СТРАТИФИКАЦИЯ
215
жүмысшы табындағы отбасыларды бір сәтте-ақ кедейлікке ұшыра-
туы ықтимал (Newman, 1999a).
Болашақтың бүлдырлығы мен экономикалық сенімсіздік салда-
рынан жұмысшы табының мүшелері басқаларға қарағанда қауіпсіз-
дікті жоғары бағалайды. Әдетте орташа және жоғарғы тап өкілдері
өздерінің еркіндігі мен басқару мүмкіндігін ескеріп, жұмысты таң-
дайтын болса жұмысшы табындағы адамдар өз таңдауын сенімсіздік,
күмән және қорқыныш арқылы жасайды (Schwartz, Markus & Snibbe,
2006). Мысалы, орта таптағы америкалықтар рок-музыканы және
жеке еркіндікті көтеретін әндерді ұнатса, жүмысшы табындагы аме-
рикалықтар көбіне «таңдау жасау қауіпті» деп ескертетін кантри му-
зыкасын (Джордж Джонс: «Мен өзім жасаған таңдауларыммен бірге
өмір сүріп, өлемін») тыңдайды. Адамдардың жеке музыкалық талға-
мы мен олардың әлеуметтік таптық байланысы әрі қарай «БАҚ және
мәдениет: Музыка мен әлеуметтік таптар арасындағы байланыс» та-
рауында қарастырылады.
Орта тап
Орта тап үлкен және түрлі топтардан тұрады және шамамен халықтың
30-40%-ын құрайды. Орта топтағы көпшіліктің жоғары білімі немесе
орта кәсіптік білімі болғанымен, еңбекақысы жұмысшы тап өкілдері-
нің ақысынан төмен болуы мүмкін. Шкаланың қарама-қарсы жағында
кейбіреулер жылына $200 000-нан астам табыс табады, сөйтіп, америка-
лықтардың ең бай 5%-ының қатарына кіреді (АҚШ Санақ бюросы, 2011).
Алайда бүлар әлі де орта тапқа жатады деп саналады. Ал егер отбасы мү-
шесі бірнеше ай жұмысқа шыға алмаса, ипотекалық төлемге байланыс-
ты жағдайы қиындайды. Сонымен олардың ағымдағы табысы жогары
болса да, байлығы - инвестициялары, жинақтаған қоры және акгивтері
оңай сатылса да, қарыздарынан құтыла алмайды.
Орта тап мүшелерінің табысы жоғары немесе томен болғанына
қарамастан, олар жұмыс орнының қауіпсіздігіне баса назар аудара-
ды және жұмысшы табына қарағанда қызметте өсуге мүмкіндіктері
көбірек болады. Орта тапқа жататын қызметкерлер әдетте медици-
налық сақтандыру және науқастануға байланысты демалыс секілді
маңызды жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Бірақ ондай жеңілдік-
тер саны соңғы 20 жылда азайып кетті.
Орта таптың мәдениеті жоғарғы таппен жұмысшы табы мәдениеті-
нен ерекше. Жұмысшы табындағы адамдармен салысгырғанда, орта тап-
тағы адамдар үйлерін діни иконалармен толтырмайды немесе боулинг
командасының мүшесі болмайды, олар білімді және жыныстар арасын-
дағы тең құқықтылықты бағалайды. Ал жоғары таптағы адамдармен
салыстырғанда үйлерін заманауи өнер туындыларымен безендірмейді,
гольф лигаларына мүше болмайды (Halle, 1993). Сонымен қатар жұмысшы
табындагы ата-ана балаларынан айтқандарына бағынуды және оңаша кө-
ңіл көтеруін күтсе, орта таптағы ата-аналар балаларымен бірге көңіл коте-
pin, өздеріне бағынудың маңыздылығын түсіндіреді (Lareau, 2003).
Жоғарғы тап
Жоғарғы тап халықтың шамамен 1%-ын құрайтын екі топтан тұрады.
Біріншісі - отбасыларының табысы мен мәртебесі ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп келген адамдар. Бүл адамдар Жаңа Англиядағы кішігірім
Andover, Exeter және Choate сияқты дайындық мектептерінде оқыған
(Higley, 1995). Бұл мектептердің көптеген түлектері Гарвард, Йель және
216
7-ТАРА У
I
Нью-Йорктің бай тұрғындарына
I арналған әйгілі қымбат «Хамптоне»
жазғы клубында демалатын осы поло
жанкүйерлері сияқты жоғарғы тап
мүшелері, табысы бойынша халықтың
1 пайызын қамтиды.
Принстон секілді Ivy League оқу орындарына түседі. Олар оқуын бітір-
ген соң елдің таңдаулы клубтарына қосылып, жоғары мәртебелі епис-
коптық немесе пресвитерлік шіркеулерге барады. Олар көркем мұра-
жайлар, симфониялар, опера және т.б. «жоғары мәдени» үйымдарға
қызмег көрсетуі мүмкін.
Екінші топ миллиондаған немесе миллиардтаған доллар табы-
сының кем дегенде бір бөлігін өз еңбегімен (мұраға емес) тапқан
адамдардан тұрады. Құрама Штаттарда шамамен 500 000 миллионер
тұрады. Кедейліктен байлыққа жеткендері де бар. Олардың көпші-
лігі - орта таптағы немесе жоғарғы таптағы ата-аналары жақсы мек-
тептерде оқытып, қаржылай көмек көрсетілгендер (7.3-кесте).
Әлеуметтік тап және қоғамдық
саясат
Көптеген америкалықтардың айтуынша, бәсекелестік әділ болса, таптар
нәтиженің теңсіз болуымен келісуге дайын. «Үстемдіктердің әділетсіз
болмауын қалай қамтамасыз ету керек?», - деген сұрақ туындайды. Сая-
сатшылар, қоғам белсенділері мен әлеуметтанушылар теңдікті нығайту-
ға бағытталған әртүрлі тәсілдерді ұсынады. Олардың негізгі екеуі - әділ
еңбекақы қозғалысы және білім алу мүмкіндіктерін арттыру.
Лайықты еңбекақы талап ету
қозгалыстары
Табыс теңдігін көтермелеудің бірден-бір жолы - әлеуметтік жүйенің
төменгі топтағыларыиың табыс мөлшерін көбейту. XIX ғасырдан бері
кәсіподақтар америкалық жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін
көбейтуге тырысты (Lichtenstein, 2003). Кәсіподақтардыц лайықты
еңбекақыға қол жеткізу мақсатында қойған талаптарын жұмыс бе-
рушілердің қабылдауы үшін бойкоттар, ереуілдер және ұжымдық
келіссөздер сияқты тактикалар қолданылды. Кәсіподақтар XX ғасыр-
СТРАТИФИКАЦИЯ
217
7.3-КЕСТЕ. АКДІ-тағы еңбай он адам
Төмендегі еңбай адамдардың төртеуі мүрагерлікпен байыған. Бес адам үлкен
байлыққа жетуде өздері үлкен рөл атқарды. Сонымен қатар булар мансаптарын
едәуір үстемдікпен бастаған. Тек Ларри Эллисон, шын мәнінде, өзін-өзі жетілдіріп,
табысқа өз еңбегімен жеткен.
Есімі м ен орны
Т аза қүн
Б а й л ы қ көзі
1. Билл Гейтс
54 млрд доллар
Microsoft, ата-анасы бай
2. Уоррен Баффетт
45 м иллиард
долларга ж уық
Беркшир Хэтэуэй, ата-анасы
баи
3. Ларри Эллисон
27 миллиард
доллар
Oracle Corporation
4. Кристи Уолтон
24 м иллиард
доллар
Wal-Mart мұрасы
5. Чарльз Кох
21,5 м иллиард
доллар
М ұрагерлікж әне ай тарлы қтай
кеңейтілген Koch Industries
6. Дэвид Кох
21,5 м иллиард
Доллар
М урагерлікж әие ай тарлы қтай
кеңейтілген Koch Industries
7. Джим Уолтон
20,1 м иллиард
доллар
Wal-Mart мүрасы
8. Алиса Уолтон
20 м иллиард
доллар
Wal-Mart мұрасы
9. Робсон Уолтон
19,7 м иллиард
доллар
Wal-Mart мұрасы
10. Майкл Блумберг
18 миллиард
доллар
Bloomberg медиа
ком паниялары , ата-анасы бай
ДЕРЕККӨЗ: Forbes (2011)
дың жартысында жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайларын
жақсартуда маңызды рөл атқарды. Алайда өңдеу өнеркәсібі қысқаруы-
на байланысты 1970 жылдан бері кәсіподақтардың саны азайып кетті.
Қазіргі уақытта табыс теңдігіне мүдделі адамдар ең төменгі еңбек-
ақы деңгейін көтеруге баса назар аударады. Инфляцияның әсерінен
ең төменгі еңбекақы мөлшері 1968 жылға қарағанда 13%-ға төмендеді
(2011 жылы сағатына $ 7,25 болды).
Толық күн жұмыс істейтін адамдардың жылдық еңбекақысы ең
төменгі денгейде болса, бұл кедейліктен арылуға жеткілікті қаржы-
дан әлдеқайда аз, шағын отбасылардың қажеттіліктеріне ғана же-
теді. Ең төмен айлық еңбекақыны көтеру, тым болмағанда, олардың
жағдайын жеңілдетер еді.
Білім алу м ү м к ін д ік т ер ін арттыру
Білім алу табыс теңсіздігін төмендету үшін маңызды екені анық (Isaacs,
Sawhill & Haskins, 2008). Зерттеулерге сүйенсек, төменгі таптарға жататын
оқушылардың жақсы білім алуына жағдай жасайтын бағдарламалар-
дың саны артуда. Осындай бағдарламалар балаларды интеллектуалдық
жағынан ынталандыруға бағытталған. Олар ағылшын тілін білмей-
тін балалар үшін арнайы курстарды ұсынады. Сондай-ақ отбасылық
жағдайы төмен балалардың оқуға түсуіне демеушілік жасайтын несие-
лік және гранттық бағдарламалар да бар. Бұл бағдарламалар бұрынғы-
Достарыңызбен бөлісу: |