Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет96/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   147

218
7-ТАРА У
мен  салыстырғанда  біршама жетістіктерге жетті; қазір төменгі таптың 
колледждер мен университеттерде оқитын студенттері басым.
Алайда  балалар мектепте аптасына  35  сағат,  ал отбасыларымен ап- 
тасына 130 сағат уақытын бірге өткізеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл 
кедей балалардың өздеріне кедергі келтіретін көп мәселелерді жеңе алма- 
уына эсер етеді. Мысалы, олар бастауыш сыныптағы математика пәнін 
кедей балалар да, жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар да бір 
деңгейде меңгеретінін анықтаған. Алайда кедей балаларда жазғы дема- 
лыста білімін бекітуге мүмкіндік жоқ, бай балалары үшін мүмкіндіктер 
алуан  түрлі  (Entwisle  &  Alexander,  1992).  Кедей  балалар  оқуға  ынтасын 
көтеретін түрлі және қызықты істермен үй жағдайына  байланысты ай- 
налыса алмайды. Сондықтан қазір көптеген ғалымдар мен қоғам белсен- 
ділері кедей отбасынан шыққан оқушыларға арналған жыл бойы оқыта- 
тын мектептер мен жазғы бағдарламаларға қолдау көрсетеді.
Б ұ л   б і з г е   н е   б е р е д і ?
Стратификацияны зерттеу мынадай басгы бір тұжырымды қалыптас- 
тырды:  өздері  оқу  бітірмеген,  балаларын  интеллектуалды  ынталан- 
дыруға уақыты да,  ақшасы да жетпейтін және мәдени-рухани дамуы 
төмен  ата-аналардың  отбасынан  шыққан  балалар  болады;  сонымен 
қатар  байлығы,  байыпты  байланыстары  және  «жоғары  мәдениетті» 
ата-аналардьщ  отбасынан  шыққан  балалар  бар.  Іс  жүзінде  олардың 
мүмкіндіктері тең болуы мүмкін емес. Сол сияқты, кейбір елдер ақша, 
мұнай,  беделді  БАҚ,  танымал  оқу  орындары  сияқты  ресурстарға  ие, 
ал  басқаларында  мұндай  ресурстар  тапшы.  Нашар  дамыған  елдерде 
өмір  сүру үзақтығы төмен, көптеген панасыз адамдар азық-түлік тап- 
шылығынан тіпті ашгықтан зардап шегеді. Яғни тең мүмкіндіктерді 
орнатудың жалғыз жолы -  осы мәселелермен ел ішінде күресу немесе 
елдердің  бірігіп  күресуі.  Осыған  орай,  америкалықтарға  қойылар  сұ- 
рақ: «Бізге мұның қатысы бар ма?».
Бұл  сұраққа  моральдық  тұрғыдан  жауап  беру  үшін  кедей  және 
бай  америкалықтардың,  сондай-ақ  кедей  және  бай  мемлекеттердің 
өмірінің сапасы бір-бірімен тікелей  байланысты екенін үмытпағаны- 
мыз  жөн.  Бай  америкалықтар  өміріне  риза,  себебі  олардың  өздеріне 
көмекші  алуға,  такси  жүргізушісін  жалдауға  мүмкіндігі  жеткілікті. 
Олар  еңбекақысы томен жұмысшылар  салған  үйлерді және  өндірген 
тауарларды сатып ала алады.  Сол сияқты, АҚШ және басқа бай елдер- 
дің азаматтары адамның бір сағат еңбегі қара  бақырмен  есептелетін 
елдерден шикізат пен өнімдерді арзанға  сатып алады. АҚШ-тың әске- 
ри және экономикалық қуатына басқа елдердің қарсы тұра алмайты- 
нын сезу үстемдікті білдіреді. Сонымен бірге америкалық мәдениетке 
қарсы  тұруға  басқа  мәдениеттердің  күші  жетпегендіктен,  АҚШ-тың 
экономикалық және саяси билігі бүкіл әлемге таралуда.
Алайда бұл -  этика оқулығы емес, әлеуметтану оқулығы. Әлеуметтік 
тұрғыдан алғанда, ең маңызды мәселе -  теңсіздіктің деңгейін төмендету 
арқылы жеке адамдар мен жалпы қоғамға пайда тигізу. Теңсіздік деңгейі 
жоғары елдерде әрбір адам, сондай-ақ ауқатты азаматтар да стресске тү- 
седі. Олар қылмыс көбейіп, халықтың денсаулығы нашарлап, өмір сүру 
үзақтығы қысқаруынан зардап шегеді (Marmot, 2004; Wilkinson, 1996,2005). 
Егер  қылмыскерлерден  қорғану,  есікті  құлыптап  отыру немесе  жұмыс- 
тан шығарылу сияқты жағдайлар түрақты түрде үнемі болып тұратын 
болса, бай болудан да, орта тап өкілі болудан да рақат жоқ. Сол себепті бай 
елдер өз сақшыларының үнемі дайын тұруын талап етеді, басқа елдер өз- 
дерінің экономикалық және мәдени ұстанымдарын қорғауға ұмтылады.


СТРАТИФИКАЦИЯ
219
Қ о р ы т ы н д ы
1.  Стратификация  қарапайым  теңсіздік  үгы- 
мынан  ерекше,  өйткені  ол тұлганың  жеке  қа- 
сиеттеріне  емес,  оның  әлеуметтік  санаттағы 
мүшелігіне негізделеді.  Әдетте теңсіз багалар- 
ды  ақтайтын  нормалар  мен  құндылықтар 
қамтылады.
2.  Стратификациялық  жүйелердің  екі  түрі  бар. 
Касталық  жүйелерде  сіздіц  әлеуметтік  дең- 
гейіңіз  толығымен  ата-анаңыздың  мәртебесі- 
небайланысты.Тагітықжүйелерде әлеуметтік 
деңгейіңіз  толығымен  біліміңіз  бен  кәсіптік 
білігіңізге  байланысты  болады.  Сондықтан 
ата-анаңыздан жогары немесе төмен деңгейге 
болуыңыз мүмкін.
3.  Маркстың  пайымдауынша,  стратификация- 
ның бір ғана мацызды өлшемі бар -  ол таптық 
қатынастар  өлшемі.  Вебер  екі  қосымша  өл- 
шемді  үсынған,  ал  әлеуметтану  ғалымдары- 
ның  көбі  қазір  стратификацияның  үш  бағы- 
тына сүйенеді: тап, мәртебе және билік.
4.  Халықаралық  теңсіздік  -  бүгінгі  әлемде  та- 
нылған  шындық.  Орташа  дамыған  және  дам- 
уы  төмен  елдердіц  өркендеуі  арқылы  тең- 
сіздіктің деңгейін төмендету -  барлық елдерге 
ортақ  проблема.  Даму  -   барынша  «батыстан- 
дыру»  емес.  Бүл  -   өнімділікті  арттыру  және 
өмір сүру деңгейін көтеру.
5.  Дүниежүзіндегі  мемлекеттерді  бай,  әртарап- 
тандырылган,  тәуелсіз,  жогары  дамыған  ірге- 
лі  елдер,  орташа дамыған  шеткері  елдер  және 
дамуы төмен елдер деи белуге болады.
6.  Адами  даму  индексі  және  гендерлік  даму 
индексі  жалпы  өмір  сапасын  бағалау  үшін 
сауаттылық  пен  білім  сапасының,  өмір  сүру 
ұзақтығы  мен  экономикалық  өнімділіктің 
көрсеткіштерін  қолданады.  Сонымен  бірге 
гендерлік теңсіздікке  ықпал  ететіи  өмір  сүру 
сапасы да зерттеледі.
7.  Модернизация  теориясының  әлеуметтік  өз- 
геріс  жөніндегі  функциялық  пайымдауы  на- 
шар дамыған елдер жоғары дамыған елдердің 
технологияларын  және  әлеуметтік  институт- 
тарын  қабылдау  арқылы  индустриялануға 
серпінді қадам жасайтынын дәлелдейді.
8.  Әлемдік  жүйелер  теориясындағы  конфликто- 
логиялық  көзқарас  әлемді  біргұтас  экономи- 
калық  жүйе  ретінде  қарастырады.  Негізгі 
қоғамдар  болып  танылатын  индустриялан- 
ған  белгілі  елдер  аз  дамыған  перифериялық 
қоғамдардың  есебінен  әлемдік  ресурстарды 
басқарады.
9.  Ел  ішіндегі  теңсіздік  ұлттық  көтерілістерге,
зорлық-зомбылыққа  немесе  үлтаралық  конф- 
ликгілерге әкелуі мүмкін.
10.  Сотые  әрқашан  елдегі  үш  топтың  -   үкімет, 
қарулы  күштер  және  қоғамның  арасындағы, 
сондай-ақ  елдер  арасындағы  қарым-қатынас- 
тардың өзгеруіне әкеледі.
11.  Лаңкестік  (терроршылдық)  -   зорлық-зом- 
былықты  саяси  мақсаттарда  қасақана  және 
заңсыз  пайдаланушы  азаматтарға  қагысты 
құбылыс.  Сонымен  бірге  бұл  -  әлеуметтік 
құрылыс.  Әдетте  кім нің лаңкес  екенін жеңім- 
паздар  шешеді.  Терроршылдық  -   ұлттық  не­
месе  мәдени  қауіп-қатерден  қорғау  ұстаны- 
мынан туындайды.
12.  Табыс  пен  байлықтың  тең  болмауы  АҚШ- 
та  анық  байқалады  және  1970  жылдан  бері 
тұрақты  түрде  артып  келеді.  АҚШ-та  табыс 
теңсіздігі  кез  келген  дамыған  ұлтқа  қараған- 
да  жоғары. Ал байлық теңсіздігі АҚШ-тағы та­
быс теңсіздігінен әлдеқайда көп.
13.  Құрылымдық-функциялық  теория  бойынша, 
теңсіздік  -   адамдарды  әлеуметтік  позицияға 
жіктеудің  қажетті  және  әділетті тәсілі.  Конф­
ликтология  теорияшылары  теңсіздік  шектеу- 
лі ресурстар үшін туындаған шиеленістерден 
пайда  болады  деп  санайды.  Себебі  билік  ба- 
сындағылар  өз  үстемдігін  сақтау  үшін  және 
пайдасын  көру  үшін  түрлі  іс-әрекеттерге  ба- 
рады.  Символдық  интеракционизм  теориясы 
өздігінен  орындалатын  істер  туралы  болжам 
арқылы  әлеуметтік  мәртебенің  нығайгылуы- 
на баса назар аударады.
14.  Адамдарды  мәртебеге  жіктеу  макро  және 
микро  процестерді  қамтиды.  Еңбек  нарыты 
макродеңгейде  белгілі  бір  мәртебеге  деген 
сұранысты қалыптастыру арқылы әлеуметтік 
сатыларта негізделеді. Ал микродеңгейде  мәр- 
тебеге  жету  процесі,  негізінен,  жанама  марте- 
бете сүйенеді.
15.  Теңсіздік  деңгейі  жогары  болганына  қарамас- 
тан,  кез  келген  қогамдагы  адамдардың  көп- 
шілігі  тецсіздік  қүрылымын  табити  қа- 
лыптасқан  немесе  әділ  деп  қабылдайды. 
АҚШ-та 
теңсіздікпен  келісуді  үгіттейтін 
идеология  -  америкалық  арман.  Бұл  идеоло­
гия  жетістіктерге  жету  немесе  жетпеу  адам- 
ның жеке жауапкершілігінде дейді.
16.  Жогары  ұтқырлық,  туыстармен  немесе  басқа 
отбасылармен 
салыстырганда, 
экономика- 
лық,  білім  саласындагы  және  мәдени  ресурс- 
тарта  қол  жеткізе  алатын  адамдар  арасында 
жиі кездеседі.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау