158
Сот сонымен бірге «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі
97-бабының 2-тармағына сәйкес бала асырап алушылардың тілегі бойынша баланың есімі мен фамилия-
сын өзгертуге мүмкіндіктері бар деп санайды.
Өтініш білдірушілер баланың «Иванова» тегін «Смит» тегіне, «Анжела» есімін «Анжела Лэйс» есіміне
өзгертуді, «Константиновна» деген әкесінің атын алып тастап, туған күні «2010 жылдың 16 мамыры»
және туған жері «____ қ. » екенін өзгеріссіз қалдыруды, «Иванов Константин» деп көрсетілген әкесінің
орнына «Грей Смит», «Кривко Ирина Федоровна» деп көрсетілген анасының орнына «Эмили Смит» деп
көрсетуді қалайды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабына сәйкес,
бала асырап алушылардың өтiнiшi бойынша сот туу туралы актілер жазбалары кiтабына оларды өздері
асырап алған баланың ата-аналары ретiнде жазу туралы шешiм қабылдайды.
Жоғарыда аталғандар негізінде және Қазақстан Республикасы АІК 217-221, 317-5 баптарын басшылыққа
ала отырып, сот
ШЕШТІ:
Канада азаматтары Грей Смит және Эмили Смиттің бала асырап алу туралы өтініштері қанағаттандырылсын.
Канадалық азаматтар 1976 жылы 15 қыркүйекте туған Грей Смит пен 1978 жылы 18 наурызда туған Эми-
ли Смит Қазақстан Республикасының азаматы ______ қаласының тумасы 2010 жылы 16 мамырда дүниеге
келген кәмелетке толмаған Иванова Анжела Константиновнаға қатысты асырап алу белгіленсін.
2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген, кәмелетке толмаған Иванова Анжела Константиновнаның ___
жылы ____ айы ___ күні берілген № ______ туу туралы акт жазбасына өзгеріс енгізілсін.
•
«Иванова» тегі «Смит» тегіне, «Анжела» есімі «Анжела Лэйс» есіміне өзгертілсін, «Константиновна»
әкесінің аты алынып тасталсын, туған күні «2010 жылдың 16 мамыры» және туған жері «____ қ. » екені
өзгеріссіз қалдырылсын.
•
«әкесі» бағанында «Иванов Константин» деп көрсетілген әкесінің орнына «Грей Смит»;
•
«Кривко Ирина Федоровна» деп көрсетілген анасының орнына «Эмили Смит» деп көрсетілсін.
Осы шешімнің көшірмелері бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органына, қамқорлық
және қорғаншылық мекемелеріне және № __ балалар үйіне мәлімет үшін жіберілсін.
Сот шешіміне _________ қаласының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған
ауданаралық сот арқылы _________ қалалық сотына оның көшірмесін тапсырған күннен бастап 15 күн
ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады.
Төрағалық етуші __________________
Шешімді төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде «LG» компьютерінде басып, мөрлеп, бір дана етіп дайындады.
Судья _________________
ҚОСЫМША
159
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
з-Қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын
балаларды шетел азаматтарының асырап алуы туралы іс
бойынша
70
сот отыРысы Хаттамасының үлгісі
_______ қ. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты
Құрамында:
Төрағалық етуші ___________________________________________________________________________
Сот отырысының хатшысы __________________________________________________________________
Прокурор дың қатысуымен __________________________________________________________________
2010 жылы 16 мамырда дүниеге келген Иванова Анжела Константиновнаны асырап алу туралы канадалық
азаматтар Грей Смит және Эмили Смиттің өтініштері бойынша ____ жылы_____ айы _____ күні _______
қаласының кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының орын-
жайында жабық сот отырысында қарастырды.
Қазақстан Республикасының АІК 180-бабына сәйкес, сағат 10:00-де төрағалық етуші сот отырысын ашып,
қандай істің қаралатынын жария етеді.
Қазақстан Республикасының АІК 181-бабына сәйкес, төраға сот отырысына қатысатын тараптардың
келуін анықтады.
Сот отырысының хатшысы ____ қаласы ___ ауданы прокурорының көмекшісі_______, өтініш білдірушілер
Грей Смит пен Эмили Смит, аудармашы _______, _______ қаласы _______ ауданы бойынша қамқоршылық
немесе қорғаншық қызметін жүзеге асыратын мекеме өкілі _______ , _______ қаласының «№ ___ қалалық
балалар үйі» ММ-нің өкілі _______ қатысып отырғанын мәлімдеді.
Төрағалық етуші аудармашының жеке басын тексереді:
Аудармашы: _______, 3.06.1980 жылы тудым, _______ қаласының тумасымын, білімім жоғары, заңды не-
кеде тұрамын, сотталмағанмын, жеке кәсіпкермін, _______ қаласы, _______ көшесі, ____үй мекен-жайын-
да тұрамын.
Төралық етушінің сұрағы: орыс және ағылшын тілдерін қандай деңгейде игергенсіз?
Аудармашы _________: мен ағылшын тілі курсын тәмамдағанмын, ал орыс тілінде еркін сөйлеймін, (сотқа
диплом мен куәлік көшірмесін көрсетті).
Сот диплом мен жеке куәлігін тексерген, көшірмелері іс материалдарына қосылған.
Анкеталық деректері бойынша сұрақтар түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының АІК 182-бабына сәйкес, төрағалық етуші аудармашыға оның сот жүргізіліп
отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға
іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария
етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар
консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару
міндетін, аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін екенін түсіндіреді.
70 Құпиялылықты ескеріп, барлық келтірілген мысалдарда ойдан алынған есімдер, мекен-жайлар және басқа сәйкестендіру ақпараттары
көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |