Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет10/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100

ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Үлгерімі  нашар  және  төмен  отбасылардан  шыққан  оқушыларға  және  мектептерге  көбірек 
көңіл бөлу  
Білім  беру  мүмкіндіктерінің  теңдігін  арттыру  үшін  үлгерімі  нашар  оқушылардың  үлгерімін 
арттыруға  қосымша  күш  жұмсау  қажет.  Дарынды  және  басқа  оқушыларды  оқыту  арасында 
ресурстардың  ұсынылуын  бірдей  ету  қажет.  Атап  айтқанда,  дарынды  оқушыларды  академиялық 
олимпиадаларға  дайындауға  инвестициялау  аса  ұтымды  емес.  Мемлекеттік  ресурстардың 
шектеулі көлемі, керісінше, үлгерімі нашар оқушыларды қоса алғанда, оқушылардың көпшілігіне 
бағытталуы  тиіс.  Осы  проблеманы  шешу  бойынша  нақты  шаралар  ресурстардың  ағымдағы 
бөлінуінің теңдігін қайта қарап және үлгерімі нашар және аз қамтамасыз етілген оқушылар үшін 
көбірек  қаржыландыруды  қамтамасыз  ете  отырып,  барлық  балаларға  базалық  сапа  білімін  беру 
үшін «осал оқушылар» түсінігін кеңейтуді қамтиды. 
Мектептер  мұндай  оқушыларды  ертерек  анықтау  және  қолдау  бойынша  көтермеленуі  тиіс. 
Анықтағаннан  кейін  жүйе  осы  оқушыларды  оқуының  барлық  уақытында  қолдауы  тиіс.  Бұл 
мектептерге,  сыныптарға  немесе  тәуекел  тобындағы  жекелеген  оқушыларға  қосымша  ресурстар 
қажет  екенін  білдіреді.  Барлық  оқушыларға  арналған  талаптар  жүйе  ішінде  артылуы  тиіс  және 
сынып  ішіндегі  оқушыларды  олардың  қабілеттері  бойынша  бөлу  практикасы  тоқтатылуы  тиіс. 
Әрбір  оқушы  қосымша  тәлімгерлік  немесе  коучинг  арқылы  қолдау  немесе  өз  күшін  ашу 
мүмкіндігін  алуы  тиіс.  Мектепке  келмейтін  оқушыларға  ерекше  көңіл  бөлінуі  тиіс  және  осы 
тәуекелді азайту жөніндегі саясат іске асырылуы тиіс.  
Мектептерді  қаржыландыру  формуласын  енгізу  кейінге  қалдырылуы  және  қайта  қаралуы 
тиіс  
Жаңа 
болжамды 
қаржыландыру 
схемасының 
енгізілуі 
қаржыландыру 
тетіктері 
жетілдірілгенге  дейін  кейінге  қалдырылуы  тиіс.  Қаржыландырудың  жаңа  схемасын  енгізуге 
жеткілікті дайындық оның жетістігінің қажетті шарты болып табылады. Пилоттық жобаны терең 
зерттеу  қажет  және  оның  нәтижелерін  жариялап,  көпшілікпен  талқылау  қажет.  Кейіннен  қазіргі 
халықаралық  тәжірибе  негізінде  әзірленетін  қаржыландырудың  жаңа  схемасын  анықтау  үшін 
пилот жобаларын пайдалану орынды. Пилоттық жоба мониторингін жобаны іске асыратын ұйым 
емес, сыртқы ұйым жүргізуі тиіс.   
Мектеп желісін ұйымдастыруды жақсарту  
Ауылда  білім  беруді  қамтамасыз  етудің  ұлттық  стратегиясын  әзірлеу  қажет.  Қазақстанның 
барлық  ауқымды  ауылды  аудандарындағы  шағын  жинақталған  мектептер  жүйесіне  баса  назар 
аудару  тұрақсыз  болып  табылады  және  сапамен,  тиімділікпен  және  әділдікпен  байланысты 
проблемаларға әкеледі. Стратегияның негізгі төрт компоненті болуы тиіс: I) ұлттық стратегиялық 
бағыт  және  шағын  жинақталған  мектептерді  шоғырландыру  жоспары;  II)   ауыл  мектептерінің 
ресурстарды  тиімді  басқару  бойынша  икемділігі;  III)  ауыл  мектептерінде  ресурстарды  бөлудегі 
теңдік пен әділдік; және IV) шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын мониторингілеу 
тетіктері.  Шағын  жинақталған  мектептердің  қажеттіліктерін  қолдау  үшін  ресурстық  орталықтар 
ашу жөніндегі бастаманы қарау және бағалау қажет. 
Адами ресурстарды басқаруды жақсарту  
Қазақстан жоғары білікті педагогикалық кадрлар мен басшыларды дамыту бойынша шралар 
қабылдауы  тиіс.  Біріншіден,  үміткерлердің  қабілеттерін  бағалау  тестілері  мен  сұхбаттар  және 
оларды  уәждеу  арқылы  педагогикалық  мамандыққа  түсуге  қойылатын  талаптарды көтеру  қажет.   
Институттар  мен  ЖОО-да  мұғалімдерді  алғашқы  даярлау  орындарының  саны  мектеп  жүйесінің 
қажетті  санына  дейін  шектеулі  болуы  тиіс.  Екіншіден,  институттар  мен  алғашқы  педагогикалық 
даярлық білім беру бағдарламаларының сапасын да жақсарту қажет, сондай-ақ барлық деңгейлер 
бойынша  педагогикалық  кәсіпке  кірген  кезде  жоғары  білімді  талап  ету  қажет.  Педагогикалық 
мамандықтар санын мұғалімдердің бірнеше пәнді оқытуы үшін төмендету қажет, осылайша, адами 
ресурстарды  басқару  тиімділігін  арттыру  қажет.  Үшіншіден,  мектеп  басшылары  мен 
мұғалімдеріне  арналған  стандарттарды  дамыту  және  кеңінен  тарату  Қазақстанда  мектеп 
директоры немесе жақсы мұғалім болудың не екенін жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін негізгі 


ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
болып табылады. Соңында, ставкаға негізделген мұғалімдерге ақы төлеуден мұғалімдердің жұмыс 
жүктемесіне ақы төлеуге көшу қажет, бұл  мұғалімдердің кәсіптілігін жақсартуға маңызды қадам 
болуы мүмкін. Педагогикалық кадрлардың жалпы саны, сондай-ақ еңбекк ақы төлеу деңгейі қайта 
қаралуы тиіс.   
Мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларын  кәсіптік  дамыту  үшін  құрылымдық,  тұрақты  және 
маңызды мүмкіндіктер беру  
Қазақстанда  мұғалімдер  арасында  біліктілікті  арттырудың  тұрақты  практикасының  анық 
қажеттілігі  бар,  ол  қызметтің  әртүрлілігін  қамтиды  және  мектептің  даму  жоспарына  негізделеді 
және мұғалімдердің біліктілікті арттыру бойынша қажеттіліктерін көрсетеді. Жақсы оқытудың не 
болып  табылатынын  анықтау  және  нақты  белгілеу  қажет  және  мұғалімдер  осы  деңгейге  қол 
жеткізген  кезде  көтермеленуі  тиіс.  Сондай-ақ,  мектептегі  көшбасшылықты  дамытудың  жүйелі 
тәсілі  қажет.  Қазіргі  уақытта  басшы  дағдыларының  диагностикасы  біліктілікті  арттыруды 
жақсарту  бойынша  шаралар  қабылдауды  негізгі  элемент  болы  тиіс.  Бұл  мектептерді 
қаржыландырудың  жаңа  тетігін  жоспарланған  енгізу  кезінде  ерекше  маңызды,  ол  мектеп 
басшылары тарапынан қаржылық менеджмент қағидаттарын түсіну бойынша көбірек тиімділікті 
талап етеді. 
Мектептердегі оқу уақытын пайдалануды қайта қарау  
Қазақстан үш ауысымды мектептерді жою бойынша күш салуды қолдауы және екі ауысымды 
мектептердің бастауыш сынып оқушыларына әсерін барынша азайту жолдарын зерттеуі тиіс. Көп 
ауысымды  мектептерде  барлық  бастауыш  сыныптар  бірінші  ауысымда  оқуы  тиіс,  бұл  бастауыш 
мектеп оқушыларына да және оқуы сол күні кешірек басталатын жоғары сынып оқушыларына да 
пайдасын  тигізеді.  Жылдам  демографиялық  өзгерістер  мен  жаңа  мектептерді  салудағы 
қиындықтар  кезінде  бірнеше  ауысымда  оқу  білім  беруге  қол  жетімділікті  жеңілдетуі  мүмкін, 
алайда,  білім  берудің  сапасына  теріс  әсер  етуі  мүмкін.  Қазақстан  ЭЫДҰ  елдеріндегі  ресми  оқу 
уақытының  орташа  көрсеткіштеріне  сәйкес  келу  үшін,  әсіресе  1-4  сынып  оқушылары  үшін  оқу 
сағаттарының нормаларын реттеуі тиіс. Мектептегі салыстырмалы қысқа күн төмен отбасылардан 
шыққан  және  үлгерімі  нашар  балаларды  тәуекелге  ұшыратуы  мүмкін.  Мектеп  күнін  ұзарту 
бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  тиімді  болып  танылды.  Сондай-ақ,  мектептерге  оқу  уақытын 
ұйымдастырудың  әр  түрлі  жолдарын  зерттеуді  ұсыну  қажет.  Әр  түрлі  нұсқалар  демалыстар 
кезінде немесе басқа кез келген нысанда сыныптан тыс бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтуы 
мүмкін.  
Мектеп  қоғамының  белсенді  қатысуына  және  мектептер  арасындағы  тығыз  әріптестікке 
жәрдемдесу  
Ата-аналар мен басқа да мүдделі тараптардың мектеп өмірі ұйымдастыруға және білім беруді 
дамытуға  септігін  тигізуге  қатысуының  көптеген  мүмкіндіктері  бар.  Қамқорлық  кеңестері 
практикасын  тарату  дұрыс  бағыттағы  қадам  болып  табылады.  Дегенмен,  ата-аналар  мен  қоғам 
мүшелерінің  мектеп  өміріне  қол  жетімділігінің  бірнеше  жолын  жасауға  болады.  Мысалы, 
жергілікті  қоғамның  мектеп  объектілерін  пайдалануы  тұрақты  емес,  себебі  мектеп  басшылары 
мектептің  материалдық-техникалық  базасының  пайдаланылуын  ұлғайтқысы  келмейді  немесе 
ұлғайта  алмайды.  Мектеп  пен  қоғам,  сондай-ақ  мектептер  арасындағы  ынтымақтастық 
Қазақстанда  ресурстардың  анағұрлым  тиімді  пайдаланылуына  ықпал  етуі  мүмкін.  Мектеп 
басшылары басқа мектептермен әріптестік жасауда белсенді рөл атқаруы және ортақ объектілерді, 
кадрлар мен жабдықты пайдалану арқылы білім беру жүйесін жақсартуға жәрдемдесуі тиіс. 
Практиканы  жақсарту  үшін  мұғалімдерді,  басшыларды  және  мектептерді  бағалауды 
пайдалану  
Бағалау  практикасы  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  арттыру  үшін  бірнеше  салада 
күшейтілуі  мүмкін.  Біріншіден,  педагогикалық  аттестаттаудың  дамушы  функциясы  күшейтілуі 
мүмкін.  Мектеп  мақсаттарын  анықтау  және  басқалары  үлесіне  жататын  мұғалім-әдіскерлер,  аға 
әріптестер  және  мектеп  басшылығы  жүргізетін  мектептің  ішкі  процестері  барлық  мектептерде 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау