ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
76
20 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК
ЖАБДЫҚТАРЫН МОНТАЖДАУ
20.1 Ғимараттар мен имараттардың инженерлік жабдықтарын (құбырларды төсеу,
сантехникалық, жылыту, желдету және газ жабдықтарын монтаждау) монтаждау кезінде
жұмыс сипатымен байланысты жұмысшыларға келесі қауіпті және зиянды өндірістік
ықпалдардың әсер етуін ескерту жөнінде шараларды қарастыру керек:
- жұмыс орнының 1,3 м және одан жоғары биіктігі бойынша құламаға жақын
орналасуы;
- жұмыс аймағы ауасының жоғары газдануы;
- тұйықталуы адам денесі арқылы өтетін электр тізбегіндегі жоғары кернеу;
- құлайтын тау жыныстары;
20.2 20.1-тармақта көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар бар болған
кезде ғимараттар мен имараттардың инженерлік жабдықтарын монтаждау кезіндегі
қауіпсіздік еңбекті қорғау бойынша шешімдерді қолданатын ұйымдастыру-технологиялық
құжаттамасында мазмұндалғандарды (құрылыс ұйымының, жұмыстарды өндіру
жобаларын және т.б.) орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- жұмыс орындарын желдетуді, өрт сөндіруді, биікте жұмыстарды орындауды
қамтамасыз ету үшін әдістер мен құралдарды көрсету арқылы ұйымдастыру;
- жабдықтарды жеткізу және монтаждау әдістері мен құралдары;
- траншеяларда және құдықтарда жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік
шаралары;
- құбырларды өңдеу және майсыздандыру кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары.
20.3 Құбырларды дайындау және шақтау дайындау шеберханаларында орындалуы
тиіс. Құбырларды монтаждауға арналған төсемшелерде осы жұмыстарды орындауға
тыйым салынады.
20.4 Жабдықтарды және құбырларды жүк көтергіш крандармен монтаждау кезінде
осы Ережелердің 14-бөлімінің талаптарын басшылыққа алу керек.
20.5 Құралымдағы кемшіліктерді жою және монтаждалған жабдықтағы бітпеген
жұмыстарды аяқтау бойынша барлық жұмыстарды тек жұмыс қауіпсізідігі бойынша
шаралар әрекет етуші мердігерлермен, ұйымдармен бірлесіп тапсырыс берушімен және
бас мердігермен әзірленгеннен және бекітілгеннен кейін ғана жүргізу керек.
20.6 Бас мердігердің және тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз монтаждалған
және қолданыстағы жабдық арасындағы қосқыштарды (байланыстарды) орнатуға және
алуға, сондай-ақ уақытша қондырғыларды қолданыстағы жүйелерге (электр, бу,
техникалық және т.б.) қосуға рұқсат етілмейді.
20.7 Эстакадалардағы құбырларды және ауа арналарын монтаждау жұмысшылардың
көтерілуіне және түсуіне арналған сатылармен жабдықталған инвентарь төсемшелер
арқылы жүргізіледі. Эстакад құралымдары бойынша көтерілуге және түсуге рұқсат
етілмейді.
20.8 Адамдардың орнатылған жабдықтардың, жабдықтар мен құбырлардың
монтаждау тораптарының астында олар толық бекітілгенге дейін тұруына тыйым
салынады.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
77
20.9 Бекітілген траншеяға құбырларды түсіруді траншеялардың бекітулерін бұзуға
қарсы шараларды қабылдау арқылы жүргізу керек.
Құбырларды траншеяға сүймендер мен салмалардың көмегімен сырғанатуға, сондай-
ақ құбырларға арналған тіреу ретінде траншеяларды бекіту кермелерін қолдануға рұқсат
етілмейді.
20.10 Майсыздандырылатын бөлмелерде ашық оттты қолдануға және ұшқын
түзілуіне жол беруге тыйым салынады.
Көрсетілген бөлмелердегі электр қондырғылар жарылу қауіпсіз орындалуы керек.
20.11 Құбырларды майсыздандыру бойынша жұмыстар тарту-сору желдетумен
жабдықталған бөлмелерде орындалуы тиіс. Ашық ауада жұмыстарды орындау кезінде
жұмысшылар жел соғатын бетте тұруы тиіс.
20.12 Майсыздандыру жүргізілетін орынды қоршау және қауіпсіздік белгілерімен
белгілеу керек.
20.13 Құбырларды майсыздандыру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
сәйкес келетін противогаздармен, арнайы киіммен, қолғаптармен және резеңке
қолғаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.
20.14 Электр сымдарына жақын жабдықтарды, құбырларды және ауа арналарын
монтаждау (монтаждалатын желі немесе құбыр тізбегінің ең көп ұзындығына тең
арақашықтық шектерінде) кернеу түсірілген кезде немесе электр сымдарды механикалық
зақымданулардан диэлектрлік қораптармен қорғаған кезде жүргізіледі.
Кернеуді түсіру мүмкін болмаған кезде жұмыстарды белгіленген тәртіпте бекітілген
наряд-рұқсат бойынша жүргізу керек.
20.15 Құбырларды сығылған ауамен үрлеген кезде ысырмалар, шұралар, крандар
және т.с.с. орнатылған камераларда және құдықтарда тұруға тыйым салынады.
20.16 Құбырларды үрлеген кезде көзді қабыршақтардан, құмнан қорғау үшін құбыр
ұшына қалқандарды орнату керек.
Үрленетін құбырларға қарсы бетте немесе оларға жақын тұруға тыйым салынады.
20.17 Құбырларға және жабдықтарға құрастыру операцияларын орындау процесінде
монтаждалатын бөлшектердегі саңылаулардың ығысуын және олардың дәл келуін тексеру
арнайы құралды (конусты жиектемелер, құрастыру тығындары және басқалары) қолдану
арқылы жүргізілуі керек. Монтаждалған бөлшектердегі саңылаулардың дәл келуін
саусақтармен тексеруге рұқсат етілмейді.
20.18 Жабдықты монтаждау кезінде өздігінен немесе кездейсоқ қосылу мүмкіндігі
ескерілмеуі тиіс.
20.19 Домкраттарды
пайдалану
арқылы
жабдықты
монтаждау
кезінде
домкраттардың қисаю немесе төңкерілу мүмкіндіктері болмайтын шаралар қабылдануы
керек.
20.20 Құбырларды және басқа элементтерді қыздыру кезінде пластмассадан
жасалған жабдықты бүгу, қалыпқа келтіру алдында және дәнекерлеу кезінде жабдықтың
қыздырылатын элементтеріне ашық оттың әсер етуін болдырмайтын құрылғыларды
қолдану керек. Бұл құрылғылар бақылау және
5
С дәлдікпен берілген температураға
дейін пластмассаны қыздырудың тұрақтылығын қамтамасыз етуші температураны реттеу
жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Температура көрсеткіштерін бақылау жүйесі бұзылған
кезде пластмассаларды қыздыруға рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |