198
7-ТАРА У
«көтеріліс» деп атады) мүлде басқаша. Біреудің қандай да бір атақ-
қа ие болуы жеңіске жеткен кім және тарихи кітаптарды жазған
кім - соған байланысты. АҚШ укіметі әдетте лаңкестер деп тек
шетелдіктерді атап, АҚШ-та америкалық азаматтар жасаған зор-
лық-зомбылықты (түсік жасаушылардың өлімі және 1995 жылы
Оклахомадағы бомбалау сияқты) лаңкестік емес, жекелеген бү-
зақылық қылмыс деп сараптаған (Turk, 2004).
Неліктен адамдар лаңкестікті өз ісіне айналдырады? Таңғалар-
лығы, жеке теңсіздік бұған да әсерін тигізеді, кедей топтардың мү-
шелері басқа топтарға қарағанда лаңкестікпен әлдеқайда аз айна-
лысатыны анықталды. Керісінше, лаңкестік ұлттық немесе мәдени
қауіп-қатерден қорғау ұстанымына негізделген (Turk, 2004). Кедей
елдердегі адамдар көбіне халықаралық терроризмді екі
жағдайда қол-
дайды: біріншіден, өздерінің мәдениетіне, экономикасына, үкіметіне
батыс елдер тарапынан қауіп төнеді деп немесе олардың бақылауына
ұшырайды деп сенеді; екіншіден, олар терроризмді осындай әділет-
сіздікпен күресудің гиісті әдісі ретінде қарастырады (Turk, 2004).
Case study: ислам терроризмі
Элем бойынша христиан, еврей және үнді лаңкестері саяси және діни
көзқарастарын бетке ұстап, зүлым әрекеттермен айналысады. Мәсе-
лен, 2011 жылы шілде айында өзін «христиан крест жорықшысы» деп
атаған Андерс Беринг Брейвик 70-тен астам адамды өлтірген. Олардың
көбі жасөспірімдер болатын. Ол ислам дініне қарсылығын осылай біл-
дірген. Батыстағылар кейінгі кезде ислам терроризмінің өршуінен қа-
уіпгенуде.
Исламдық терроризмнің пайда болуына басты себептердің бірі-
кейбір мұсылмандардың ойынша, мұсылман елдері мен дініне саяси
қысым жасалады деген пікір.
Бүл пікірді әлемдегі түрлі оқиғалар растай түседі: АҚШ палес-
тиндықтарға қарағанда Израильге бір жақты көмек көрсетіп жүр;
батыс елдері Ирактың ішкі істеріне араласып отыр. Осы сияқты әре-
кеттер көптеген мұсылманның намысына тиіп, мұсылман елдері мен
жалпы исламға қауіп төнуде деген пікір қалыптасқан.
Ислам терроршылдығының өршуіне мұсылман елдеріндегі кур-
дел! мәселелер де эсер еткен. Соғыс, кедейлік, теңсіздік және үкімет
жемқорлығы - мұсылман елдеріне ортақ мәселе. Сонымен байла
нысты кедей балалар ислам діні негіздерін оқытатын тегін мектеп-
терге (медреселерге) ғана бара алады. Мәселен, көптеген мұсылман-
дар жиьадты «нәпсіге, күнә жасауға қарсы күрес» деп түсінсе, кейбір
медреселерде балаларға «кәпірлерге қарсы діни соғыс» деп уйретеді
(Aslan, 2008). Мұндай мектептер «Әл-Қаида» мен басқа топ басшы-
ларына соғысқа жауынгер жинауға мүмкіндік жасайды. Сонымен
бірге мүсылман елдеріндегі жоғарғы тап өкілдері көптеген зұлым
әрекеттерден қорғалатындығына қарамастан, наразылыққа, өкі-
нішке голы, намысы осалдық көрсеткен адамдардың арасында
өмір сүруде. Сондай адамдардың бірі - 2011 жылы 19 лаңкесті АҚШ-
қа шабуыл жасауға жұмсаған - Осама бин Ладен.
Қорыта келсек, дүниежүзі бойынша мүсылмандар бұқаралык
ақпарат құралдары мен ақпараттық технология әсерінен Амери
ка мәдениетінің көлеңкесінде қалды. АҚШ телеарналары әйелдер
шаштары мен денелерін жауып жүретін елдерде жалаңаш әйел-
дерді көрсетеді. Хип-хоп әндер өздерінің жыныстық қатынасқа
шақырған әрекеттерімен көзге түседі және Голливуд романдары
мұсылман құндылықтарына қайшы келетін, еркін өмір сүру сал-
тын ұнататын әйелдер мен еркектерді бейнелейді. АҚШ дүниежүзі