қажеттілік  емес,  сонымен  қатар  жаңа 



тұрпатты  балабақша  жұмысына  сәтті  бейімделу  үшін  міндетті  шарт  болып  табылады. 

Болашақ  мектепке  дейінгі  мекеме  педагогының  кәсіби  дайындығының  мазмұнын 

жетілдіру: 

білім  беру  мазмұны  студенттердің  ақыл-ойының  дамуын  кәсіби 



құзырлықтың  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін,  олардың  ойын  ғылыми  таным 

методолгиясымен байытатын заманға сай ғылыми білімдерін толықтыру; 

білім  беру  мазмұнының  өзінің  басты  мақсаты-балабақшадағы  біртұтас 



педагогикалық процесті жүзеге асыруға сай болуы қажет; 

мектепке  дейінгі  мекеме  педагогының  үздіксіз  білім  алуы  мен  өз  бетінше 



білім алу. 

Бұл  компоненттер  біріге  келе  болашақ  педагогтың  кәсіби  тұлғалы  құзыреттілігін 

қалыптастырудың  негізін  құрайды,  әрі  оның  даму  динамикасын  айқындауға  мүмкіндік 

береді.  Болашақ  тәрбиешілердің  кәсіби  құзыреттілігінің  дайындығын  көтеруде 

педагогикалық  практиканың  маңызы  зор.  Педагогикалық  практиканың  мақсаты  – 

студенттерді  келешек  мамандығымен  таныстырып  арнайы  оқу  орынынында  алған 

теориялық  білімдерін  практикамен  ұштастырып  іскерлік  пен  дағдыларын  қалыптастыру. 

Осы  бағытында  атқарылып  жатқан  жұмыстарда  баршылық.  Студенттер  өндірістік 

практиканың аяғына қарай өз үйренгендерін қорытындылау мақсатында өз игерген кәсіби 

шеберліктерін  қолдана  отырып,  ашық  практикалар  береді.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  сөйлеуін  дамыту,сауат  ашу  негіздерін  қалыптастыру,отансүйгіштікке 

тәрбиелеу,  дене  тәрбиесін  жетілдіру  міндеттері  барысында  өткізген    ұйымдастырылған 

оқу  қызметтерімен  қатар  ойын  сауықтар  өткізіп,  болашақ  кәсіби  шеберліктерін  шыңдай 

түседі. 


 

 

Орта арнаулы оқу орындарында маман даярлау бүгінгі күннің тәжірибесіне сүйене 



отырып ертеңгі күннің талаптарын бағдар тұтады. Осыдан келіп бірқатар міндеттер соның 

ішінде, теория мен практика бірлігінің шешімін табу кейінге қалдыруға болмайтын негізгі 

мәселе  болып  көтеріледі.  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  басшылығымен 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  ұйымдарының  сапалы  қызмет  көрсетуінде  халықтың 

қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында  құрылған,  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбие 

мен  және  оқытумен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  «Балапан»  бағдарламасы  аясында  орасан 

зор жұмыстар атқарылуда себебі, еліміздің болашағы бүгінгі бүлдіршіндердің  білімді 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау