ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
84
22.22 Сымдармен жалғанған сөндіргіштерді және ажыратқыштарды реттеген кезде
олардың өздігінен немесе күтпеген жерден қосылуының немесе сөнуінің алдын алу
шаралары қабылдануы тиіс.
22.23 Монтаждалатын аппарат
тізбектерінің сақтандырғыштарын монтаждау
уақытында алып қою қажет.
22.24 Коммутациялық аппараттарда іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастағанға дейін
орындау қажет:
- коммутациялық аппараттардың серіппелі және жүк таситын жетектерді жұмысшы
емес жағдайға қою қажет;
- оперативті тізбектерді, дабылдама тізбектерін, жетектің күштік тізбектерін және
қыздыру тізбектерін сөндіру қажет;
- сөндіргіш бактарына және пневматикалық жетектерге ауа жіберу құбырларының
ысырмаларын жауып, құлпы салу және ондағы ауаны шығару қажет;
- қашықтықтан басқару кілттеріне және батырмаларына ««Қосуға болмайды.
Адамдар жұмыс істеп жатыр» тыйым салу плакаттарын ілу қажет.
22.25 Жетектерде және коммутациялық аппараттарда бір уақытта жұмыс жасауға
тыйым салынады.
22.26 Тоқ трансформаторларында жұмыс істеген кезде оған қосылған тізбектердің
монтажын толық аяқтағанға дейін екіншілік орауыштардың өткізгіштерін трансформатор
қысқыштарымен қысқа уақытқа тұйықталуы және жермеленуі тиіс. Кернеу
трансформаторының барлық өткізгіштерін монтаждау уақытында жермелеу қажет.
22.27 Электр тоғымен кептіру процесінде оқшаулау кедергісін өлшеу кезінде
магниттелген және жұмысшы орауыштарды қоректендіруді сөндіру қажет.
22.28 Кернеуді жіберумен байланысты тексерулер мен өлшеулерді жүргізу
уақытында күштік трансформатордың төбесінде болуға болмайды.
22.29 Аккумуляторды орналастыруда электродтарды дәнекерлеуді аккумуляторлық
батареяның заряды таусылғаннан кейін 2 с өткен соң ғана жүргізуге болады.
22.30 Кернеуді және электролит тығыздығын өлшеуді резеңке қолғаптарды,
респираторды
қолданып, оқшаулайтын резеңке кілемде тұрып жүргізу қажет.
22.31 Аккумуляторлардың полюсті қысқыштарының күйін тексеруді диэлектрлі
қолғаптарды киіп жүргізу қажет. Аккумуляторларды бір-бірімен жалғайтын болттарды
тартып бекіткен кезде кілттің аккумулятордың полярлығы әртүрлі пластиналарына
оқыстан жанасуын болдырмауға қарсы шаралар қабылдауы тиіс.
22.32 Кернеу астындағы сымдар төселген ұзын қораптар, жәшіктер, құбырлар,
блоктар арқылы сымдарды созуға, сонымен қатар жұмыстар өндірісінің жобасы бойынша
бекітілмеген құбырларда, науаларда және қораптарда сымдар мен кабельдерді төсеуге
болмайды.
22.33 Мегаомметр көмегімен сымдар мен кабельдердің оқшаулау кедергісін
тексеруді электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы ІІІ төмен емес қызметкерлер
жүргізуі тиіс. Сынау процесі кезінде кернеу болуы мүмкін сымдар мен кабельдердің
ұштарын оқшаулау және (немесе) қоршау қажет.
22.34 Электр таратудың ауа желілерін монтаждаған кезде:
- электр таратудың монтаждалған желісінің телiмдерін жермелеушіден 3 м артық
емес қашықтықта жермелеу қажет;