Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет15/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100

1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Кейбір  мектептерде  2007  жылдан  бастап  Қамқоршылық  кеңестері  жұмыс  істеп  келеді.  Олардың 
құрамына,  ата-аналардан  басқа,  қоғам  және  басқа  жергілікті  көшбасшылар  өкілдері  кіреді. 
Олардың  мектепті  басқарудағы  функцияларына  мектеп  стратегиясын  әзірлеуге  қатысу,  негізгі 
қызметкерлерді  тағайындау  және  мектептің  қаржылық  қызметін  бақылау  кіреді.  Алайда, 
Қамқоршылық кеңестері бұл  маңызды міндеттерге тек сирек жағдайларда ғана қатысады, қазіргі 
кезде  олардың  қызметі  ата-аналар  комитеті  сияқты,  әлеуметтік  және  мәдени  шараларды 
ұйымдастыруға жәрдемдесуден тұрады. Оған қоса, бүгінгі күнге дейін олар барлық мектептердің 
жартысынан  азында  ғана  құрылған.  Тоғызыншы  сынып  оқушыларының  ата-аналары  арасында 
сауалнама  жүргізу  ата-аналардың    40%-ы  мектеп  іс-шараларына  және  сынып  жұмысына  үнемі 
қатысатынын,  ал  қалғандары  мұғалімдер  мен  ата-аналардың  жиналыстарына  сирек  келетіндерін 
көрсетті.  Ата-аналардың  шамамен  75%-ы  өз  балаларына  үй  жұмысын  орындау  кезінде  үнемі 
көмектеседі (ҰБСБО, 2012). Қазақстанда ата-аналар, әдетте, орта есеппен алғанда ЭЫДҰ елдеріне 
қарағанда, өз балаларының білім алуына көбірек араласады (ЭЫДҰ, 2013a). 
 Қазақстандағы  даму  стратегиялары  жөніндегі  консультациялар,  әдетте,  тек  мемлекеттік 
органдар  арасында  ғана  жүргізіледі  және  ұйымдастырушылық  иерархия  тәртібінде  жүзеге 
асырылады. Азаматтық қоғам мен мүдделі топтардың білім беру саласындағы рөлі үлкен емес. ҚР 
БҒМ ресми веб-сайтын жасап және оны жүйелі жаңартып және білім беру ұйымдарын өздерінің 
веб-сайттарын жасауға көтермелеп, ашықтықты арттыруға тырысты.   
Кеңес  Одағының  ыдырауы  және  шетелдік  донорлық  ұйымдардың  одан  кейінгі  қызметі 
Қазақстанда коммерциялық емес сектордың пайда болуына және дамуына ықпал етті. Дегенмен, 
көбі белсенді емес 200 ресми тіркелген ұйымның ішінен қазіргі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) 
саны және олардың білім беру секторына нақты әсері аз болып көрінеді  (Ибраева және Нежина, 
2013)  және  халықаралық  ұйымдардың  білім  беру  жүйесін  дамытудағы  маңыздылығы  біртіндеп 
төмендеуде.  Соңғы  онжылдық  ішінде  білім  беру  жүйесі  үшін  кейбір  қаржыландыру  сыртқы 
ұйымдардан  қарыздар,  гранттар,  демеушілік  және  қайырымдылық  көмек  түрінде  түсіп  отырды. 
Білім беру саласындағы жобаларын қолдайтын халықаралық ұйымдарға мемлекеттік стратегиялар 
мен реформалар саясатын әзірлеудегі техникалық көмектен бастап оқу алмасу бағдарламаларына 
дейінгі  әр  түрлі  тәжірибесі  мен  басымдығы  бар  ұйымдар  кіреді.  Халықаралық  үкіметтік 
ұйымдарды  (мысалы,  Еуропалық  комиссия,  АДБ,  Дүниежүзілік  банк,  ЮНЕСКО,  ЮНИСЕФ), 
жекелеген  елдердің  үкіметтік  ұйымдарын  және  басқа  ҮЕҰ  (мысалы,  Сорос  Қоры)  қоса  алғанда 
олардың  көпшілігі  өз  қызметін  1990  жылдардың  басында  және  ортасында  бастады.  Әдетте, 
басымдықтар 
білім 
берудің 
демократиялық 
құндылықтарын 
дамытудан, 
басқаруды 
орталықсыздандыру  мен  институцианалдық  дамудан,  жаңа  оқулықтар  мен  оқу  материалдарын 
әзірлеу  мен  жариялаудан,  мұғалімдер  мен  басшыларды  өндірістен  қол  үзбей  оқытудан  тұрады 
(АДБ, 2004).  
Құқықтық және стратегиялық негіздер  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995)  мен  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  Заңы  (2007)  білім  беру  жүйесінің  негіздерін  айқындайды.  Заң  білім  берудің 
мақсаттары  мен  қағидаттарын,  әкімшілік  құрылымын,  мемлекеттік  және  жеке  меншік  мектептер 
жүйесін  белгілейді.  Ол,  сондай-ақ,  білім  беру  ұйымдарының  әкімшілік  және  қаржылық 
орталықсыздандырылуын  белгілейді.  Білім  берудің  нормативтік-құқықтық  негізіне  басқа 
заңнамалық  актілердің,  Президент  жарлықтарының,  Үкімет  қаулыларының,  Білім  және  ғылым 
министрі бұйрықтарының, ҚР БҒМ алқасы шешімдерінің  белгілі бір ережелері кіреді. Білім беру 
саласындағы  саясатты  әзірлеу  түрлі  жоспарлы  құжаттар  мен  стратегиялардың,  атап  айтқанда, 
БДМБ негізінде жүзеге асырылады.  
Қазақстанда  елдің  көрінісін  жалпы  анықтау  үшін,  сондай-ақ  орталық  деңгейдегі  білім  беру 
жүйесінің әрбір аспектісін реттеу үшін мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесі қолданылады. 
Бірқатар стратегиялар мен жоспарлы құжаттар келісушілікті қамтамасыз етеді және қысқа, орташа 
және ұзақ  мерзімді болашақта  саясат  әзірлеу  кезінде  нұсқаулық  ретінде  пайдаланылады. Барлық 
негізгі  стратегиялық  құжаттар  заңнамалық  құрылымның  бір  бөлігі  болып  саналады.  Мектепте 
білім беру жүйесін стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік жүйесіне төмендегілер кіреді: 


1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 

 
Ұзақ  мерзімді    перспективаға:  2012  жылы  қабылданған  «Қазақстан-2050:  бір  ел,  бір 
халық, бір тағдыр»  стратегиясы 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясын 
алмастырады және алдағы жылдары елдің көрінісін қамтиды.  

 
Орташа мерзімді перспективаға: бірнеше стратегиялық құжаттар, атап айтқанда БДМБ 
(2010 жылы қабылданған) және Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 және 2014-
2018  (2014  жылғы)  жылдарға  арналған  Стратегиялық  жоспары  қабылданды.  Сонымен 
қатар,  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі    іс-қимылдың 
2012-2016  жылдарға  ұлттық  жоспары  (2012  жылғы),  Орта  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты (2012 жылғы) қабылданды. 

 
Қысқа  мерзімді  перспективаға:  Президенттің  Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы 
жолдауы  жаңа  бастамалар  мен  жаңа  стратегияларды  қабылдауға  мүкіндік  береді,  содан 
кейін  олар,  әдетте,    стратегиялық  салалық  құжаттар  мен  заңдар  шеңберінде  әзірленеді. 
Министрліктер,  ҚР  БҒМ қоса  алғанда,  әр жылға  арналған  ағымдағы  жеке жоспарларын 
әзірлейді.  
Стратегиялар  тиісті  мемлекеттік  органдарға  арналған  есептілікте  тұрақты  түрде 
қадағаланатын  және  көрсетілетін,  іске  асыру  барысын  өлшеуге  арналған  белгілі  бір  нысаналы 
индикаторлар  мен  көрсеткіштерді  қамтиды.  Жоспарлау  жүйесі  ұйымдастырушылық  иерархия 
негізінде  жұмыс  істейді.  Облыстар  және,  сәйкесінше,  аудандар  да  ұлттық  стратегиялық 
мақсаттарды  нақты  өңірлік  және  жергілікті  іске  асыру  жоспарларына  өзгертіп  және  нысаналы 
мәндерді  қызмет  саласындағы  мониторинг  индикаторларына  тұжырымдай  отырып,  білім  беру 
жөніндегі  өз  стратегиялары  мен  жоспарлық  құжаттарын  әзірлейді.  Стратегиялық  жоспарлаудың 
мұндай  тәсілі  алысқа  бағытталған  стратегиялық  мақсаттардың  көрсеткіштер  қатарына  барабар 
бөліне  алады  және  жергілікті  және  өңірлік  органдар  олардың  басты  құралы  ретінде  осы 
көрсеткіштер арқылы нәтижелерді бақылай алады деген болжамға негізделген.  
Мектептегі білім беру жүйесінің құрылымы мен негізгі сипаттамалары 
Қазақстандағы білім беру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және 
орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімді қоса алғанда), орта білімнен кейінгі, жоғары 
білімге (1.А2 қосымшасындағы білім беру жүйесінің құрылымын қараңыз) бөлінеді. Осы есептегі  
«мектептегі  білім  беру»  термині  бастауыш  білімді  (1-4  сыныптар),  негізгі  орта  білімді  
(5-9  сыныптар)  және  жалпы  орта  білімді  (10-11  және  12
3
  сыныптар)  білдіреді.  Конституцияға 
сәйкес,  білім  берудің  осы  деңгейлері  ммлекеттік  білім  беру  ұйымдарында  міндетті  және  тегін 
болып табылады. 
Білім беру жүйесінің құрылымы  
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту  
Мемлекеттік  бөбекжайлар  мен  балабақшалар  желісі  0-ден  6  жасқа  дейінгі  балаларды 
мектепке  дейінгі  тәрбиелеумен  және  оқытумен  қамтамасыз  етеді.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарымен  қамту  мектептегі  білім  беруде  байқалатын  қамтудың  жоғары  деңгейлерінен  артта 
қалған.  1990-жылдардың  басында,  әсіресе  ауылды  жерлерде,  мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарының  70%-ы  жабылып  қалғн,  осының  нәтижесінде  балалардың  көпшілігінде  мектепке 
дейінгі білімге қол жетімділігі болмады. Қазақстанда 2005-2010 жылдар аралығындағы кезеңде ел 
бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту коэффиценттері еке есе артқан (2005 жылғы  23%-дан 
2010 жылғы 42%-ға дейін), осы ретте ауылды жерлердегі бұл өсу алты есе болған (6,7%-дан 35%-
ға  дейін)  (ЭЫДҰ,  2014a).  Мектепке  дейінгі  білім  беру  Қазақстан  мектептерінде  ресурстарды 
пайдалану  тиімділігін  жақсарту  жөніндегі  саясатты  шолудың  мазмұнына  қосылмаған,  бірақ 
ЭЫДҰ-ның жеке шолуының мәні болып табылады (Литенс және басқаларын қараңыз, жариялауға 
дайындалуда).  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау