Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет149/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   262

303 

 

Ақпарат  құралдарын  пайдалана отырып,  тәрбие  сағаты  барысында  жеке  тұлғаның 



қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, 

шығармашылыққа  баулып,  қорытынды  жасауға  машықтандырамын,  студенттің  ақыл- 

ойын  дамытып,  өзіндік  дүниетанымын  қалыптастырамын,  сабаққа  ынтасын  арттырып, 

тапсырманы орындау  барысында  жіберілген  кемшіліктерді  мен  жалқаулығын  уақытында 

анықтап  түзетуге  мүмкіндік  беремін.  Өмірге  ғылыми  көзқарасын  дамытуға  өткізілген 

сыныптан тыс жұмыстар: «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Тапқыр достар» сияқты танымдық 

ойындарын  қолданамын.  Топ  студенттерінің  ой-танымын,  дағдыларын,  өнерін, 

қабілеттерін шыңдау мүмкіндігін қолдандым. 

«Армансыз  адам  қанатсыз  құспен  тең»  демекші,  ендігі  алға  қойылған  мақсатым, 

еліміздің  әрбір  азаматы  терең  білімді,  интеллектуалды,  заманауи  техникаларды  еркін 

меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын тұлға болса деймін. 

Жаңа  ақпараттық  технологияны  тиімді  қолдану  тәрбиелік  шараларға  деген 

қызығушылығын арттырды және оның бірнеше артықшылықтары байқалды: 

1. Студенттерге қажетті материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді; 2. 

Студенттердің  ғылыми-дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастырады;  5.  Үнемдеген 

уақытта  олардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасайды;  6.  Оқытушы  мен 

студенттің  жұмысын  жеңілдетеді.  Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы 

өткізілген  тәрбиелік  шаралар  жеке  тұлғаның  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып, 

нәтижесінде – өздерінің кәсіби мамандық алуына, өмірге қалыптасуына жол ашады. 

 

Физиканы оқытудағы саралау әдісі 



 

А.Х.Хасенова , Павлодар қаласы, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық 

колледжі, физика пәнінің мұғалімі 

 

«Физика ....... тек қана техникаға 



алғашқы қадам емес, сондай-ақ 

адамзат ойының түпкіріне жол» 

М. Борн. 

Бәрімізді  бүгінгі  таңда  аландататын  мәселе-жас  ұрпақтың  сапалы  білімді  игеруі. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Білімді,  сауатты  адамдар,  бұл  –  ХХІ  ғасырда  адамзат 

дамуының  негізгі  қозғаушы  күші»  [1,  25  бет]  деуінің  өзі  –  үлкен  көрегендіктің  белгісі. 

Білім  бере  отырып,  тиімді  жолмен  жаңа  заман  тұлғасын  қалыптастыру  әр  ұстаздың 

мақсаты  екені  анық.  Білім  мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  негізіне  оқушы  белгілі  бір 

қажетті  біліктермен  дағдылардың  иесі,  оқу  әрекетінің  субъектісі,  әр    түрлі  мәдениеттер 

мен өз көзқарасы  тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, 

мәдениетті тұлға екені жатады. 

Қай ел болмасын өз ұрпағының жан-жақты жетілген, ақыл парасаты кемелденген, 

талғампаз, мәдениетті, білімді, іскер, толықанды азамат ретінде қалыптасуын басты мұрат 

тұтады. Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Қазақстанда  адами  капиталдың  сапалы  өсуі.  Бұл 

ең  алдымен  білім  беру  мен  денсаулықты  сақтау.  Оқу  жастарға  тек  білім  беріп  қана 

қоймай,  сонымен  бірге  оларды  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  пайдалана  білуге  де 

үйретуі  тиіс»  [1,287  бет].  Ал  елдің  ел  болып  дамуы  үшін  аса  қажетті  рухани  байлық 

көздерін  толықтыратын  парасатты  адамдарды  тәрбиелеуде  ұстаздар  қауымының 

атқаратын  рөлі  ерекше.  Әр  баланың  бойындағы  туғаннан  пайда  болған  интуициясын  әрі 

қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, пәндік білім деңгейін тереңдету 

үшін,  оқытуды  жоспарлы  түрде  ұйымдастыру,  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларының 

дамуына негіз салу болып табылады. 

Баланың білсем деген қызығушылығын жоғалтып алмай, әрі қарай дамыту ұстазға 

жүктелген  үлкен  міндет.  Білім  беру  мазмұны  жаңартылған  сайын  әрбір  пәнді  оқытудың 

өзіндік ерекшеліктері туындайды. Физика мектеп қабырғасында пән ретінде ерекше орын 



304 

 

алады. Ол оқулық ретінде оқушыларға әлем суретін ұсынады. Физика ғылыми-техникалық 



процестің негізі болып, маңызды әлеуметтік ғылыми білімді көрсетеді. Егер оқу үрдісінде 

білімге  деген  қызығушылық  қалыптасса, оқушылардың мақсатты  түсіне  білу  мен  мақсат 

қоя білу нәтижесінде белсенді түрде жұмыс жасау арқылы жүзеге асыру кезінде мұғалім 

әрдайым  білім  қалауын  құруға  тырысады.  Баланың  танымдық  қабілеттерін  дамытудың 

жолдарын,  құралдарың  анықтау-психология және  педагогика  ғылымдарында  өте  ертеден 

зерттеліп  келеді.  Баланың  танымдық шығармашылық  қабілетін  дамыту  мәселесін  талдау 

ең  алдымен  «қабілет»  ұғымының  мәнің  терең  түсініп  алуды  қажет  етеді.  Қабілеттер 

мәселесін  қорытындылай  келе,  педагогикалық  практика  үшін  мәні  ерекше  мына 

жағдайларға айрықша тоқталу жөн. 

Бірінші  –  оқушылардың  қабілеттері  деңгейі  жағынан  тен  дәрежеде  болмауы. 

Екінші  –  адамдар  бойында  қабілеттін  бір  түрі  ғана  болама,  әлде  әр  түрлі  қабілеттің 

белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Танымдылық, шығармашылық 

–  жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Оқушыларды шығармашылыққа 

баулу,  білім  деңгейін  жетілдіру  –  ұзақ  әрі  жүйелілікті  қажет  ететін  процесс.  Оқушының 

дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай 

туғызуымыз  керек  дегендей,  өзімнің  атқарып  жатқан  жұмыстарыма  нақтырақ  тоқтала 

кетсем,  сабағымда  тек  білім  беруді  ойластырып  қоймай,  жеке  бастарының  қасиеттерін, 

қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырамын. 

Оқу-тәрбие  үрдісін  даралауда  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  қабылдау,  яғни, 

оқушының  өзіндік  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  бағыттауда,  білім  беруде  жеке 

оқытуды  дамыту  көзделуі  қажет.  Осы  бағытта  оқушыны  берілетін  жекелей 

тапсырмалармен,  үйренушілік,  алгоритмдік,  эвристикалық,  шығармашылық  деңгеймен, 

құбылысты  өз  бетінше  талдай  келіп,  шағын  ғылыми  шығармашылық  тұрғыдан  зерттеу 

жұмысын жүргізуге баулу керек. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. 

Түрлі  әдістемелік  тәсілдерді  пайдалану  арқылы  қабілеті  әр  түрлі  баллардың 

ортасынан  қабілеті  жоғары  баланы  іздеп,  онымен  жұмыс  жасау,  оны  жан-жақты  тануды 

ойлап,  оқушылардың,  шығармашылық  деңгейін  бақылап  отыру-әрбір  мұғалімнің  негізгі 

міндеті. 

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге «сегіз қырлы, бір сырлы» ерен 

қасиет  иесі  болуды  міндеттейді.  Ұстаз  алдында  отырған  бірі  шапшан,  бірі  баяу,  енді 

біреулері  төмен  қабылдайтын,  зейіні,  қабілеті,  қабылдауы,  есте  сақтауы  әр  қилы 

шәкірттердің  жүрегіне  жол  тауып  олардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  –  күрделі 

құрылым екені даусыз. 

Сондықтан,  менің  ойымша,  бұл  мәселені  шешу  жолдарын  табу  үшін  физиканы 

оқытудағы саралау әдісін қолдануы. 

 

Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану 



Использование игровых технологий в начальной школе 

 

З.А.Садымова, «№13 Жалпы орта білім беру мектебі»ММ. 

 

“ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 



ұстаздың қолында. ” (Н. Ә. Назарбаев.) 

Қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  –  әрбір  ұстаз  міндеті  болып  саналады. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  және  «Тіліміздің 

мемлекеттік  қызметке  де,  өндірісте  де,  ғылымда  да,  білім  беруде  де  дәл  орыс  тіліндей 

қолданылуы  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін  істеу  керек»  деген  тұжырымдары  бар  [1]. 

Сондықтан  қазақ  тілін  оқытуда  ұстаздар  қауымы осы  тұжырымдарға  сүйенгеніміз  абзал. 

Қазақ  тілі  –  эстетикалық  талғамы  зор  тіл.  Көркем  өнерін,  мақал-мәтелін,  қанатты  сөзін 

теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөздері мен даналық талғамын нұрландырып тұрған нәрлі 

тіл – қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі. Осылардың бәрін шәкірттерге танытып, 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау