ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
70
16.17 Жарылу қауіпті материалдары бар (лактары, нитробояулары және т.б.) ыдысты
жұмыстағы үзіліс кезінде тығындармен немесе қақпақтармен жабу керек және ұшқын
түзуді туындатпайтын құралмен ашу керек.
16.18 Ерітіндісорғымен жұмыс істеген кезде:
- ерітіндісорғы
паспортында
көрсетілген
рұқсат
етілген
нормалардан
ерітіндісорғыдағы қысымның асып кетпеуін қадағалау керек;
- ерітінді тығындарын алу, тек ерітіндісорғыны желіден ажыратқаннан кейін және
қысымды түсіргеннен кейін ғана жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру керек;
- адамдар жоқ кезде 10 м және одан жақын аймақта ерітіндісорғыны үрлеп тазартуды
жүзеге асыру керек;
- ерітіндіні жағатын кезде форсунканы сыланатын бетке үлкен бұрышпен және одан
шамалы арақашықтықта ұстау керек.
16.19 Әйнекті орнату орнына көтеруді және тасымалдауды сәйкес келетін
құралдарды немесе арнайы ыдысты қолдану арқылы жүргізу керек.
16.20 Әйнекті кесуді қалыпты температура кезінде арнайы үстелдерде көлденең
қалыпта жүзеге асыру керек.
16.21 Жиылмалы сатыларды әйнекке және қапсырма білеушелеріне сүйеуге рұқсат
етілмейді.
16.22 Әйнекті абразивті құралмен механикалық немесе қолмен өңдеу кезінде
(фаскаларды алу, тесіктерді бұрғылау, тегістеу және басқалары) әйнек салушылар
қорғаныс көзілдірігімен, респираторлармен, тері саусаққа киетіндермен қамтамасыз етілуі
керек.
17 АҒАШ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ
17.1 Ағаш құралымдарын дайындау және құрастыру (монтаждау) кезінде
жұмысшыларға жұмыс сипатына байланысты келесі қауіпті және зиянды өндірістік
ықпалдардың әсер етуін ескерту бойынша шараларды қарастыру керек:
- өндірістік жабдықтың жылжымалы
бөлшектері;
- қозғалмалы
бұйымдар, дайындамалар,
материалдар;
- жұмыс орнын 1,3 м және одан жоғары биіктіктегіқұламаға жақын орналастыру;
- материалдардың және құралымдардың беттеріндегі үшкір жиектері, қабыршақтары
және кедір-бұдырлығы;
- уытты,
химиялық, қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар.
17.2 17.1-тармақта көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар бар болған
кезде ағаш құрылыстарды құрастыру (монтаждау) қауіпсіздігі еңбекті қорғау бойынша
шешімдерді
қолданатын
ұйымдастыру-технологиялық
құжаттамасында
мазмұндалғандарды (құрылыс ұйымының, жұмыстарды өндіру жобаларын және т.б.)
орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- биіктіктегі жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- құрылыс қондырғыларының реттілігін анықтау;
- құрастыру процесінде құралымдардың және ғимарат бөліктерінің орнықтылығын
қамтамасыз ету;
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
71
- құрылыс элементтерін ірілендіре құрастыру сызбалары
мен тәсілдерін анықтау;
- ағаштарды антисептиктеу және оттан қорғайтын өңдеу бойынша жұмыстарды
жүргізген кездегі қауіпсіздік шаралары.
17.3 Ағаш құралымдарын құрастыру (монтаждау) бойынша жұмыстарды өндірген
кезде осы бөлімнің талаптарынан басқа осы Ережелердің 14-бөлімінің және «Қазақстан
Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің» талаптары ескерілуі керек.
Механикаландырылған құралды қолданған кезде осы Ережелердің 6-бөлімінің талаптарын
басшылыққа алу керек. Ағашты өңдеу және құралымдарды антисептиктеу және оттан
қорғайтын өңдеу бойынша жұмыстар кезінде қолданылатын материалдардың өндіруші
зауыттарын басшылыққа алу керек.
17.4 Қабат аралық және шатыр жабындарының арқалықтарын төсеуді, төбелерді
жамауды, сондай-ақ аралық төсемдерді төсеуді төсеніштермен жүзеге асыру керек.
Көрсетілген жұмыстарды жиылмалы сатылармен орындауға тыйым салынады.
17.5 Ағаш құралымдарын монтаждау және жұмыстардың басқа түрлерін өндіру үшін
уақытша төсеулерді қабатаралық және шатыр жабындарының арқалықтары бойынша
төсеу керек.
Уақытша төсеулердің қалқандары мен тақталарын жақын жалғау, ал олардың
түйістірілген орындарын арқалықтардың осьтері бойынша орналастыру керек.
17.6 Құралым элементтерін құрастыру орнына дайын күйінде беру керек.
Құралымдарды дайындауды төсеніштерде және тұрғызылған құралымдарда жүргізуге
(орны бойынша бөлшектердің қосылыстарынан басқа) тыйым салынады.
17.7 Ағаш құралымдарды монтаждау жүргізілетін төсеніштерді олар толық
бекітілгенге дейін осы құралымдарға жалғауға немесе тіреуге болмайды.
17.8 Антисептикалық және оттан қорғану құрамдарын мәжбүрлі желдетуі бар жеке
бөлмелерде дайындау керек.
Осы құрамдарды дайындау орындарына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
17.9 Жапсарлас бөлмелерде қандай да бір жұмыстар кезінде немесе бір бөлмеде
аралық жұмыстар кезінде құралымдарды бір бөлмеде антисептиктеуге рұқсат етілмейді.
18 ОҚШАУЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ
18.1 Оқшаулау
(гидрооқшаулағыш,
жылуоқшаулағыш,
тоттануға
қарсы)
жұмыстарын жүргізген кезде жұмыс сипатына байланысты жұмысшыларға келесі қауіпті
және зиянды өндірістік ықпалдардың әсер етуін ескерту бойынша шаралар қарастырылуы
керек:
- жұмыс аймағы ауасының жоғары
шаңдануы және газдануы;
- жабдықтардың, материалдардың беттерінің және жұмыс аймағы ауасының жоғары
немесе төмен температурасы;
- жұмыс орындарының 1,3 м және одан жоғары биіктігі бойынша құламаға жақын
орналасуы;
- жабдықтардың, материалдардың беттеріндегі үшкір жиектері, қабыршақтары және
кедір-бұдырлығы;