154
2-Қосымша
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
балаларды шетел азаматтарының асырап алуы туралы істер
бойынша сот шешімінің үлгісі
69
Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты
құрамында сот төрағасы __________, хатшы _________, аудан прокурорының көмекшісі ______________,
қамқоршылық немесе қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын орган өкілі__________,
«№____ Ба-
лалар үйі» ММ өкілі __________, аудармашы __________ қатысуымен, 2010 жылдың 16 мамырында дүниеге
келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап алу туралы Канада азаматтары Грей Смит пен Эмили
Смиттің өтініштері бойынша азаматтық істерін жабық сотта қарастырды.
ШЕШІМ ШЫғАРДЫ:
Өтініш білдіруші Канада азаматтары Грей Смит пен Эмили Смит 2003 жылдың 19 наурызынан бастап
некеде тұратынын, осы некеден 2005 жылы туған Пол Смит есімді ұлдары бар екенін көрсетіп, олардың
үлкен отбасы болуды әрқашан армандағанын, алайда, медициналық көрсеткіш бойынша өздерінің
биологиялық балаларының болмайтынына байланысты___________ қаласының «№____ балалар үйі» ММ
тәрбиеленушісі, 2010 жылдың 16 мамырында дүниеге келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап
алу туралы өтініш беріп, сотқа жүгінді.
Отбасын үлкейткісі келіп, бала асырап алуға бел байлаған. Олар бала – Қазақстан Республикасы азама-
тын асырап алуға ниетті шетел азаматтары ретінде Канададағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде
тіркелген. Өтініш білдірушілер соттан бала асырап алу жөніндегі өтінішті қанағаттандыруды және
баланың тууы туралы акт жазбасына баланың тегін «Смит», атын «Анжела Лэйс» етіп өзгертіп, әкесінің
атын алып тастап, туған күні мен туған жерін бұрынғыдай қалдырып, әкесі деген нұсқаға «Грей Смит»,
анасы деген нұсқаға «Эмили Смит» деп көрсетіп, өзгеріс енгізуді сұрап отыр.
Сот отырысында өтініш білдіруші Грей Смит пен Эмили Смит өз өтініштерін толық қолдай отырып,
бір ұлдары бар екенін, алайда, өздерінің биологиялық балалары болмайтынын атап өтіп, сол себепті бала
асырап алуға бел байлағанын айтып түсіндірді. Олар ____ жылы _____ айының _____ күнінен бастап
Канададағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде № __ ___болып тіркелген.
____ қаласына келіп, №___ балалар үйін барып көрген, төрт апта бойында олар күн сайын Анжелаға келіп
жүріп, оған бауыр басып қалған, олардың арасында өзара қимастық сезімі туындаған.
Бала тәрбиесі үшін олардың барлық жағдайы жасалған, балаға қажетті барлық қажетті жабдықтармен
қамтылған жеке бөлмесі бар жеке меншік үйде тұрады. Баланың денсаулығы жөнінде мәлімет алған және
оған көмектесуге даяр. Баланы асырап алу туралы өтініштерін қанағаттандыруды және баланың тууы ту-
ралы акт жазбасына өзгеріс енгізуді сұрап отыр.
Өтініш білдірушілердің, №___балалар үйі өкілінің, қамқоршылық немесе қорғаншылық қызметін
жүзеге асыру органы өкілінің, түсініктемелерін, мәлімделген талаптардың қанағаттанарлық екені туралы
прокурордың қорытындысын тыңдап, істің материалдарын зерттеп және ұсынылған құжаттарды бағалап,
сот, Канада азаматы Грей Смит және Эмили Смиттің Иванова Анжеланы асырап алу туралы өтінішін
мынадай негіздер бойынша қанағаттанарлық деп есептейді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабына сәйкес,
бала асырап алуға тек кәмелетке толмаған балаларға қатысты және олардың толық тән саулығын,
психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып,
тек қана солардың мүддесінде жол беріледі.
1994 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы бекiткен «Бала құқықтары туралы» конвенциясының 3-
бабында балаларға қатысты барлық әрекеттерде бала мүдделерін барынша жақсы қамтамасыз етуге басты
назар аударылады деп көрсетілген.
ҚОСЫМША
69 Құпиялылықты ескеріп, барлық келтірілген мысалдарда ойдан алынған есімдер, мекен-жайлар және басқа сәйкестендіру ақпараттары
көрсетілді.