200
7-ТАРАУ
Б а й л ы қ - ж е к е т у л ғ а н е м е с е ү й
қ о ж а л ы ғ ы н ы ң и е л іг ін д е г і а қ ш а
м е н м а т е р и а л д ы қ и г і л ік т е р қ ұ н ы .
жылдық сома 10,8 млн доллар болған; ал табысы ең жоғары Виаком-
ның басқарушысы Филипп Дауманның жылдық табысы 84,5 млн
доллар (Joshi, 2011).
Табыс теңсіздігінің өсуі АҚШ-тың экономикалық қүрылымын-
дағы өзгерістерге және АҚШ үкіметі саясатының өзгеруіне байла-
нысты (Massey, 2007; Morris and Western,1999). 13-бөлімде тереңірек
талқылағанымыздай, америкалықтардың 80%-ы қазіргі уақытта
агқарушы қызмет корсету саласында немесе сауда орындарында
жұмыс істейді. Бұл жұмыс орындарындағы еңбекақы Америка эко-
номикасында үстемдік ететін өндіріс орындарына қарағанда әлде-
қайда төмен. Экономиканың барлық секторында жұмыс берушілер
тұрақты қызметкерлердің орнына төмен еңбекақыға келісетін
уақытша немесе жартылай жұмыспен қамтылу негізінде істейтін
жұмысшыларды алады. Жүмыс берушілердің енді бірі еңбекақы-
ны аз төлеу үшін америкалық қызметкерлердің орнына шетелдік
жұмысшыларды қабылдайды. Сонымен қатар үкімет кәсіподақта
мүшелік етуді күрделендіріп, оның ықпалын төмендетті; ауқат-
тыларға салықты қысқартты, кедейлерге арналған жеңілдіктер
санын азайтты, осының салдарынан ең төменгі еңбекақы мөлшері
одан әрі төмендегі кетті. Осы саясаттың нәтижесінде кедейлер мен
жұмысшы табының табыс мөлшері азайып, ауқатты америкалык-
тардың табыс мөлшері арта түсті (Massey, 2007).
Табыс теңсіздігі неғұрлым жоғары болса, АҚШ-тағы экономика-
лык; теңсіздік мөлшері соғұрлым төмендей түседі. Теңсіздік мөлше-
рін дәл анықтау үшін байлық мөлшерін қарастыруға тура келеді.
Байлы қ - белгілі бір уақытқа жеке тұлға немесе үй қожалығы ие-
ленген ақша мен материалдық игіліктер құны (қорлар, инвести-
циялар, үйлер, жер, автокөліктер мен басқа мүліктерді қоса ал-
ғанда). Ең ауқаттылардың 20%-ы болатын үй қожалықтары (табыс
бойынша) - барлық байлықтың 80%-ына, ал 1% болатын ең ауқатты
адамдар барлық байлықтың 35%-на ие (Rampell, 011). Соңғы 25 және
одан көп жылдар аралығында АҚШ-та байлық теңсіздігі өзге дамы-
ган елдермен салыстырғанда тез қарқынмен өсті.
Табыс теңсіздігі басқа халықтарға
қарағанда АҚШ-та жоғары.
СТРАТИФИКАЦИЯ
201
7.3-СЫЗБА. АКДІ-тағы табыс көлемінің
айырмашылықтары
Барлық АҚШ тұрғындарын тең 5 топқа
(квинтильдерге) белее және сол елдегі
барлық табыс мөлшері тең бөлінсе, әрбір
квинтиль (20%) барлықтабыстың20%-
на ие болуы тиіс еді. Іс жүзінде 20%-ды
құрайтын ең ауқатты америкалықтар
(квинтиль) табыстың жартысына ие, ал
кедейлерден туратын 20% табыстың
4%-ға жетпейтін бөлігін ғана иемденеді.
Әлеуметтік тап мәселелерінің салдары
Әрқайсысымыздың мінез-құлқымыз бен
қарым-қатынасымыз ең бол-
мағанда бір себеппен қай әлеуметтік тапқа жататынымызды білдіреді.
Сіз боулинг немесе теннис ойнауды қалайсыз ба? Шетелдік немесе
америкалық фильмдерді таңдайсыз ба? Сыра ішесіз бе, әлде шерри
ме? Осы және өзге де таңдауларыңыз әлеуметтік табыңызға байла-
нысты жасалады. Адамның әлеуметтік табын білу басқа кез келген
ақпаратқа қарағанда көп мәлімет береді. Сондықган «Сізді көргеніме
қуаныштымын!» деген сөз тіркесі көбінесе «Сіз немен айналысасыз?»
деген сұрақтан кейін айтылады.
Әлеуметтік таптар арасындағы айырмашылық қарапайым
талғамға ғана қатысты емес, оның нәтижесіне де эсер егеді. Кедей
адамдардың зорлық-зомбылық құрбаны болу, оқудан шығып қалу
немесе созылмалы ауруға, не мүгедектікке шалдығу ықтималдығы
өте басым (U.S Bureau of the Census, 2011). Осы мысалдардан бай-
қалғанындай, қалталы азаматтардың өмір сүру сапасы жоғары.
Теңсіздік жөніндегі теориялың
көзңарастар
«Forbes» (2008) журналына сүйенсек, Стивен Спилбергтің қазіргі та-
бысы $3.0 миллиард шамасында және ол жылына миллиондап табыс
табады. Онымен салыстырғанда, орта буындағы полиция қызмет-
202
7-ТА РА У
керінің табысы $51000, ал америкалық отбасылардың 20%-ының жыл-
дық табыс мөлшері $20 813 (U.S Bureau of Labor Statistic, 2011c; U.S Bureau
of the Census, 2011c).
Табыстар арасындағы осындай үлкен айырмашылықты қалай
түсіндіруге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін стратификацияның
әлеуметтік қүрылымына көз жүгіртуіміз керек. Миллиардер немесе
полиция қызметкерінің табысы туралы сүрамастан бүрын шектеу-
лі ресурстарға неліктен кейбір топтар ғана ие болатыны туралы сөз
қозғаймыз. Құрылымдық-функциялық және конфликтология теория-
шылары ұсынған стратификация жөніндегі теорияларды қарастыр-
ғаннан кейін адамдардың осындай әртүрлі топтарға қалай жікте-
летіні туралы теориялық түсініктемелерге тоқталамыз.
Құрылымдық-функциялың теория
Стратификацияның қүрылымдық-функциялық теориясы (басқа да
құрылымдық-функциялық теориялардың пайымдауы сияқты) бо-
йынша әлеуметтік стратификация кез келген әлеуметтік элемент-
тей әлеуметтік түрақтылыққа ықпал етпесе, жалғастық таппайды.
Бұл ұстанымның классикалық тұжырымдамасын берген Кингслей
Дэвис пен Уиллберт Мур (1945): «Стратификация
қоғамға маңызды қыз-
меттер атқаруға көмектеседі, біз оның бар екенін білеміз», - деді. Егер
әрбір адамның қалауы ескеріліп, орындалып отырса, жұрттың бәрі
бастық болып, дәнді-дақыл өсіретін немесе қоқыс шығаратын, бала-
ларға күтім көрсететін ешкім қалмас еді. Немесе әркім өз балалары-
мен үйде отырғысы келсе, полиция қызметін немесе медициналық
қызмет көрсететін ешкім табылмас еді. Демек, Дэвис пен Мур айтқан-
дай, әрбір қоғамда қызметтің кейбір маңызды, бірақ жағымсыз түр-
лерімен айналысатын адамдардың немесе сирек кездесетін таланттар
мен кәсіби шеберлікті қажет ететін қызметтегі адамдардың еңбекте-
рі жеткілікті мөлшерде бағалануы тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, бала күтімімен айналысатын қызмет-
шілерге қараганда, дәрігерлердің еңбекақысы жоғары болуы керек.
Екеуі де қажетті болғанына қарамастан, медициналық оқуға түсу
үшін көптеген адамдарға білімі, машыгы, таланты жетпей жатады.
Сонымен бірге бұл мамандық көп жыл оқу мен ұзақ уақыт дайын-
дықты талап етеді. Олар кейбір кездерде жұмысын қолайсыз және
стресс жағдайларында орындайды. Дэвис пен Мур: «Осындай үлкен
талаптар қойылатын әрі күрделі міндеттерді атқаратын адамдарды
ынталандыру үшін, олардың еңбегін жоғары құрметтеп, марапат
көрсетіп, табыстарын жақсартуымыз керек», - деген. Мұны қоғам
өзі анықтай жатар, алайда қай кезде болсын еңбекақы мөлшері аз
болса да, балалар күтімімен айналысуды қалайтындар саны азай-
майды. Құрылымдық-фунциялық теория бойынша, бала күтімімен
айналысатындарға қарағанда дәрігерлердің еңбекақысы жоғары
болуы - әлеуметтік қажеттілікке байланысты орнаған жағдай.
Сыни ескертулер
Құрылымдық-функциялық теория маңызды сыни түжырымдар
шығарды. Олардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:
1)
сұраныстың жоғары болуы (тапшылық) жақсы жүмыс орын-
дарына қол жеткізу мүмкіндігінің шектелуіне байланысты
қалыптасуы мүмкін. Мысалы, медициналық оқу орындары-
ның жеткіліксіз болуы және негізсіз қатац талаптар қойылуы