"Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос
лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер порталда еркін қолжетімділікте
орналастырылады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты
жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет
көрсетуге арналған.
Портал жұмыс іздеушілер мен бос орындар (бос лауазымдар) туралы ақпаратты,
оған қоса "Еңбек нарығы" ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы
орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және жұмыс іздеушілер мен
жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі
жекеше онлайн-алаңдар дерекқорларын жұмысқа орналастырудағы делдалдық
бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ порталға еркін қолжетімділікте
орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі
жекеше онлайн-алаңдар өздерінің қалауы бойынша порталға жұмыс іздеушілер және
бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты еркін қолжетімділікте
орналастыра алады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары
порталда "жеке кабинет" арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне
қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен
қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша
міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек
ресурстары болуға тиіс.
Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен
қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді,
шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі
уәкілетті орган бекітеді.
Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және
жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не
жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты
жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес айқындалады.
Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ қоса алғанда, еңбек
нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – "Еңбек биржасын" және порталды
республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының
түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық
базасына енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп
қамтамасыз етеді.
Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және
сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен
жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
ЖАО осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар
мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға
пайдалана алады:
1) әлеуметтік-мәденет объектілерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі
және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық
қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;
2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру
және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар
полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт
алаңқайларын жайластыру);
3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының
қолжетімділігін
қамтамасыз
ету
үшін
әлеуметтік-мәдени
объектілерді,
инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, ағымдағы жөндеу;
4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (
қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар,
аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және
ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен
жабдықтау жүйелері).
ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
Достарыңызбен бөлісу: |