1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
(2013)
(2012)
Мемлекеттік шығындар ЖІӨ
3
-
ден %-бен
Білім берудің барлық шығындары
3.8
5.6
Бастауыш және орта білім
2.1
3.6
Қамтудың таза коэффициенті
Бастауыш және негізгі орта білім (6-14 жас)
99
98
Жалпы орта білім (15-19 жас)
86
83
Сыныптың орташа көлемі
Бастауыш және негізгі орта білім
23
21
Орта білім
18
24
Оқушы-мұғалім қатынасы
5
Бастауыш және негізгі орта білім
17
15
Орта білім
6
13
Оқыту нәтижелері
PISA 2012
математика, орташа балл
432
494
PISA
2012 математика, % 2-деңгейден төмен
45
23
Ескерту:
1:
Арнайы түзету мектептерін, республикалық мектептері және басқа мектептерді қамтиды.
2:
Оқушылар саны 2012 жылғы деректерге негізделген.
3: ЭЫДҰ үшін 2011 жылғы деректерге негізделген .
4: Қазақстан үшін 2012 жылғы деректерге негізделеген.
5: Есептерде Қазақстан үшін мұғалімдердің нақты саны, ЭЫДҰ үшін мұғалімдер санының толық штаттық бірлігінің баламасы
пайдаланылған .
Дереккөздер: ҰББСБО (2014) және ЭЫДҰ (2014b).
Ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар жеке «түзету»
мектептерінде, кәдімгі мектептердің жеке сыныптарында, немесе үйінде оқытылады. Кәдімгі
мектептерде оқитын, ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар құрамын
арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат шаралары қабылдануда (3-бөлімді қараңыз).
Қамту, тиімділік және жетістіктер
Қазақстанда бастауыш және орта білімге қол жетімділік жүз пайыз деуге болады. 2013 жылы
қамтудың таза коэффициенті (ресми белгіленген мектеп жасына сәйкес келетін халық үлесінде
көрінетін ресми белгіленген мектеп жасындағы балаларды қамту) бастауыш білімде 99%-ды және
негізгі орта білімде 86%-ды құрады (1.2-кестені қараңыз). Қазақстан баршаға арналған бастауыш
және орта біліммен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізе алды, бірақ географиялық орналасуы,
әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары және жыныстық тиесілілігі бойынша қамтуда аздаған
өзгешеліктер бар. Қыз балалар мен ер балалар, ауылдық жерлер мен қалалар, жоғары және төмен
табыс деңгейі бар отбасылар арасындағы қамтудағы айырмашылық бастауыш білімдегі бір
пайыздық тармақтан кем (ЮНИСЕФ, 2012). Бұл айырмашылықтар табыс деңгейі ең төмен халық
санатына жататын балаларды қоспағанда, орта білімде де байқалады. Мектепті тастап кеткен
балалардың шамамен 90%-ға жуығы – бұл аз қамтамасыз етілген және төмен отбасылардан
шыққан балалар (Сингх, 2012). Білім алуға тең қол жетімділікке қарамастан, мектептер бір-бірінен
ресурстарының саны және сапасы бойынша едәуір ерекшеленеді (3-бөлімді қараңыз). Бұдан басқа,
әсіресе ауылды жерлерде мектепке дейінгі біліммен қамтудың төмен деңгейі оқушылардың
мектепке түсу кезінде әр түрлі бастауыш мүмкіндіктеріне әкеледі. Қазақстанда мектепке дейінгі
білім беру ұйымына бір жылдан артық уақыт барған балалардың пайыздық үлесі (24%) PISA
бағдарламасына қатысқан елдерде ең төмендерінің бірі болып табылады (ЭЫДҰ, 2013b).
Халықтың білім деңгейі өте жоғары: 25 жастан жоғары ересек адамдардың төрттен бір
бөлігінің жоғары білімі бар, 30% - орта білімнен кейінгі білімі бар, 40% жалпы орта білім алған
(АТО, 2014). Әйелдер арасында білім деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: әйелдердің 28%-ы ерлер
1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
арасындағы 23%-бен салыстырғанда жоғары білім алған және әйелдердің 33%-ы ерлер
арасындағы 29%-бен салыстырғанда орта білімнен кейінгі білім алған (АТО, 2014). Ресми емес
деректер оқушылардың сұрыпталғаннан қалған пайызының өсу қарқынын көрсетіп отыр, себебі
мемлекеттік оқу бағдарламасы қазіргі заманғы еңбек нарығына сәйкес келмейді деп қабылданады,
алайда, осы мәселе бойынша ресми деректер жоқ (ЮНИСЕФ, 2012).
Қазақстанда соңғы жылдар ішінде оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты бағалаудың
халықаралық бағдарламаларының нәтижелері береді. 2007 жылдан бастап Қазақстан Оқу
жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық өткізетін (IEA) Математикалық және
жаратылыстану-ғылыми білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеуге
(TIMSS) және 2009 жылдан бастап Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық
бағдарламасына қатысады (PISA). TIMSS 4 және 8-сынып оқушылары арасындағы математикалық
және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша оқу жетістіктері туралы ақпарат береді және әр
төрт жыл сайын өткізіледі. PISA 15 жастағы арасында оқу, математика мен жаратлыстану-ғылыми
пәндер бойынша оқу жетістіктерін халықаралық салыстырмалы зерттеу болып табылады және үш
жылда бір рет өткізіледі.
TIMSS зерттеуінде 2007 жылы 4-сынып оқушылары математикадан 549 балл және
жаратылыстанудан 533 балл жинады, бұл Қазақстанға 36 елдің ішінде 5-ші және 11-ші орынды
иеленуге мүмкіндік берді (Муллис және басқалары 2008, Мартин және басқалары 2008). Жүйенің
нәтижелері TIMSS-2011 келесі кезеңінде шамамен орташа деңгейге дейін төмендеді. 2011 жылы
4-сынып оқушылары математикадан 501 балл және жаратылыстанудан 495 балл жинады, бұл
Қазақстанды Жаңа Зеландия, Норвегия және Швециямен қатар рейтингтің ортасына
орналастырды. Ел 50 елдің ішінде 4-сынып оқушылары арасында математикадан 27-орынды,
4-сынып оқушылары арасында жарытылыстанудан 32-орынды алды (Мартин және басқалары,
Муллис және басқалары). Оған қоса, 2011 жылы 8-сынып оқушыларын бағалау нәтижелері де
4 жыл бұрын 4-сынып оқушылары бола отырып тест тапсырған балалардың нәтижелерінен төмен
болды (математикадан 487 балл және жаратылыстанудан 490 балл). 2011 жылы TIMSS-2011
нәтижелері төртінші сынып және сегізінші сынып оқушыларының жартысынан астамы
математикадан да (62% және 57%) және жаратылыстанудан да (58% және 58%) «орташа
көрсеткіш» деңгейіне жеткенін көрсетті, бұл ЭЫДҰ елдерінің нәтижелеріне балама және осы
тестілер бойынша орташа халықаралық деңгейден жоғары болды.
PISA 2012 жылы қазақстандық оқушылар орта есеппен математикадан 432 балл (бағалаудың
басты аясы), оқудан 393 балл және жаратылыстанудан 425 балл алған, ал ЭЫДҰ елдерінің
оқушылары орта есеппен сәйкесінше 494, 496 және 501 балл алған (ЭЫДҰ, 2014с) (1.2-суретті
қараңыз). Математика бойынша нәтижелердің орташа деңгейіндегі айырмашылық қазақстандық
15 жастағы оқушылардың орта есеппен ЭЫДҰ елдеріндегі өздерінің жастастарынан екі жылға
артта қалып отырғанан көрсетеді. Шамамен қазақстандық 15 жасар оқушылардың 45%-ы
математикадан төмен нәтижелер көрсетеді, олар бір дереккөзден тиісті ақпаратты шығара алады
және тұтастай салдармен міндеттерді шешу үшін негізгі алгоритмдерді, формулаларды, рәсімдерді
немесе ережелерді қолдана алады. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен біршама
жоғары (23%). Оқушылардың шамамен 0,9%-ға жуығы математикадан ең жоғары нәтижелерді
көрсетеді, олар күрделі жағдайлар бойынша модельдер әзірлеп, олармен жұмыс істей алады,
ойлау мен пайымдаудың ауқымды, жақсы дамыған дағдыларын қолдана отырып, стратегиялық
жұмыс істей алады. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен төменірек (13%).
Балдардың таралуы үлкен емес және жоғарғы және төменгілер арасында математикадан
балдардағы айырмашылық 10% пайыз оқушыларда PISA қатысқан елдер арасында шағын болып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |