Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет6/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

ТҮЙІНДЕМЕ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Педагогтар санын және олардың еңбекақысын қайта қарау қажеттілігі бар. Ағымдағы оқушы-
мұғалім  арақатынасы  жүйеде  мұғалімдердің  біршама  артық  екенін  көрсетеді.  Оқушы-мұғалім 
арақатынасының  және  сыныптар  көлемінің  ұлғаюы  мұғалімдердің  біліктілігі  мен  еңбекақысын 
арттыруға  инвестициялау  үшін  ресурстарды  босатуы  мүмкін.  Бұдан  басқа,  негізгі  жалақы  оқу 
жүктемесімен  (ставка  жүйесі)  байланысты  болатын  мұғалім  қызметінің  тұжырымдамасы  кейбір 
алаңдаушылықтар  туғызады,  себебі  ол  мұғалім  орындайтын  көптеген  басқа  міндеттерді 
қарастырмайды  және  оның  мектеп  қызметіне  қатысуын  шектейді.  Демек,  ставка  жүйесін 
пайдалану  қайта  қаралуы  тиіс.  Кәсіпке  сапалы  және  шектеулі  іріктеу  және  жалақысы  жоғары 
мұғалімдердің аз саны мұғалімдердің кәсіптілігін арттыруға жәрдемдесуі мүмкін.    
Есептілік және дамуға жәрдемдесу үшін бағалау және ақпараттық жүйелерді пайдалану  
Қазақстан  мұғалімдер  мен  мектепті  бағалаудың  маңыздылығын  растайды,  бірақ  қазіргі 
уақытта  қалыптасқан  есептілік  және  даму  функцияларын  теңестіру  мүмкіндігі  бар.  Мұғалімдер 
мен  мектептерді  дамыту  мақсатында  оларды  аттестаттауға  көңіл  бөлу  қажет  екені  анық,  себебі 
бағалау  нәтижелері  тиімді  оқыту  туралы  кәсіптік  пікірталастарға  және  мұғалімдер  мен 
мектептердің педагогикалық практиканы жақсарту жөнінде ұсынымдар алуына ықпал етеді.    
Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  сыртқы  және  тәуелсіз  мониторингін  жақсарту  үшін 
жеткілікті  мүмкіндіктер  бар.  Мониторингтің  қазіргі  тәсілі  нормалардың  сақталуына  бағытталған 
және  білім  беру  қызметін  талдауға  әкелмейді.  Ол  тиімділікті,  әділдікті  және  баға-сапа 
арақатынасын  бағалауда  шектеулі.  Білім  беру  ресурстарын  пайдалану  бойынша  мониторингтің 
сыртқы  тәуелсіз  жүйесі  басымдық  болуы  тиіс.  Сыртқы  және  тәуелсіз  агенттіктер  қазіргі 
мониторинг  жүйелері  алатын  ауқымды  деректер  талдауын  жақсарта  алады.  Ашықтық  және 
есептілік  шеңберлерін  жетілдіру  ресурстарды  тиімсіз  пайдалану  және  барлық  жүйеде  бар 
сыбайлас  жемқорлық  жағдайларын  азайтуға  көмектесуі  мүмкін,  алайда,  нормативтік  құқықтық 
актілердегі іліктерді қысқарту бойынша қосымша саясат та қажет. 
Сондай-ақ, ақпарат жинау жүйесі мен практикасы да жақсартуды талап етеді. Атап айтқанда, 
деректерді  жинау  мен  өңдеудің  әрбір  кезеңінде  ақпарат  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша 
рәсімдер қосылуы тиіс. Оған қоса, Қазақстан мектеп және жергілікті деңгейлерде қызмет туралы 
ақпаратты,  оның  ішінде  мектеп  туралы  және  білім  беруге  арналған  жергілікті  бюджет  туралы 
ақпаратты тарату процесін жақсартуы тиіс. Бұл мектеп аттестаттаулары туралы есептерді қамтуы 
мүмкін.  Сондай-ақ,  мектеп  директорлары  мектеп  қызметі  туралы  есептерді  және  қаржы 
жоспарларын  қол  жетімді  тілде  интернетте  немесе  мектептердің  ақпараттық  тақталарында 
орналтыра  отырып  және  ашықтықты  арттыра  отырып  таратуы  тиіс.    Бұдан  басқа,  мектептерде  
қамқорлық  кеңестерінің  болуы  алдағы  өзгерістер  аспектілерінде  мектеп  деңгейінде  ашықтықты 
және 
есептілік 
рәсімдерін 
жақсарту 
үшін 
мүмкіндіктер 
ашады.   
                                                      
1
 Осы есепте «Мұғалімдерді алғашқы даярлау» ЖОО және ТжКБ ұйымдарында педагогикалық мамандарды 
даярлауды білдіреді. 
 
 
 


 
 


ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
 
 
ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
Білім беру жүйесінің мәнмәтіні   
Қазақстанда мектептегі білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Бастауыш, негізгі 
және  орта  біліммен  жүз  пайыз  қамту  қамтамасыз  етілген,  бірақ  қабылданған  оқушылардың 
санында  географиялық  орналасқан  жері,  әлеуметтік-экономикалық  мәртебесі  мен  жынысы 
бойынша  айырмашылықтар  байқалады.  Елде  білім  алудың  жалпы  деңгейінің  жоғары  болуына 
қарамастан,  2012  PISA  15  жастағы  қатысушыларының  нәтижелері  оқыту  сапасын  жақсарту 
қажеттілігін  көрсетеді.  Математика  бойынша  қазақстандық  оқушылар  ЭЫДҰ  елдеріндегі 
өздерінің құрдастарынан орта есеппен 2 жылға артта қалуда және оқушылардың шамамен 45%-ға 
жуығы  сауаттылықтың  бастапқы  деңгейіне  жетпеген,  бұл  орта  есеппен  ЭЫДҰ  қарағанда  едәуір 
жоғары  (23%).  Оқыту  тілі,  мектептердің  орналасқан  жері  және  оқушылар  мен  мектептердің 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  оқушылардың  жетістіктерінде  рөл  атқарады.  Ұлттық  және 
халықаралық  бағалар  да  қалалық  және  ауылдық  мектептердің  оқушылары  арасындағы  едәуір 
айырмашылықтарды көрсетеді. 
Қазақстан білім беру жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар реформалар қабылдады және 
халықаралық  стандарттар  мен  озық  практикаға  жиі  жүгінеді.  Реформалау  бойынша  бастамалар 
мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейтуді, мектепті қаржыландырудың жаңа тетіктерін (оның 
ішінде  жан  басылық  қаржыландырудың  жаңа  схемасын)  әзірлеуді,  шағын  жинақталған 
мектептерді  қолдаудың  ресурстық  орталықтарын  құруды,  мектеп  инфрақұрылымын  дамытуға 
одан  әрі  инвестицияларды  және  мектептерде  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  қолдануды 
қамтиды.  Осы  реформалар  мәнмәтінінде  білім  беруге  бөлінетін  ресурстарды  ұлғайту  ниеті  анық 
болғанымен,  бір  оқушыға  жұмсалатын  шығын  ЭЫДҰ  елдері  мен  басқа  да  көршілес  елдерге 
қарағанда едәуір төмен болып қалуда; сектордың иімділігі мен оның жұту қабілетінен туындайтын 
сенімсіздікке байланысты білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығынды ұлғайтуға ниеттің жоқ 
екені байқалады. Осы баяндамада Қазақстанда мектептегі білім берудің тиімділігі талданады және 
тиімділікті арттыру әлеуеті бар немесе одан әі мемлекеттік инвестицияларды талап ететін саясат 
салалары анықталады. Келесі саяси басымдықтар Қазақстанның мектеп жүйесіндегі ресурстарды 
пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында анықталған.   
Күшті жақтар мен талаптар 
Жүйе үшін нақты бағыттар берілген, бірақ көбірек тиімділік үшін жәрдемдесу мүмкіндіктері 
шектеулі  
Елдің  дамуының  жалпы  тұжырымдамасында  білім  беру  Қазақстандағы  басты 
басымдықтардың  бірі  ретінде  қаралады,  және  стратегиялық  бағдарламалар  білім  беру  жүйесінің 
сапасын  арттыру  бойынша  күрлері  реформаларды  ұсынады.  Соңғы  озық  бастамалардың 
кейбіреулері  жанбасылық  қаржыландыруды  енгізуді  және  мектептегі  мідетті  оқу  мерзімін 
ұзартуды  қамтиды.  Білім  беру  әкімшілігінің  әлеуетін  арттыру  анағұрлым  тиімді  білім  беру 
жүйесін  жасау  алдында  тұрған  басты  проблемалардың  бірі  болып  табылады.  Соңғы  жылдары 
ұлттық  деңгейде  Министрліктің  әлеуетін  ұлғайту  немесе  мысалы  іс-шаралар  жоспарын  орындау 
және білім беру мен қаржылық деректерді талдау мақсатында мамандандырылған  ұйымдар құру 
бойынша алдын ала қадамар жасалды. 
Ауқымды  орталық  жоспарлау  және  нормалардың  кең  жүйесі  кеңес  үкіметі  кездерінен 
алынған,  сектордағы  нақты  бағыттылықты,  саясаттың  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін  және 
мақсаттарға қол жеткізу бойынша прогрес мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім 
беруді  басқарудың  қазақстандық  жүйесінің  екі  негізгі  ерекшелігі  болып  табылады.  Дегенмен, 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау