Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет36/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
68 
16 ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
16.1 Әрлеу  (сылау,  сырлау,  қаптау,  әйнектеу)  жұмыстарын  орындау  кезінде  жұмыс 
сипатымен  байланысты  жұмысшыларға  келесі  қауіпті  және  зиянды  өндірістік 
ықпалдардың әсер етуін ескерту жөнінде шараларды қарастыру керек:  
- жұмыс аймағы ауасының жоғары шаңдануы және газдануы
- жұмыс орнының 1,3 м және жоғары биіктігі бойынша құламаға жақын орналасуы; 
- әрлеу материалдарының және құралымдардың үшкір жиектері, қабыршақтары және 
кедір-бұдырлығы; 
- жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтануы. 
16.2 16.1  көрсетілген  қауіпті  және  зиянды  өндірістік  ықпалдар  бар  болған  кезде 
әрлеу  жұмыстарының  қауіпсіздігі  еңбекті  қорғау  шешімдерін  қолданатын  ұйымдастыру-
технологиялық  құжаттамасындағыларды  (құрылыс  ұйымының,  жұмыстарды  өндіру 
жобаларын және т.б.) орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс: 
- материалдарды жұмыс орындарына беру тәсілдері мен құралдары
- жұмыс  орындарын  ұйымдастыру,  оларды  қажетті  төсеу  құралдарымен  және 
жұмысты өндіру үшін қажетті басқа шағын механикаландыру құралдарымен қамтамасыз 
ету; 
- құрамында  зиянды  және  отқа  қауіпті  заттары  бар  құрамдарды  қолданған  кезде 
желдетуді және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімдер болуы тиіс. 
16.3 Әрлеу  жұмыстарын  орындаған  кезде  осы  Ережелердің  талаптарын  орындау 
керек,  бояу  жұмыстарын  орындаған  кезде 
«Лак-бояу  материалдары  мен  еріткіштер 
қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің,  ҚР  СТ
  1.03-04  және        
ҚР ССТ 7.20.02 талаптарын орындау керек.  
16.4 Әрлеу  құрамдарын  және  мастиктерді  әдеттегідей  орталықтан  дайындау  керек. 
Оларды  дайындаған  кезде  осы  мақсаттар  үшін  құрылыс  алаңында  желдетумен 
жабдықталған, 
жұмыс 
аймағы 
ауасында 
зиянды 
заттардың 
шекті 
рауалы 
концентрацияларының асып  кетуіне  жол  бермейтін  бөлмелерді  қолдану  керек.  Бөлмелер 
залалсыз жуғыш құралдармен және жылы сумен қамтамасыз етілуі керек.  
Мәжбүрлі  желдетумен  жабдықталмаған  бояу  құрамдарын  дайындау  үшін  мобильді 
сырлау станцияларын пайдалануға рұқсат етілмейді.  
16.5 Биікте әрлеу жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орындары  МемСТ 23120 
және  МемСТ  12.2.062  талаптарына  сәйкес  келетін  төсеу  құралдарымен  және  оларға 
көтерілуге арналған басқыш-сатылармен жабдықталуы тиіс.  
Сылау немесе сырлау жұмыстары кезінде, басқа жұмыстар жүргізілетін немесе өтпе 
жолдар  бар  жерлерде  қолданылатын  төсеу  құралдарында  саңылаусыз  төсемдер  болуы 
тиіс. 
16.6 Зиянды немесе отқа қауіпті және жарылу қауіпті материалдармен жұмыс істеген 
кезде  жұмыс  уақытында,  сондай-ақ  жұмыс  аяқталғаннан  кейін  1  сағаттай  табиғи  немесе 
жасанды желдетуді қолдана отырып, бөлмені үздіксіз желдету керек.   
16.7 Әйнектеу немесе қаптау жұмыстары жүргізілетін орындарды қоршау керек. 
Әйнектеу  немесе  қаптау  жұмыстарын  бір  тік  сызық  бойынша  бірнеше  қабаттарда 
жүргізуге тыйым салынады. 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
69
 
16.8 Жарылу  қауіпті  булар  түзілетін  бояу  құрамдарын  қолдану  орындарындағы 
электр  сым  және  электр  жабдық  тоқтан  ажыратылуы  тиіс  немесе  жарылу  қауіпсіз 
орындауда атқарылуы керек, осы бөлмелерде отты қолдану арқылы жұмыс істеуге рұқсат 
етілмейді. 
16.9 Ғимараттар  мен  имараттардың  бөлмелерін  кептіру  үшін  ауа  қыздырғыштарды 
(электр  немесе  сұйық  отынмен  жұмыс  істейтін)  қолданған  кезде  «Қазақстан 
Республикасындағы өрт қауіпсіздік ережелерінің» талаптарын орындау керек.  
Бөлмелерге  отынның  жану  өнімдерін  бөлетін  шоқ  салатын  пештермен  және  басқа 
құрылғылармен бөлмені жылытуға және кептіруге тыйым салынады. 
16.10 Химиялық  қоспалары  бар  ерітінділермен  жұмыс  істеген  кезде  қолданылатын 
құраманы  дайындаушы  зауыттың  нұсқауларына  сәйкес  белгіленген  жеке  қорғаныш 
заттарын  (арнайы  киімді,  аяқ  киім,  резеңке  қолғаптарды,  қорғаныш  майларын,  қорғаныс 
көзілдіріктерін және т.б.) қолдану керек.  
16.11 Беттерді  құрғақ  тазалау  және  шаңдар  мен  газдардың  бөлінуіне  байланысты 
басқа  жұмыстар  кезінде,  сондай-ақ  механикаландырылған  астарлау  және  бояу  кезінде 
респираторларды және қорғаныс көзілдіріктерін қолдану керек.   
16.12 Беттерді  қышқылдың  немесе  каустикалық  соданың  көмегімен  тазалау  кезінде 
сақтандырғыш  көзілдіріктермен,  резеңке  қолғаптармен  және  кеудешесі  бар  қышқылға 
төзімді алжапқышпен жұмыс істеу керек. 
16.13 Ерітіндіні  төбеге  немесе  тік  бетке  жаққан  кезде  қорғаныс  көзілдіріктерін 
қолдану керек. 
16.14 Импорттықты  қоса  алғанда  бояу  құрамдарын  дайындау  және  жағу  бойынша 
барлық  жұмыстарды  орындаған  кезде  дайындаушы  кәсіпорындар  нұсқаулықтарының 
талаптарын сақтау керек.  
Бұл  кезде  басты  назарды  тек  орындалатын  жұмыстардың  сапасына  ғана  емес, 
сондай-ақ еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарына да аудару керек.  
Барлық істелінетін бастапқы компоненттерінде және бояу құрамдарында өрт-жарылу 
қауіптілікті сипаттайтын зиянды заттар, параметрлер, жағудың ұсынылған әдісінің сақтау 
мерзімдері  және  шарттары,  ұжымдық  және  жеке  қорғаныш  құралдарын  қолдану 
қажеттілігі болуы тиіс.   
16.15 Бензол,  хлорланған  көмірсутектер,  ментол  негізіндегі  еріткіштерді  қолдануға 
рұқсат етілмейді. 
16.16 Бояу  пневматикалық  агрегаттарды  қолдану  арқылы  бояу  жұмыстарын 
орындаған кезде: 
- жұмыс 
басталғанға 
дейін 
жабдықтың 
бұзылмағандығын, 
қорғанысты 
жерлендірілуін, дабылды тексеруді жүзеге асыруы қажет; 
- жұмыстарды  орындау  процесінде  шлангтердің  бүктелуіне  және  олардың 
жылжымалы болат арқандарға жанасуына жол бермеу керек
- ауаның  берілуін  ажырату  және  жұмыстағы  үзіліс  кезінде  немесе  агрегат  тетігінің 
ақаулығын анықтаған кезде ауа шұрасын жабу керек. 
Қатып  қалған  шлангтерді  жылы  бөлмеде  жылыту  керек.  Шлангтерді  ашық  отпен 
немесе бумен жылытуға рұқсат етілмейді. 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау