Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет18/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100

1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
1.2-
сурет PISA-2012 оқу бойынша оқушылардың жетістік деңгейлері 
 
Дереккөз:  ЭЫДҰ  (2014с),  PISA  2012  нәтижелері:  оқушылар  нені  жасай  алады  және  біледі  (1-том,  қайта  қаралған 
редакция,  2014  жылғы  ақпан):  Оқушылардың  математика,  оқу  және  ғылымдар  бойынша  нәтижелері
http://dx.doi.org/10.1787/9789264208780-en

Қазақстанда,  PISA  зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес,  мектептерді  оқыту  тілі,  мектептердің 
орналасуы,  оқушылар  мен  мектептердің  әлеуметтік-экономикалық  сипаттамалары  оқушылардың 
нәтижелеріне  әсер  етеді.  Алайда,  елеулі  гендерлік  айырмашылық  байқалмайды.  Қазақ  тілінде 
оқитын  мектеп  оқушылары  орыс  тілді  мектеп  оқушыларына  қарағанда  анағұрлым  төмен 
нәтижелер  көрсетті,  PISA-2012,  осы  ретте  оқу  мен  математика  бойынша  нәтижелердегі 
айырмашылық оқудың шамамен бір  жылына  тең  (Дүниежүзілік  банк,  2014).  Бұл  вариациялар  әр 
түрлі 
мектептерге 
баратын 
оқушылардың 
әлеуметтік-экономикалық 
мәртебесіндегі 
айырмашылықты немесе осы мектептердің оқушыларында бар ресурстарындағы айырмашылықты 
көрсетуі  мүмкін.  Дүниежүзілік  банк  жүргізген  талдау  мектеп  ресурстарының  2009  және  2012 
жылдар  арасындағы  PISA  орта  балдарын  жақсартуға  оқушылардың  әлеуметтік  жағдайы  сияқты 
әсер  еткенін  көрсетті.  Математика  бойынша  мектеп  ресурстары  үлгерімі  жақсы  оқушылардың 
нәтижелерін жақсартуға көбірек әсер етсе, оқу сауаты бойынша олар үлгерімі орташа және төмен 
балаларға  көбірек  әсер  етеді  (Дүниежүзілік  банк,  2014).  Ауылды  жерлерде  (халқы  3000  адамнан 
кем)  немесе  кенттер  мен  шағын  қалаларда  (халқы  3000-нан  100 000  адамға  дейін)  орналасқан 
мектептердің оқушылары арасындағы айырмашылық елеулі болған жоқ, бірақ қалалардағы (халқы 
100 000  мыңнан  астам)  мектептердің  оқушылары  PISA-2012  анағұрлым  жоғары  нәтижелерді 
көрсетті (ЭЫДҰ, 2013b). Алайда, ауылды жердің мектептеріндегі оқушылардың нәтижелері PISA 
2009  салыстырғанда  бір  оқу  жылына  жақсарса,  қала  мектептеріндегі  олардың  жастастарының 
нәтижелері  оқудың  жарты  жылына  жақсарған.  Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  мәртебе 
көрсеткіштері  бойынша  төмен  ширекке  жататын  оқушылар  жоғарғы  ширек  оқушыларына 
қарағанда  анағұрлым  төмен  нәтижелер  көрсетті,  осы  ретте  математика  бойынша  айырмашылық  
оқытудың  бір  жылдан  астам  уақытына  баламалы  (ЭЫДҰ,  2013b).  Қазақстанда  оқушылардың 
математикадан  нәтижелеріндегі  айырмашылықтардың  8%-ы  оқушылардың  әлеуметтік-
экономикалық  мәртебесіндегі  айырмашылықтар  есебіне  жатады  (ЭЫДҰ  елдеріндегі  15%-бен 
салыстырғанда). ЭЫДҰ елдерінде ер балалар қыз балалардан математика бойынша орта есеппен 
11  балға  алда  келеді,    Қазақстанда  PISA-2012  ер  балалар  мен  қыз  балалардың  арасында  елеулі 
айырмашылық  байқалмайды    (ЭЫДҰ,  2013b).  Гендерлік  айырмашылық  Қазақстандағы  жоғарғы 
және төмен нәтижелер деңгейінде елеусіз және бұл айырмашылық орта есеппен  ЭЫДҰ елдеріне 
қарағанда төменірек. 


1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Бағалаудың  ұлттық  бағдарламалары  ел  бойынша  оқу  жетістіктеріндегі  елеулі 
айырмашылықтарға  көрсетеді.  Міндетті  оқу  аяқталғаннан  кейін  оқушылар  олардың  оқуларының 
нәтижелерін  растайтын  және  жоо  түсу  емтихандары  болып  табылатын  Бірыңғай  ұлттық 
тестілеуден  (бұдн  әрі  -  ҰБТ)  өте  алады.  2013  жылы  оқушылардың  шамамен  80  пайызға  жуығы 
ҰБТ  тапсырған.  Алайда,  облыстар  арасындағы  қамтуда  елеулі  айырмашылық  бар.  Мысалы, 
2013 жылы  Астана  қаласындағы  82  пайызбен  салыстырғанда,  Солтүстік  Қазақстан  облысында 
оқушылардың 55 пайызы ҰБТ тапсырған (ҰБСБО, 2013a, 2013b). Ауылды жерлердің оқушылары 
орташа  есеппен  қалалардағы  оқушыларға  қарағанда  8,74  балға  төмен  алған.  Алайда,  2012  және 
2013 жылмен салыстырғанда қалалардағы  (2,89 балл) және ауылдардағы  (3,86 балл)  оқушылар 
арасындағы  нәтижелер  айырмашылығы  нәтижелердегі  айырмашылықтың  азайып  келетінін 
білдіреді (АТО, 2014).  
Қазақстан  жетілуге  деген  үлкен  ұмтылысына  сәйкес  жаратылыстану  ғылымдары  мен 
математика  бойынша  халықаралық  олимпиадаларға  қатысудың  бұрынғы  салтын  ұстанады. 
2010 жылы  Қазақстан  51-ші  халықаралық  математикалық  олимпиадасын  өткізді,  онда 
қазақстандық оқушылар 98 қатысқан елдің ішінде 5-ші орынды алған (ЭЫДҰ, 2014a). 2013 жылы 
қазақстан  командасы  228  алтын,  285  күміс  және  335  қола  медаль,  сондай-ақ  33  сертификат  – 
барлығы  881  марапат  алды  (ҰБСБО,  2012).  Олимпиадалар  ұлттық,  өңірлік  және  жергілікті 
деңгейлерде  де  жүйелі  түрде  ұйымдастырылады;  оқушылардың  олимпиадаларға  қатысуы  үшін 
ынталандырулар қамтамасыз етіледі. 
Білімге  инвестициялардың  табыстылығы  тақырыбы  бойынша  зерттеулер  Қазақстанда  аз. 
Арабшибани  және  Мусуров  (2007)  2001  жылы  жүргізілген  үй  шаруашылықтары  зерттеулерінің 
нәтижелерін  пайдалана  отырып,  орта  білімнің  табыстарға  оң  және  елеулі  әсерін  көрсететін 
куәландыруларды анықтады. Бұл тұжырымдар табыстың орташа деңгейі бар елдер (Псахаропулос 
және  Патринос,  2004)  мен  ауыспалы  экономикасы  бар  елдер  бойынша (Мюних  және  басқалары, 
2005) зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес келеді.  
Білім беру саясатындағы соңғы тиісті өзгерістер  
Білім  беру  саласында  реформалар  бағдарламасы  өте  шамшыл:  Қазақстан  2020  жылға  дейін 
жоғары  білікті  жұмыс  күші  және  «ақылды»  экономикасы  бар  сауатты  елге  айналуы  тиіс.  Оның 
үстіне,  білім  елдің  келешектегі  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік-мәдени  гүлденуі 
байланысты  болатын  платформа  болып  саналады    (ҚР  БҒМ,  2010).  Соңғы  20  жылдың  ішінде 
ауқымды  экономикалық, әлеуметтік және  демографиялық  өзгерістер білім беру  жүйесінде  үлкен 
құрылымдық  өзгерістерге  әкелді.  Бүгінгі  күні  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыру 
үшін  терең  реформаларын  жүргізуді  жалғастыруда  және  озық  тәжірибе  мен  халықаралық 
стандарттарға көбірек бағытталуда.  
 Білім  беру  секторының қайта  түрленуінің  ағымдағы  стратегиясы  БДМБ  сипатталған.  БДМБ  
Қазақстан  Республикасында  білім  беру  саласын  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы,  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытудың  2008-2012 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  2007-2011  жылдарға  арналған  «Қазақстан 
балалары»  бағдарламасы,  Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиелеумен  және  оқытумен  қмтамасыз 
ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы сияқты бұрын қабылданған 
стратегияларды жалғастырады. 
БДМБ  білім беру жүйесінің толық диагностикасын, оның ішінде күшті және әлсіз жақтарын, 
мүмкіндіктері мен проблемаларын қамтиды және оларды шешу бойынша шараларды анықтайды. 
Мектептегі  білім  беру  жүйесінің  кейбір  негізгі  проблемалары  айқындалған:  i)  білім  беруге 
жұмсалатын  шығындардың  жеткіліксіз  деңгейі;  ii)  мұғалім  мамандығының  төмен  мәртебесі, 
мұғалімдерді  даярлаудың  төмен  сапасы,  сапалы  педагогикалық  кадрлардың  және  балалардың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  мамандардың  жетіспеушілігі,  білім  берудегі  әлсіз  басшылық 
ететін кадрлары,  iii) нашар инфрақұрылым мен мектептердің нашар жарақтандырылуы iv) шағын 
жинақталған  мектептердің  қамтамасыз  етілуінің  төмен  сапасы;  v)  инклюзивті  білім  беруді 
дамытудың бастапқы сатысы; vi) білім беруде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолданудың 
төмен  деңгейі;  vii)  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  бастапқы  кезеңі,  viii)  қоғам  үшін 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау