Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет98/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147

НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК
223
сипаттай бастады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, сол кездегі ма- 
мандар  мен  қоғам  белсенділері  осы  мәселені  түсінсе де,  түсінбесе  де 
ақ нәсілділерді  «нәсілдік санат» ретінде анықтау арқылы әлеуметтік 
құрылымның негізін қалауға  үлес қосты.  Сонымен қатар  АҚШ  санақ 
бюросы  америкалық мексикалықтарды  «ақ нәсілді емес» деп жария- 
лады. Оған Мексика үкіметі наразылық білдіріп, қарсылық танытты. 
Содан кейін бюро құрамы ауыстырылды. Қазіргі уақытта санақ бюро­
сы латынамерикалықтарды кез келген нәсілге жататын этностық топ 
ретінде  белгілейді.  Сол  сияқты  «қара  тәнді»  термині  «афроамерика- 
лық» терминімен алмастырылуы осы топтың биологиялық шығу тегі 
жөнінде  жаңа  мәліметтер  қосқан  жоқ.  Керісінше,  нәсіл  мен  этносқа 
катысты  қоғамдық  көзқарастың  өзгеруіне  әкелді.  Осы  мысалдардың 
әрқайсысы нәсіл мен этностың қүрылымына ықпалын тигізген саяси 
және әлеуметтік процестерді сипаттайды.
Жер бетінде жаңа этностық топтардың пайда болуы ұлттық шека- 
ралардың өзгеруіне байланысты. Мәселен, XX ғасырдан бері сицилия- 
лықтар, неаполитандықтар, миландықтар және тағы басқалар бірігіп 
ортақ  италия  тілін,  мәдениетін  және  этностық  ерекшелігін  дамыта 
бастады. Керісінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері литвалықтар, лат- 
виялықтар, қазақтар, абхаздар және басқалары кеңестік кезеңде қаға- 
жу көріп,  шеттетіліп  қалған  немесе  ұмытыла  бастаған  үлттық  ұста- 
нымдары  мен  мәдени  салт-дәстүрлерін  қайта  жаңғыртуда.  Осындай 
мысалдар нәсілдік және этностық мәртебелердің құбылмалы болаты- 
нын көрсетеді. Уақыт өте келе адамдар өздерінің нәсілдік және этнос- 
тық ерекшеліктерін  өзгерте  алады.  Осыған  орай  қоғам  да  танылған 
мәртебелерді өзгертуі мүмкін.
Көпшілік және азшылық топтар
Ақ  нәсілді  адамдар  мен  афроамерикалықтар  немесе  еврейлер  мен 
арабтар туралы  тақырыптарды талқылаумен  қатар,  нәсіл  мен  этнос- 
ты  зерттейтін  әлеуметтанушылар  көпшілік  және  азшылық  топтар

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Одақ 
I   қүрамындаболған Литва жәнеөзге 
де елдер өздерініңұлттықерекшелігін 
насихаттай бастады.


224
8-ТА РА У
Көпшілік топ - мәдени, 
экономикалық және саяси үстем 
топ.
Азшылық топ - мәдени, 
экономикалық және саяси 
түрғыдан бағынышты топ.
Плюрализм - әрқайсысы өзінің 
дара мәдениетіне ие екі немесе 
бірнеше топтың бір қоғамда 
теңдікті сақтап, бейбіт қатар өмір 
сүруі.
І
Қурама Штаттартолығымен 
плюралиста болмағанымен, әртүрлі 
нәсілге және этностық топтарға 
жататын балалар оңай тіл табысады.
жөнінде  кеңінен  пікір  алмасады.  Көпшілік  топ  деп  мәдени,  эконо- 
микалық  және  саяси  тұрғыдан  үстем,  адам  саны  көп  топты  атайды. 
Азшылық  топ  -   мәдени,  экономикалық,  саяси  тұрғыдан  төмен  дең- 
гейдегі, адам саны аз топ.
Азшылық  топтардың  саны  көпшілік  топтарынан  кем  болады 
десек те,  үнемі олай  емес.  Мысалы, XX ғасырдың соңында  ақ нәсілді- 
лердің  саны  Оңтүстік  Африка  халқының  15  пайызын  ғана  қүраған. 
Алайда  ақ  нәсілділер  1994  жылға  дейін,  яғни  апартеид  (заңды  сег­
регация)  жойылғанша,  барлық  негізгі  саяси  және  әлеуметтік  инсти- 
туттарды  өз  қолдарында  ұстап  басқарған.  Әлеуметтану  тұрғысынан 
апартеид кезеңіндегі көпшілік топты ақ нәсілділер қүрған. Сондай-ақ 
кейбір  ғалымдар  әйелдерді  азшылық топ  ретінде  қарастырады.  Өйт- 
кені  жыныстық  айырмашылықтар  негізінде  олар  экономикалық, 
саяси және мәдени түрғыдан ерлерге бағынады.
Өзара әрекетке түсу үлгілері
Нәсілдік  және  этностық топтардың  арасындағы  қарым-қатынас  мы- 
надай үш негізгі форманың бір түрі арқылы жүзеге асады: олар -  плю­
рализм, ассимиляция, конфликт.
Плюрализм
Әрқайсысының  өз  дара  мәдениеті  бар  екі  немесе  бірнеше  топтың 
бір  қоғамда  теңдік  сақтап,  бейбіт  қатар  өмір  сүруін  плюрализм деп 
атаймыз.  Шынайы  плюралистік  қоғамда  алуан  түрлі  мәдениеттер- 
дің  әрқайсысы  бағаланады.  Әрбірінің  тең  дәрежеде  дәріптелетін 
салт-дәстүрлері  бар.  Айырмашылықтарына  қарамастан,  бір-бірінің 
мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысы- 
на кері әсерін тигізбейді.  Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы 
бірлік пен ынтымақтастықты мақтан түтады.
«Жеке-дара»,  шын  мәнінде,  үнемі  «тең»  деген  мағынаны  білдір- 
мейді. Мұны «ақ» америкалықтар мен афроамерикалықтар, ағылшын 
және  француз  тілдерінде  сөйлейтін  канадалықтар  немесе  Иракгағы 
шиит  және  суннит  мұсылмандар  арасындағы  қарым-қатынастарға


НӘСІЛДІК  ЖӘНЕ  ЭТНОСТЫҚ  ТЕҢСІЗДІК
225
қарасақ түсінеміз. Солай дегенмен, өздерін плюралистік деп санайтын 
елдер теңдік идеясын сырттай қолдайды.
АҚШ-та шынайы плюрализм орнамаса да, бұл тұрғыдан көптеген 
басқа  қоғамдарға  қарағанда  едәуір  жетістікке  қол  жегкізілді  (Alba  & 
Nee, 2003). Ақ нәсілді және басқа америкалықтар бір мектепте оқиды, 
бір-бірімен көрші түрады, тең әлеуметтік топтарға жатады және өзара 
огбасын құра береді.
Ассимиляция
2-тарауда  айтылғандай,  ассимиляция -   азшылық топ  мүшелері  көп- 
шіліктің  мәдениетін,  салт-дәстүрін  меңгеру  барысында  өзінің  мәде- 
ни,  рухани  ерекшеліктерін  жоғалту  процесі.  Ассимиляция  нәтиже- 
сінде  азшылық  топтар  біржола  жоғалуы  мүмкін.  Мысалы,  көптеген 
«ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғаны- 
на сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.
Тарихи  тұрғыдан  алғанда,  АҚШ-қа  қоныс  аударғандардың  көбі 
өздерінің ұлттық киімдерін  киюден  бас тартып,  тез  арада  ағылшын 
тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілін- 
де  сөйлемей,  ағылшын  тілінде  сөйлескенді  үнатады;  сөйтіп,  амери- 
калық әдет-ғұрыптар  олардың санасына  тез  сіңеді. Сол  сияқты қазір 
көптеген америкалық еврейлер Рождествоны тойлайды (кем дегенде, 
рождестволық шырша қойып, безендіреді). Көптеген америкалық ир- 
ландтар гұздалган ет пен қырыққабатты тек Әулие Патрик күні жейді.
АҚШ-қа  жақында  келген  иммигранттар  мен  олардың  балалары 
да солай істейді. АҚШ-қа көшіп келушілердің (әсіресе  Оңтүстік Азия- 
дан)  біразының ғана  кәсіби  шеберлігі жоғары.  Олардың өздері де,  ба­
лалары  да  АҚШ-тағы  орта  және  жоғары  гаптарға  тез  сіңісіп  кетеді. 
Ал  басқа  иммигранттар  (әсіресе  латынамерикалық)  кедейлер  қата- 
рын  толтырады.  Бірақ  орташа  есеппен  алғанда,  олардың  балалары 
ата-аналарындай  емес,  кейде  америкалық  азаматтардың  балала- 
рынан да жақсы жүмысқа орналасады (Kasinitz et al, 2008; Park & Myers,
2010)  . Бұл отбасылардың ассимиляциялану деңгейі жиырмасыншы ға- 
сырдың басында көшіп келген халықтың деңгейіне сай (Alba, Kasinitz 
& Waters, 2011).
Кейбір  латынамерикалық  иммигранттардың  балалары  төмен- 
деуші  ассимиляция құбылысына  тап  болады  (Haller,  Portes & Lynch,
2011)  .  Төмендеуші  ассимиляция  иммигранттар  ұрпақтарының  аме- 
рикалықтардың  негізгі  тобына  емес,  АҚШ-та  туған  азшылықтардың 
«жасырын» әлеміне сіңу процесін білдіреді. Төмендеуші ассимиляция 
АҚШ  азаматтығын  алмаған,  білімі  төмен,  кедей  мигранттардың  ба­
лалары  арасында  жиі  кездеседі.  Әсіресе  балалар  өмір  сүретін  ортада 
түрғылықты  азаматтар  тарапынан  қолдау  көрсетілмесе  және  қоныс 
аударғандардың бір-біріне көмектесуге жағдайы болмаса, бұл кеңінен 
орын алады (Haller, Portes & Lynch, 2011)
Конфликт
Азшылық  пен  көпшілік  топтар  арасындағы  қарым-қатынастар  кон­
ф л и к т е   айналып  кетуі  жиі  кездеседі.  АҚШ-та  XX  ғасырда  туын- 
даған  нәсілдік  және  ұлтаралық  шиеленістердің  себебі  -   азшылық 
топтардың әлеуметтік, саяси және экономикалық істерге қатысуы- 
на  шектеу  қоятын  заңдардың  қабылдануы.  Басқа  уақытта,  басқа 
жерде  болған  нәсілдік  және  ұлтаралық  қақтығыстар  зардабынан 
құлиеленушілік  пайда  болған,  ұлттық  азшылық  топтар  концен- 
трациялық лагерьлерге мәжбүрлеп жөнелтілген, өз елінен күштеп 
көшірілген.  Конфликт  шектен  тыс  асқынған  кезде  геноцид,  яғни
Төмендеуші ассимиляция -
иммигранттар ұрпақтарының 
негізгі топқа емес, АҚШ-та туған 
азшылықтардың «жасырын» 
әлеміне қосылып, сіңу процесі.
Геноцид -  халықты жоюға 
бағытталған жаппай қыру.
15-251


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау