1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
көбірек ынтымақтастық жасауда
1
. Бұдан басқа, Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь
Республикасымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ құруда
2
.
Білім беру жүйесін басқару
Функцияларды көпдеңгейлі бөлу
Қазақстан өзінің тәуелсіздігі туралы 1991 жылы жариялады және заңнамалық, атқарушылық
және сот тармақтарына ресми бөлінген билігі бар басқарудың президенттік жүйесінің негізін
қалады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті 1991 жылдан басқарып келеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігі Премьер-Министрдің, барлық салалық министрлердің,
өңірлік әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Қазақстанның саяси жүйесін тәуелсіз
зерттеу демографиялық процестердің шектелуін және қоғамдық талқылаудың жеткіліксіз
еркіндігін анықтады (ICG, 2013; Хайнрих, 2010; Бхуян, 2012).
1.1-
кестесі Қазақстан аудандары
Аумақ
Облыс
орталығы
Аудан
(мың. км2)
Халық
(мың, 2009)
Халық тығыздығы
(км2-ға бір адам,
2009)
Ақмола облысы
Көкшетау
146.2
737.5
5.0
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
300.6
757.8
2.5
Алматы облысы
Талдықорған
224.0
1 807.9
8.1
Атырау облысы
Атырау
118.6
510.4
4.3
Шығыс-Қазақстан
облысы
Өскемен
1 283.2
396.6
4.9
Қарағанды облысы
Қарағанда
428.0
1 341.7
3.1
Қостанай облысы
Қостанай
196.0
885.6
4.5
Қызылорда облысы
Қызылорда
226.0
678.8
3.0
Маңғыстау облысы
Ақтау
165.6
485.4
2.9
Солтүстік-Қазақстан
облысы
Петропавл
98.0
596.5
6.1
Павлодар облысы
Павлодар
124.8
742.5
5.9
Оңтүстік-Қазақстан
облысы
Шымкент
117.3
2 469.3
21.1
Батыс-Қазақстан облысы
Орал
151.3
598.9
4.0
Жамбыл облысы
Тараз
144.3
1 022.1
7.1
Астана қ.
-
0.7
613.0
875.7
Алматы қ.
-
0.3
1 365.6
4 552.1
Қазақстан Республикасы
Астана
2 724.9
16 009.6
5.9
Дереккөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі (2011), Қазақстан Республикасының Ұлттық санағының
қорытындылары 2009 жыл: Талдамалық есебі, Астана.
Қазақстан айқын бөлінген иерархияның төменгі деңгейлеріне саяси, әкімшілік және фискалды
өкілеттіліктерді өте аз қалдыратын, жоғары орталықтандырылған, иерархиялық ұйымдастырылған
жүйе ретінде сипатталады. Әкімшілік тұрғыда ел 14 өңірге және республикалық маңызы бар екі
қала - қазіргі Астана және бұрынғы астана Алматы қалаларына бөлінген (). Президент
тағайындайтын облыс әкімдері жергілікті жерлердегі оның өкілдері болып табылады, өңірлерді
басқарады және Президенттің мемлекеттік стратегиялық шешімдерінің орындалуына жауап
береді. Бұдан әрі ел 87 қаланы, 37 кентті және 6904 ауылдық елді мекенді қамтитын 175 ауданға
бөлінген. Облыс әкімдері аудан басшыларын лауазымға тағайындауға және одан босатуға да
жауапты болады.
Білім беру жүйесінде ұлттық деңгейде бірнеше тарап бар. Президент Әкімшілігі білім беру
стратегиясын белгілеу мен негізгі бастамаларды дайындауда маңызды рөл атқарады. Президент
білім беру саласындағы барлық негізгі бастамаларға қатысады және әдетте, әр жылдың қаңтар
айында шығарылатын өзінің жыл сайынғы жолдауында білім беру жүйесі үшін нұсқаулар береді,
1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
кейін оларды ҚР БҒМ іске асырады. Бұдан бақа, Президент Әкімшілігі дарынды балаларды
оқытуға арналған «Назарбаев зияткерлік мектептері» желісін дамыту сияқты, ел үшін ерекше
маңызы бар бастамаларды тікелей әзірлейді және жүзеге асырады (3-бөлімдегі 3.1-ендірмені
қараңыз). Президент Әкімшілігі білім беру стратегияларында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу
барысының мониторингі бойынша есептерді жалпы қарауға да жауап береді.
ҚР БҒМ білім беру, ғылым, балалар құқығын қорғау және жастар саясаты саласындағы
бақару мен салааралық үйлестіруге жауап беретін орталық орган болып табылады. «Білім туралы»
2007 жылғы ҚР Заңы ҚР БҒМ-ге келесі өкілеттіктерді береді: білім беру саласындағы саясатты
анықтау және орындау, білім беруді қаржыландыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді
әзірлеу, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу, бағалау жүйелерін
ұйымдастыру және енгізу, мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптарды қалыптастыру, қазақ
тілінде оқыту процесін қолдау, білім беру саласындағы халықаралық келісімдерге қол қою. ҚР
БҒМ ерекше маңызды бағыттар бойынша өз жұмыстарын қолдау үшін бірнеше ведомстволық
бағынышты ұйым құрды (2-бөлімді қараңыз).
Стратегиялық және ағымдағы жоспарлар қысқа, орташа және ұзақ мерзімді болашаққа
арналған бағыттар мен мақсаттарды айқындайды, ал нормативтік құжаттар жүйесі осы бағыттар
мен мақсаттардың қалай жүзеге асырылатынын белгілейді. Ұлттық мақсаттарды жүзеге асыру
және нормативтік құжаттар жүйесіне сәйкестігін қамтамасыз ету барысының мониторингі үшін
барлық деңгейде көптеген тетіктер бар. Жалпы, ҚР БҒМ Президент Әкімшілігі алдында есеп
береді, оның тиімділігін ЭБЖМ (2014 жылғы тамыздан бастап Ұлттық экономика министрлігі
болған), ал бюджеттің орындалуын ҚМ бақылайды.
Облыстар мен аудандар мектептерде білім беру қызметтерінің ұсынылуына жауапты болады.
Облыстар мен аудандардың шығыстарды жүзеге асыру бойынша міндеттерінің нақты анықтамасы
2007 жылғы Бюджет кодексінде белгіленген. Осыған дейін әрбір облыс өзінің қарауы бойынша
денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметтері бойынша
міндеттемелерді аудандарға беретін. Теорияда бұл түрлі сипатқа және жергілікті билік
органдарының түрлі жергілікті жағдайларға бейімделуіне алып келуі мүмкін еді. Алайда, шын
мәнінде, шығындарды жүзеге асыру кезіндегі қарастырудың құқығын шектеумен бірге
нормативтік құжаттар мен жоспарлаудың ауқымды жүйесі жергілікті деңгейде қызметтер
көрсетудегі аз ғана өзгешеліктерге алып келді (Махмутова, 2001). Оған қоса, облыстар мен
аудандар орталық атқарушы органдардың саясатын бұза алмайды және ұлттық мүдделерді
сақтауы тиіс (Бхуйян, 2010).
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мектептер дербестіктің шағын дәрежесіне
ие. Олардың міндеттеріне сыныптар арасында оқушыларды бөлу, үлгерімі төмен оқушыларды
қолдау стратегиясын әзірлеу, басшылық және педагогикалық құрам тобын құру кіреді. Мектеп
директорларында кадрлық ресурстарды басқаруда дербестіктің салыстырмалы түрде жоғары
деңгейі бар, атап айтқанда, мұғалімдерді жалдау, олардың арасындағы міндеттерді бөлу және
оларды жұмыстан шығару. Алайда, мектептегі лауазымдардың саны мен түрлері орталық
нормативтік құжаттармен, әсіресе оқу жоспарына қойылатын талаптармен, үлгілік штаттармен
және мектептегі оқушылардың санымен қатаң реттеледі. Мектеп директоры мұғалімдердің
апталық жүктемесін ставка жүйесіне сәйкес бөледі. Бұл мектепте талап етілмеген мұғалімдерге
оларды жұмыстан шығарудың орнына аз сағат саны бөлінетінін білдіреді (толығырақ 3-бөлімді
қараңыз). Шындығында, жұмыстан шығару өте сирек кездеседі. Мектеп директоры қандай
мұғалімдерді өзінің орынбасарлары етіп тағайындайтынын өзі шеше алады, бірақ директордың
орынбасарларының түрі мен саны заңнамамен бекітілген.
Қамқоршылық кеңестер мен ата-аналар комитеттері мектеп қызметінде маңызды рөл
атқарады. Оқып жатқан балалардың ата-аналарынан тұратын ата-аналар комитетінің барлық
мектепте болуы дәстүрлі қалыптасқан. Олар мұғалімдер ата-аналар жиналысында сайлайтын ата-
аналардың ресми емес (заңнама түрінде тіркелмеген) тобы болып табылады. Олардың
функциялары қолдаушы болған және солай қалады, олар мектеп іс-шараларын ұйымдастырады,
әлеуметтік және мәдени қызметке, мектеп саяхаттарын және т.б. шараларды ұйымдастыруға
көмектеседі. Әдетте, оларда мектептің кадрлық және қаржылық құжаттарына рұқсат болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |