Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 450,82 Kb.
Pdf просмотр
бет27/30
Дата27.12.2019
өлшемі450,82 Kb.
#25066
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

      3) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу 
бағдарламаларын келіседі;
            4)  "Бастау  Бизнес"  жобасы  бойынша  қаржылай  емес  қолдау  операторы  болып 
табылады;
      5) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;
      6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің 
мамандану карталарын әзірлейді;
      7) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
            8)  жаңа  бизнес-идеяларды  іске  асыру  үшін  мемлекеттік  гранттар  беру/бермеу 
туралы қорытынды береді;
      9) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған Бағдарламаға 
қатысушыларды 1 жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді.
      Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері:
            1)  халықты  жұмыспен  қамту,  білім  беру,  кәсіпкерлік  және  ауыл  шаруашылығы 
мәселелері  жөніндегі  жергілікті  атқарушы  органдарға  аудандық  (қалалық)  деңгейде 
Бағдарлама бағыттары шараларының тиімді іске асырылуына жәрдемдеседі;
            2)  аудандық  (қалалық)  деңгейде  Бағдарлама  шараларының  іске  асырылуын 
мониторингтеуді жүзеге асырады;
            3)  ӨКП-мен  бірлесіп,  аудандардың  және  елді  мекендердің  мамандану  картасын 
айқындайды;


      4) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпорындарға, ұйымдарға және іске асырылып 
жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      5) жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты үйлестіреді;
      6) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
      Кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар 
құрамындағы аудандардың әкімдері:
      1) елді мекендерде Бағдарлама шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз 
етеді;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп,
халық  арасында  Бағдарламаға  қатысу  мәселелері  жөнінде  ақпараттық-түсіндіру 
жұмысын жүргізеді;
      3) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдарға консультациялар береді және 
қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ӨКП-ға/ЕДБ-ға/
МҚҰ-ға жібереді;
            4)  мобильді  топтардың  құрамында  ТжКБ  бар  кадрлар  даярлауға  үміткерлердің 
тізімін қалыптастыруға қатысады;
      5) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар 
етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді
      6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      7) ауданның және елді мекендердің мамандану картасын дайындауға қатысады;


      8) Бағдарламаның әртүрлі бағыттары бойынша қатысатын адамдарға мониторинг 
жүргізеді.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
            1)  Бағдарламаға  қатысу  мәселелері  жөнінде  азаматтарды  хабардар  етеді  және 
консультациялық  қызметтер  ұсынады,  құжаттарды  дайындауға  көмектеседі, 
үміткерлердің  қажеттілігін  зерделеу  мақсатында  оларға  консультация  береді, 
үміткерлердің  әлеуметтік  қолдауға  мұқтаждығын  бағалайды,  Бағдарламаға  қатысуға 
үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;
            2)  тізім  қалыптастырады  және  Бағдарламаға  қатысушыларды  білім  беру 
ұйымдарына қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жібереді;
      3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар 
беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;
      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған 
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП-мен 
өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
      6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді 
және есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін "ЕРДО" АҚ-ға оқып жүргендер жөнінде
ақпарат береді;
            7)  Бағдарламаға  қатысушылармен  еңбек  ресурстарының  ұтқырлығын  арттыру 
жөнінде  әлеуметтік  келісімшартқа  қол  қояды,  оның  орындалуын  және  шарттары 
орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуын мониторингтеуді 
жүзеге асырады;


            8)  "Еңбек  нарығы"  ААЖ  арқылы  Бағдарламаға  қатысушылардың  жұмысқа 
орналасуын және міндетті зейнетақы жарналарының болуын мониторингтеуді жүзеге 
асырады;
      9) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және
айқындайды;
      10) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске
асыру  мәселесімен,  жұмыс  берушілермен,  білім  беру  ұйымдарымен  және  жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасауды үйлестірумен айналысатын 
өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.
      Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс 
және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті 
органдардың  осы  Бағдарламада  көзделген  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлеу 
және  бекіту  жөніндегі  құзыреттері  білім  беру,  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту 
саласындағы,  кәсіпкерлік,  құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық 
мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тиісті ережелеріне енгізілетін болады.
      Бағдарламаны іске асыруға қажет ресурстар:
      1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге, 2018 жылы – 67 
392 995 мың теңге, 2019 жылы – 78 438 152 мың теңге, 2020 жылы – 86 177 355 мың 
теңге, 2021 жылы – 92 124 387 мың теңге көзделеді;
      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 
жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай 
кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" 


жүктеу 450,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау