Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет55/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113

тәуекелдерді басқарудың үдерістік 
тәсілін анықтайтын стандарттар.
•  «Самұрық-Қазына» АҚ тәуекел-
дерді басқару және ішкі бақылау 
бойынша нормативтік құжаттары.
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ 
Компанияның қызметі әртүрлі 
тәуекелдермен байланысты, осыған 
байланысты тәуекелдерді басқарудың 
тиімді жүйесі Компанияның қызметі 
мен Даму стратегиясының негізін 
қалаушы элемент болып табылады. 
Тәуекелдерді нақты және уақтылы 
анықтау, бағалау, мониторинг жасау 
және оған ден қою басқарудың бар-
лық деңгейлерінде тиімді шешім қа-
былдауға және Компания қызметінің 
стратегиялық мақсаттары мен негізгі 
көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамта-
масыз етуге мүмкіндік береді.
Компанияда тәуекелдерді басқаруға 
жауапты құрылымдық бөлімше Тәуе-
кел-менеджмент департаменті болып 
табылады. Тәуекелдерді басқару 
жөніндегі негізгі мәселелерді Компа-
ния Басқармасы жанындағы Тәуекел-
дерді басқару жөніндегі комитет ал-
дын ала қарайды, мақұлдайды немесе 
келіседі. Компанияның еншілес және 
тәуелді ұйымдарында тәуекелдерді 
басқаруды ұйымдастыруға жауапты 
жеке құрылымдық бөлімшелер құрыл-
ды немесе тәуекел-менеджерлер 
тағайындалды.
Тәуекелдерді басқару жүйесіне қа-
тысушылардың құрылымы, қаты-
сушылары және өкілеттіктері туралы 
егжей-тегжейлі ақпарат Компанияның 
интернет-сайтында орналасқан Тәуе-
келдерді басқару жөніндегі саясатта 
келтірілген.
Компаниядағы тәуекел-мәдениет бар-
лық негізгі бөлімшелер мен мүдделі 
тараптардың тартылуының, сондай-ақ 
Компанияның Директорлар кеңесі, 
Басқармасы мен бөлімшелері арасын-
да тәуекелдерді басқару процесінде 
Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің құрылымы
АКЦИОНЕРЛЕР
САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА ҰӘҚ АҚ-НЫҢ  
85,08% АКЦИЯЛАРЫ
ЕРКІН АЙНАЛЫСТАҒЫ  
АКЦИЯЛАР — 14,92%
ДИРЕКТОРЛАР  
КЕҢЕСІ
КОРПОРАТИВТІК  
ХАТШЫ
Аудит жөніндегі  
комитеті
ІШКІ АУДИТ  
ҚЫЗМЕТІ
БАСҚАРМА
Құрылымдық  
бөлімше 1
Тәуекелдерді  
басқару комитеті
ТӘУЕКЕЛ-ОФИЦЕР
Құрылымдық  
бөлімше 2
Тәуекелдерді басқару 
қызметін ұйымдастыруы 
үшін жауапты  
құрылымдық  
бөлімше
Құрылымдық  
бөлімше №
Комплаенс  
қызметі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 129


тиімді ақпарат алмасудың арқасында 
құрылады.
Тәуекелдер иелері болып табылатын 
бөлімшелердің басшылары мен басқа 
да қызметкерлері үшін тәуекелдерді 
басқару және ішкі бақылау бойынша 
корпоративтік оқыту ұйымдастыры-
лады, жыл сайын кәсіпорындарда 
тәуекелдерді басқаруға жауапты қыз-
меткерлермен өзекті проблемалары 
бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.
НЕГІЗГІ ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ 
ОЛАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ 
БОЙЫНША ШАРАЛАР
Компанияның барлық сәйкестендіріл-
ген тәуекелдері «Ұйымның тәуекел-
дерін басқару — интеграцияланған 
модель» COSO әдіснамасына сәйкес 
бес негізгі санатқа бөлінген: стра-
тегиялық, қаржылық, операциялық, 
инвестициялық және құқықтық. 
Компанияда жыл сайынғы негізде ен-
шілес және тәуелді ұйымдардың тір-
келімдері мен тәуекелдер карталары 
бекітіледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ тәуекелдер картасы ықпал ету және 
ықтималдық аймақтарына бөлінген.
Компанияның тәуекелдер тіркеліміне сәйкес 2018 жылға 
27 тәуекел болжанды:
Тәуекелдерді қалдық бағалау нәтижелері бойынша 2018 жылғы  
31 желтоқсанға Компанияның негізгі тәуекелдерінің картасы
ӘСЕР
5
4
O-4
О-1, О-7
0-8, И-5
3
Ф-2
2
C-2
O-6
1
1
2
3
4
5
ЫҚТИМАЛДЫҚ
5 тәуекел  
қызыл аймақта
6 тәуекел қызғылт-
сары аймақта
9 тәуекел  
сары аймақта
7 тәуекел  
жасыл аймақта
130 | Жылдық есеп. 2018
             4. Корпоративтік басқару және этика 


Компания тәуекелдерді іске асырудың 
алдын алуға және тәуекелдерді іске 
асырудан болатын салдарларды 
төмендетуге бағытталған іс-шаралар-
ды табысты жүргізеді. Тұрақты негізде 
тәуекелдерді тіркеу шеңберінде алдын 
алу іс-шараларын орындау бойынша 
есептер қалыптастырылады.
Негізгі тәуекелдер жай-күйінің апта 
сайынғы мониторингі үшін негізгі 
тәуекел көрсеткіштері анықталды. Осы 
тұрғыда Компания басшылығына бар-
лық өндірістік, қаржылық, әкімшілік 
және операциялық көрсеткіштердің 
жай-күйін көрсетуге мүмкіндік беретін 
Компанияға енгізілген «ахуалдық ор-
талық» ақпараттық жүйесі айтарлықтай 
рөлге ие.
Тәуекелдерді лимиттеу практикасы 
енгізілді: жыл сайынғы негізде ықти-
мал теріс қаржылық салдарларды және 
Компания құнының ықтимал төмен-
деуін болдырмау жөніндегі процесті 
бақылау мақсатында Компанияның 
тәуекел-тәбетінің деңгейі анықталады, 
барлық тәуекелдер бойынша төзімділік 
деңгейі анықталды, екінші деңгейдегі 
банктерге лимиттер белгіленеді.
Инвестициялық жобаларда тәуекел-
дерді, сондай-ақ Компанияның кәсіпо-
рындары өз басқару органдарына 
шығаратын өзге де мәселелерді талдау 
және бағалау практикасы енгізілді.
Тоқсандық негізде Менеджмент 
тәуекелі департаменті Компания-
ның басқармасы мен Директорлар 
кеңесі үшін іске асырылған тәуекел-
дер туралы, тәуекелдерді барынша 
азайту бойынша қабылданған алдын 
алу және реактивті шаралар туралы, 
болжанатын тәуекелдер туралы және 
қаржылық тәуекелдердің жай-күйі 
туралы ақпаратты аша отырып, тәу-
екелдерді басқару туралы есептерді 
қалыптастырады.
Тәуекел
Атауы
Іс-шаралар
С-2
ЕТҰ орналасқан жерлердегі 
жұмыскерлердің, жергілікті 
халықтың рұқсатсыз ереуілдері
•  Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл;
•  Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау;
•  БАҚ, баспасөз конференциясы, қоғамдық тыңдаулар арқылы халықпен түсіндіру жұмыстарын 
жүргізу;
•  Өндірістік персоналдың және т. б. әлеуметтік-еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша 
іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау.
О-1
Уранды өткізу бағасының 
төмендеуі
•  Уран бағасы индикаторларының болжамы, әлемдік уран нарығының мониторингі;
•  ТҰК трейдингтік компаниясымен уран өнімін сатып алуға шарттар жасасу;
•  Компанияның және т. б. өзекті нарықтық жағдайлары мен мүмкіндіктеріне бейімделген сұраныс 
пен ұсыныстың моделін құру.
О-4
Уран өнімін сату жоспарын 
орындамау
•  Уран нарығының конъюнктурасы мен қажеттіліктерін зерттеу;
•  Дайын өнімді (оның ішінде ТНК трейдингтік компаниясы) сату үшін ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді 
және орта мерзімді келісімшарттар жасасу;
•  Контрагентті мұқият іріктеу / Шарт талаптарын талдау / келісу
•  Келісімшарт талаптарын контрагенттердің және т. б. орындауын бақылау.
О-6
Операциялық трансформация 
бойынша жоспарланған іс-шара-
лардың уақтылы орындалмауы
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Трансформациялау бағдарламасының жобалары бойынша жобалық 
тәуекелдерді анықтау, тіркеу және алдын алу іс-шараларын әзірлеу;
•  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және т. б. Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау.
О-7
Өндірістік жарақаттану
•  Жазатайым оқиғалардың қайталануына жол бермеу бойынша іс-шараларды әзірлеу бойынша 
кеңестер өткізу;
•  Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы норма-
тивтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан Компания кәсіпорындарына 
жоспарлы тексеру жүргізу;
•  Компания кәсіпорындарында ықтимал қауіпті жағдайларды есепке алу, оқиғаның түпкілікті 
себептерін талдау;
•  Компания кәсіпорындарында «Мінез-құлық аудиті» процесін және т. б. енгізу
О-8
Компания активтерін қайта 
құрылымдау жоспарын орын-
дамау
•  Қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындардың акционерлерімен/қатысушыларымен жедел жұмыс 
(Жол картасын жасау, қаржылық, экономикалық, құқықтық талдау жүргізу үшін консультанттарды 
тарту, тәуекелдерді анықтау, қайта ұйымдастыру модельдерін әзірлеу, тәуекелдерді төмендету 
бойынша іс-шараларды әзірлеу, жұмыс топтарын құру және қатысу, мерзімді онлайн кеңестерін 
және т. б. өткізу)
Ф-2
Контрагент банктерге қатысты 
кредиттік тәуекел
•  ҚР қаржылық сенімді банктеріне ақша қаражатын шығару;
•  Компания кәсіпорындарының тобы үшін банктерге лимиттерді қайта бөлу; ҚР және т.б. неғұрлым 
қаржылық тұрақты банктерінде уақытша бос қаражатты орналастыру бойынша бақылау.
И-5
Инвестициялық қызмет бойын-
ша Ауытқулардың теріс әсері
•  Инвестициялардың жиынтық жоспарының орындалуын бақылау;
•  Шарттарды және жобаларды іске асыру жоспарларының орындалу мерзімін бақылау;
•  Компанияның (орта және ірі жобалар) және т. б. бақылауындағы жобаларды іске асыру мониторингі
Негізгі тәуекелдер және оларды төмендету бойынша шаралар
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 131


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау