Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет97/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147

220
7-ТАРАУ
17.  Қазіргі  уақытта  АҚШ  халқының  15,1  пайызы 
кедейлік деңгейінен  төмендеген.  Кейбіреулер 
адамдардың  кедей  болуына  «кедейлік  сана» 
себепкер  дейді;  бірақ,  зерттеулер  бойынша, 
кедейлік  қазіргі  еңбек  нарығымен  тікелей 
байланысты.
С ы н и   о й л а у
1.  АҚШ-тың  стратификация  жүйелерінің  қан- 
дай  да  бір  тәсілі,  касталық  жүйелерді  еске 
сала ма?
2.  Сіз қандай әлеуметтік тапқа жатасыз? Оны қа- 
лай  анықтайсыз?  Сіздің  әлеуметтік  таптағы 
орныңыздың әсері қандай?
3.  Отбасыңыз  үшін  байлық  деген  не?  Сіздің  от- 
басыңыздың  қандай  мәдени  капиталы  бар? 
Сіздің отбасылық байлығыңыз немесе мәдени
18.  Кедейлік деңгейін төмендету үшін ұсынылған 
әдістердің арасында лайықты еңбекақы талап 
ету  қозғалыстары  мен  білім  алу  мүмкіндік- 
терін арттыру маңызды.
капиталыңыз  және  олардың  жетіспеушілігі 
сізге қалай эсер етеді?
4.  Сіздің  жағдайыңыз  Гаитидегі  орташа  адамға 
қарағанда жүз есе артық. Бұл сіздің қоғам дам- 
уына  қосқан үлкен үлесіңіздің заңды нәтиже- 
сі  ме?  Мұндай  теңсіздіктің  қандай  пайдасы 
бар? Ол сізге қандай зиян келтіреді?


Н ә с іл д ік  ж ә н е  
э т н о с т ы қ  т е ң с із д ік
Тарау тағылымы
Осы тарауды  оқығаннан 
кейін студенттер:
әлеуметтанушылар  нәсіл 
мен  этносты  неге  әлеуметтік 
құрылымға жатқызатынын 
түсініп,  әртүрлі  нәсілдік және 
этностық топтар жөніндегі 
идеялардың уақыт өте  қалай 
өзгергенін  мысал арқылы 
түсіндіре алады;
әлеуметтанудағы  азшылық топ, 
плюрализм  және  ассимиляция 
деген  үғымдардың  мағынасын 
түсініп,  қолдана  алады;
сегрегация  және заңдасты- 
рылған  нәсілшілдік себеп 
болуын  дәлелдей  алады;
I   ақ нәсілділердің ерекше 
құқықтарын  анықтап,  нәсілдік 
теңсіздікті  төмендету үшін 
экономикалық теңсіздікті 
жоюдың  маңыздылығын 
түсінеді;
I   түрлі  нәсілдік және этностық 
топтар тап  болатын 
мәселелерге  кең  көлемде 
сипаттама  бере  алады.
■   нәсілдік теңсіздіктің орнауына 
нәсілшілдік, дискриминация,


222
8 -ТА РА У
Н ә с і л  ж э н е   э т н о с
Нәсіл  мен  этнос -   адамзаттың  санаттарын  анықтайтын  аскриптивті 
ерекшеліктер.  Бұлар  әрдайым  стратификацияның негізіне  алынады. 
Қоғамның  санасында  басқа  адамдарга  қарағанда  өзге  санатқа  жата- 
тын  адамдардың  шектеулі  ресурстарға  оңай  қол  жеткізуін  «дұрыс» 
дейтін  көзқарас  қалыптасқан.  Бұл  тарауда  АҚШ-тағы  жағдайды  тал- 
дамас  бұрын  жалпы  нәсілдік  және  этностық  теңсіздік  ұғымдарына 
назар аударамыз.
Н ә с і л д і к  ж ә н е   э т н о с т ы қ  
т е ң с і з д і к т е р д і  т ү с і н у
Топтар қоғамда күн сайын  өзара  әрекетке түсіп отырған кезде жікте- 
лу мен теңсіздік қалай шығады? Бұл тарауды нәсілдік және этностық 
теңсіздікті  түсінуге  қажетті  мына  тұжьірымдамаларды  қарастыру- 
дан  бастаймыз:  нәсіл  мен  этностың  әлеуметтік  құрылымы,  дискри- 
минацияның  артуы,  көпшілік  пен  азшылық  топтар  үғымдары және 
олардың өзара әрекеттесуінің негізгі үлгілері.
Нәсіл - физикалық ерекшеліктері 
бойынша жіктелген әлеуметтік 
мацызы бар адамдар санаты.
Этностық топ - шығу тегі бірдей, 
мәдениеті ортақ адамдардан 
түзілген қауым.
Нәсіл мен этностық топтың 
әлеуметтік қүрылымы - 
мәдениет арқылы (биологиялық 
фактілерден гөрі қоғамдық 
көзқарасқа негізделген) нәсілдік 
немесе этностық топтың 
ерекшеліктерін анықтау процесі.
Нәсіл мен этностың әлеуметтік 
құрылымы
Н ә с іл  
-   сыртқы  физикалық  ерекшеліктеріне  қарай  жіктелген  әлеу- 
меттік маңызы бар адамдар тобы (Winant, 2000). Афроамерикалықтар 
жататын  нәсілді  айтсақ,  олардың  кейбірінің  түсі  ақшыл,  ал  өзге- 
лерінің түсі қара болса да, олар маңызды биологиялық ерекшеліктер- 
мен біріктірілгені анық.
Э т н о с т ы қ   т о п  
-  тіл мен дін  сияқты  оргақ мәдениеттің маңызды 
элементтері  арқылы  біріктірілген  адамдар  тобы  (Марджер,  2003).  Ла- 
тынамерикалықтарды  этностық  топ  есебінде  қарастырсақ,  олардың 
бір-бірімен  биологиялық  түрғыдан  бірегей  еместігіне,  араларында 
тығыз мәдени байланыс орнағанына көзіміз жетеді.
Нәсіл  мен  ұлт  генетикалық  ерекшеліктерге  байлаыысты  деген 
пікір  айтылса да, нәсіліне  және үлтына  қарамастан,  барлық адамдар- 
дың гендік  қоры  бірдей.  Нәсіл  мен  этнос  терінің түсі  сияқты  физика- 
лық  сипаттарға  ғана  негізделмеген.  Сол  себепті  әлеуметтанушылар 
н ә с іл   м е н   э т н о с т ы ң   ә л е у м е т т ік   қ ұ р ы л ы м ы  
деген  ұғымды  енгізді. 
Бүл  -   мәдениет  арқылы  нәсілдік  немесе  этностық  топ  ұғымдарыныц 
мағынасын  анықтау  процесі.  Бұл  процесс  биологиялық  айғақтардан 
гөрі қоғамның көзқарасына негізделген. Шынымен, биологтардың бәрі 
бірауыздан нәсіл идеясының биологиялық негізі жоқ деп есептейді.
Нәсілге  және  этносқа  тәндік  әлеуметтік  құрылым  тұрғысында 
қалай  қалыптасқан?  1930  жылдары  пайда  болған  «нәсіл»  анықта- 
масы  ұшыраған  өзгерістерге  қарасақ,  оған дейін қазіргі  заманғы  «ақ 
нәсіл»  тұжырымдамасы  әлі  болмаған.  Оның  орнына  ағылшын-сак- 
сондық  нәсіл,  Жерорта  теңізі  нәсілі  (италиялықтар  мен  гректер), 
еврейлер және славяндық нәсілдер (Джекобсон, 1998), сондай-ақ басқа 
да нәсілдер бар деген пікірлер туған. Сол жылдары дәрігерлер, саясат- 
керлер,  адвокаттар,  иммигранттарға  қарсы  белсенді  топтар,  журна- 
листер  және  басқалар  мұндай  айырмашылықтарға  мән  беруден  бас 
тартып,  «денесі  ақ  түсті  адамдарды  теңдесі  жоқ  жалғыз  нәсіл»  деп


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау