Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет119/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   262

243 

 

Бастауыш мектеп  –оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше 



құнды,қайталанбас  кезең.Сондықтан  бастауыш  білім  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы 

баспалдағы,қиын да жауапты іс. 

Оқытудың  әр  түрлі  технологиялары  сарапталып  жаңашыл  педагогтардың  іс  – 

тәжірибесізерттеліп, мектеп өміріне енуде.Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа 

формация  мектебінде  жұмыс 

істеп  жүрген  педагогтардың  алдында  тұрған 

проблемалардың  шешу  негізгі  мақсат  болып  табылады.Олар:  баланы  оқи  білуге 

үйрету;баланы ойлауға үйрету;баланын өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағыдай жасау. 

Болашақта  өркениетті  дамыған  елде  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім 

қажет.Өйткені  тәуелсіз  қазақстанның  дамыған  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарында 

терезесін  тең  ететін  –білім.сондықтан  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдына 

оқыту  үрдісін  технологияландыру  мәселесі  қойылып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі 

технологиялары,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 

Жалпы  технологияны  меңгеруде  мұғалімнің  жан-жақтылығы  және  білімі 

қажет.Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым қызметкерлеріне 3 сьезінде: 

«Мұғалімдердің  жаңа  ұрпағы  білім  деңгейі  жөнімен  әлдеқайда  жоғары  болуы  керек.  Ол 

үшін  жаңа  формацияның  педагогі  қажет»  деген  болатын.Мектеп  өміріне  еніп  отырған 

жаңа  технологиялардың  ерекшелігі  –өсіп  келе  жатқан  тұлғаны  жан-жақты 

дамыту.Инновациялық  білімді  дамыту,өзгеріс  еңгізу,жаңа  идеялармен  жаңалықтарды 

өмірге  әкелу.Бұрыңғы  оқушы  тек  қана  тыңдаушы  ,орындаушы  болып  келсе,ал  қазіргі 

өздігінен білім іздейтін жеке тұлға кендігіне ерекше мән береміз. 

 

Әдебиеттер: 



 

1.Республикалық  ғылыми-әдістемелік  журнал  «Бастауыш  сыныпта  оқыту 

әдістемесі» 2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 

3.Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 

4.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 

5. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» 2016ж №1(22 ) 

 

Қазақ тілі сабағында ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып 

оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру 

 

Н.Н. Шойынбаева, №17 Жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектеп 

қазақ тілі мұғалімі Павлодар қ. 

 

Бүгінгі  таңда  ұстаздардың  алдында  тұрған  міндет:  табысты  және  әрекетке  дайын, 



өзінің  пікірін  білдіруге  және  өзінің  іс-әрекеті  мен  өмір  сүріп  отырған  қоғам  үшін 

жауапкершілігін  түсінуге  қабілетті,  қоғамдағы  әлеуметтік  ролін  сезінетін  құзырлы 

тұлғаны қалыптастыру. 

Жалпы «кұзырет» және «құзыреттілік» дегеніміз не? 

Құзырет-дара  тұлғаның  бойындағы  өзара  байланысты  сапалардың  (білім,  білік, 

дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы. 

«Құзыреттілік»-адамның  әрекетке,  оның  пәніне  деген  жеке  қатынасын  қамтитын 

сәйкес құрауыштарды меңгеруі. 

Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас 

орнатуға, жалпы нәтижеде қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен 

қарым-қатынас  диалогына  түсе  алуына  мүмкіндік  беретін  коммуникативтік  құзыреттілік 

қазақ тілі сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады. 

Әр  оқушының  ақыл-ой  қабілеті  әр  түрлі,  сол  себепті  олардың  бағдарламадағы 

материалдарды  қабылдауы  да  бірдей  емес.  Біреулері  жақсы  ұғынып,  түсініп  жатса, 

кейбіреулері үлгере алмай жатады. Бұл-оқушы құзыреттілігінің дамуы да әр түрлі 



244 

 

екендігін білдіреді. Сондықтан оқушыларды білімге бірдей жетелеу үшін, сабақты 



меңгертіп,құзыреттілігін арттыру үшін сабақ үдірісін түрлендіретін бір әдіс-ойын түрлері 

Оқушы бойында құзыреттіліктерді қалыптастыруда ойын технологиясының алатын 

орны ерекше. 

Ойын  технологиясы  арқылы  баланың  психологиялық  ерекшеліктері  мен  табиғи 

қабілеттерін  ескере  отырып, оқушылардың  сабаққа  ынта-ықыласын  арттырып, ой-өрісін, 

ой  еркіндігін  жетілдіріп,  логикалық  ойлау  дәрежесін  кеңейтіп,  коммуникативтік 

құзыреттілігін қалыптастыруға болады. 

Ұлы  педагогтардың  бірі  А.С.  Макаренконың  пікірінше  «Ойында  баланың 

психологиялық  қасиеттерінің  сапалары  да  өзгеріп  отырады.  Ойын  баланың  сабаққа 

ынтасын  аудартуға,  көңіл-күйін  көтеретін,  ойландыратын  үрдіс.  Ойын-төзімділікті, 

алғырттықты,  тапқырлықты,  ұқыптылықты,  ізденпаздықты,  іскерлікті,дүниетаным 

өрісінің  көлемділігінің  көп  білуді,  сондай-ақ  басқа  да  толып  жатқан  сапалылық 

қасиеттерінің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. 

Сондықтан сабақта ойын элементтерін пайдалану-үлкен нәтиже берері анық»[1,123]. 

Сонымен қатар ойын оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсер етеді,әрі 

ақыл-ой  дамуына  ықпал  жасайды.  Бала  ойын  үстінде  заттар  мен  іс-әрекеттерді 

жалпылауды,  сөздің  жалпылама  мағынасын  қолдануды  т.б.  үйренеді.  Ойын  жағдайына  

ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарының шарты болып табылады. Балалар 

ойнап жүріп бір-бірімен ынтымақтасады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер 

туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады. 

Н.К.Крупская  пікірінше  бала  жас  болғандықтан  ғана  ойнамайтының,  балалықтың 

өзі  оған  ойнау  үшін,  яғни  жаттығу  арқылы  өмірде  қажетті  дағдыларды  игеру  үшін 

берілетінін  айтқан  болатын.  Сабақты  ойын  түрінде  жүргізу  оқушылардың  білімге  ынта- 

ықыласын  арттырады.  Ойын  арқылы  ұйымдастырылатын  сабақ  балаларға  жеңіл  әрі 

тартымды,  түсінікті  болады.  Оқытудың  түпкі  мақсаты  –оның  сапалы  болуы,  яғни 

сабақтың  түрлері  мен  әдістерін,  мазмұның  жетілдіру,  оны  танымдық,  білімдік,  тәрбиелік 

жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру [1,140]. 

Жоғарыда  айтылғандардың  бәрі  оқыту  процесінде  ойын  түрлерін  қолдану 

қажеттігін  көрсетеді.  Өйткені  ойын,  ең  алдымен,  оқушының  ой-өрісін,  қиял  сезімін 

дамытып,  сөйлеу  тілінің  жетілеуін,  еркін  пікір  алысу,  диалог,  монолог  түрінде  өзара 

сөйлесу  машықтарын  қалыптастырады.  Оқытуда  қолданылатын  ойын  әдістері-  ойынның 

нақ  өзі  емес  ойын  түріндегі  әдіс.  Ол  логикалық,  дербес  орындалатын  жаттығу 

жұмыстарына  балалардың  зейінін  аударып,  қызықтыру  мақсатында  қолданылады. 

Ойынның танымдық сипаты жөнінде А. М. Горький: « Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не 

болса  соның  бәрімен  де  ойнайды.  Ол  өзінің  айналасындағы  дүниені  ойын  үстінде  тез 

таниды.  Бала  сөзбен  де  ойнайды,  осы  сөзбен  ойнағанда  өз  ана  тілінің  нәзік  әсерлерін 

үйренеді»,- деген болатын [2,50]. 

Сонымен  балалардың  ойынға  деген  қызығушылығын,  ынтасын  сабақ  процесімен 

ұштастырудың  маңызы  зор.  Ол  үшін  сабақта  ойын  түрлерін  ретіне  қарай  пайдаланып 

отыру  қажет.  Ойынның  түрлері  көп.  Бірақ  сабақ  процесінде  жиі  пайдаланатын 

дидактикалық ойындары туралы айтқым келеді. 

Дидактикалық  ойын  -  оқушылардың  ынта-ықыласын  күшейтетін,  оқудың  қиын 

процесін  жеңілдететін,  дамуды  тездетуге  көмектесетін,  оқу  барысында  таным  қызметін 

күшейту  мен  көтермелеудің  қуатты  қайнар  көзі  болатын  оқыту  әдісінің  бір  түрі. 

Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе 

өткен  материалды  берік  меңгерту  болып  табылады.  Дидактикалық  ойындардың  ережесі 

оқушылардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым  әрі  қысқа  болуы  шарт.  Дидактикалық  ойынды 

сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын ескеру қажет [3,80]: 

-сол ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы; 

-баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі; 

-өтіліп отырған материалға қызығушылығын туғызуы; 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау