75
пайызы ғаламторға тәуелді. Қазақстанда ғаламторға тәуелділікті ресми түрде
мойындамағанымен,
кейбір
елдерде
бұл
ресми
түрде
ауру
болып
саналады.Финляндияда ғаламторға тәуелді жас адамдарды әскерге жібереді.2008 жылы
Қытай "ғаламторға тәуелділікті" ресми түрде ауру деп жариялаған.Сонымен қатар неше
түрлі емдеу орталықтары ашылған. Олар емдеуде көптеген әдістерді қолданған,соның
бірі тоқ беру арқылы емдеу әдісі.Ал кейбір әдістерінен жас пациенттер өліп те кеткен.
Ғаламторға тәуелділіктің түрі,себебі,белгілерін психолог Дреп.М өз
көзқарасы бойынша,6 түрін осылайша жіктеген:
1.
Әр түрлі вебсайттарды қолдану-ғаламтордан ақпараттар іздеу;
2.
Вирттуалды әлемдегі достарымен сөйлесу-әлеуметтік желілерде көп хат
алмасу;
3.
Ойынға тәуелділік-компьютерлік ойындарды
көп ойнау;
4.
Ғаламторда ақша құрту,табу-ғаламтор желісі арқылы құмар ойындарын
ойнау, ғаламтор арқылы сауда жасау;
5.
Ғаламтор
арқылы фильмдер қарау;
6.
Порнографиялық парақшалар;
Дәрігерлер "ғаламторға тәуелділікті" жүйкелік ауытқу деп есептемейді және
көптеген ғалымдар бұл аурудың бар екендігіне күмәнданады,ал кейбіреулері мүлде
жоққа шығарған.Тәуелділік медицинада адамның белгілі бір әдетте қолданып жүрген
затты қажет етуі,яғни жүйкелік,физиологиялық толеранттылықтың өсуі.Толеранттылық
ұғымы белгілі бір затты шектен тыс пайдалану дегенды білдіреді,яғни адам ол затты
пайдаланғаннан кейін одан да көп мөлшерін қажет ете бастайды,мысалға есірткі
шегетін нашақор адамдарды келтіруге болады.Сонымен қатар толеранттылық ұғымы
басқа салаларда да қоданылады,мысалы адамның құмар ойынға беріліп кетуі.
Сәйкесінше,бұл терминді ғаламторға деген тәуелділікте де қолдануға болады.Бірақ бұл
жерде адам есірткіге,ішімдікке тәуелді емес,бұл жерде жүйкелік түрде адамның
ғаламторға тәуелділігін түсіндіруге болады.
Интернеттегі алуан түрлі ақылы қызметтер ата-анасының ақшасын
рұқсатсыз жұмсауына әкеліп тірейді.Интернет ойындарындағы зорлық-зомбылық
жастар арасындағы мінез-құлыққа кері ықпалын тигізеді.Ғалымдардың пікірі
бойынша,ата-аналар баласының компьютер алдында немесе айналысатындығына
алдын-ала қызығушылық танытқаны дұрыс. «Бала қаншалықты кішкентай болса,
соншалықты медиа тәуелділікке жақын болады».Компьютерге кез-келген бала тәуелді
болады.Бірақ,бастауыш сынып оқушыларының және жасөспірімдердің интернетке
тәуелділігінің негізгі себептерін анықтауға болады.Атап өтсек:жылы қарым-қатынас
пен отбасындағы эмоциялық қарым-қатынастың болмауы,баланың айналысатын
мағыналы сүйікті ісінің болмауы,айналасындағылармен жағымды байланысты орната
алмауы,достарының жоқтығы. Интернет пен одан тыс уақытта өткізетін уақыт
арасындағы теңдікті игеруге арналған кеңестер:
1. Интернетке тәуелділік белгілерінің білінуін қадағалаңыз. Балаңыз интернетке
қанша уақыт отыратынын анықтаңыз
2. Көмек сұраңыз. Өзіңіз жаңа технология туралы мәліметіңіз аз болған
жағдайда білетіндерден көмек сұраңыз.
3. Компьютерді ашық бөлмеде ұстаңыз.
Компьютерде отырғанда сұйықтықты минералды немесе таза қайнаған су ішіп отырған
жөн. Себебі, су биология тұрғысынан организмді су жетіспеушілігін толтырып отырса,
екінші жағынан жиі дәретханаға барудың арқасында компьютерден ажырайды.
Компьютерге тәуелділікке, негізінде, кез келген бала кездесуі мүмкін, бірақ ол
мүмкіндіктер азаяды егер:
76
1.
Отбасында мейірімділік, тыныштық,
пен сенімділік ахуалы болса;
2. Балада жан-жақты қызығушылық пен айналысатын ісі болса;
3. Бала айналадағыларымен позитивті қарым-қатынаста
бола білсе;
4. Бала өз алдына тым болмаса кішігірім мақсат қоя білсе.
Интернет-тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді.Берілген тәуелділіктің
қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
1.Жеңіл қызығушылық кезеңі.
Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай
бастайды,өзін
басты
кейіпкермен
ұқсата
бастайды,графика,сурет,музыкасы
ұнайды.Бала реалды және виртуалды әлемді салыстыра бастайды да, таңдауын
ақырғысына тоқтатады.Компьютерлік реалдылық балаға өз армандарын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.Алайда бұл кезеңнің спецификасы бар:ойын компьютерге жүйелік
сипат емес,ситуациялық сипат береді.Ойынға тұрақты қажеттілік әлі де
қалыптаспаған,ойын процесі адам үшін мәнді құндылыққа ие емес.
2.Қызығушылық кезеңі.
Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады-компьютерлік ойын ойнау
қажеттілігі.Бұл жерде ойын жүйелік сипатқа ие.Бұл қажеттілігін қанағаттандыра
алмаса, бала белсенді әрекеттерге көшеді.
3.Тәуелділік кезеңі.
Мұнда баланың құндылықтық-мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда
болады.Өзіндік сана және өзін-өзі бағалау өзгерісіне ұшырайды.Ойын реалды әлемді
толық ығыстырып тастайды.Тәуелділік өз көрінісін екі формада табады: әлеуметтенген
және индивидуалданған.Интернет-тәуелділіктің әлеуметтенген формасында бала өзі
сияқты тәуелді балалармен болса да, қоғаммен әлеуметтік байланысты ұстайды.Мұндай
жасөспірімдер бірлесіп ойнағанды ұнатады.Берілген жағдайда ойындық мотивация
негізінде жарыстық сипат жатыр.Тәуелділіктің бұл формасы келесі формаға қарағанда
әсері әлдеқайда жағымсыз.Индивидуалданған формасында адамның тек дүниетанымы
ғана
емес,сонымен
қатар
қоршаған
орта,социуммен
өзара
әрекеттестігі
бұзылады.Мұндай балалар үшін интернет наркотикпен теңдес болады.Егер де біраз
уақыт бұл құмарлықтың орнын басқа бірдеңе баспаса,онда ол табиғаты бойынша
«ломкаға» жақын күйге (жағымсыз эмоциялар сезеді,қозулы және агрессивті болады,
прострацияға
ұшырайды)
көшеді.Мұндай
құбылыстар
клиникалық
тілмен
психопатология немесе берілген патологияны тудыратын өмір сүрудің стилі деп
атайды.
4.Құштарлық кезеңі.
Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі.Ол адамның ойындық белсенділігінің
сөнуімен, индивидтің сауығуға психологиясының өзгеруімен сипатталады.Мұнда бала
компьютерден дистанция ұстайды,алайда орныққан тәуелділіктен толық босай
алмайды.Берілген кезең ұзақ,кейде тіпті өмір бойы сақталады.Ол құштарлықтың сөну
жылдамдығына
тәуелді.Міне,жоғарыда
көрсетілгендей,интернет-тәуелділігінің
қалыптасуы осылайша біртіндеп жүреді.Интернетке тәуелділіктің салдарынан
жастардың денсаулығы ғана емес,ойлау,сөйлеу,жазу мәдениеті де төмендеп барады.Ол
аздай,компьютер клубтарына кіру бағасы арзан.Қалтасында осындай ғана азын-аулақ
ақшасы бар кез-келген бала компьютерлік клубтарда қалауынша интернетте отыра
алады. Ал олар дәл сондай сомадағы ақшамен кинотеатрға немесе саябаққа,фитнес
клубтарға бара алмайды.Интернетке тәуелділіктің адамға кері әсерін тигізетін
психологиялық симптомдары:
1) Көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы
эйфория сезімі;
2) Тоқтаудың мүмкін еместігі;