182
6 -ТА РА У
Полиция қызметкері заңды қалай қолданамын десе де өз еркі.
Мае не дөрекілік танытқан адамды үйіне жіберу керек пе, әлде
айыппүл салған жөн бе? Тәртіп бұзған жасөспірімге айып салған
дұрыс па, әлде ата-анасына хабарлау жете ме? Басқа жағынан еш
міні жоқ топтан марихуананың иісі шығып тұрса, елемей қоя
сала ма, әлде тергей ме? Сот залдарындағы ресми шешімнен айыр-
машылығы - полицияның көшеде қабылдаған шешімі көпшілікке
байқала бермейді әрі оған баға беру қиын.
Соттар
Тұтқындалған адамның қылмыстық сот жүйесіндегі қым-қуыт
өмірі басталады. Бұл процесс бірнеше кезеңнен тұрады, осы кезең-
дердің әрқайсысында оны жазалауы не жазадан босатуы мүмкін.
Мемлекет біреуге айып тағу керек деп шешсе, бүл - қылмыстық
сот жүйесінің ең маңызды бөлігі болмақ. Бұған қатысгы шешім
қабылдау құзыреті штаттың, аймақтың және басқа әкімшілік қү-
рылым прокурорының мойнында болады.
Прокурор біреуге айып тағу туралы шешім қабылдағанда айы-
бын мойындау туралы мәмілеге келуді балама ретінде ұсынады.
Мұндай мәмілеге келген айыпкердің жазасы жеңіл болмақ. Айыбын
мойындау туралы мәміле прокурордың жазалау статистикасын жақ-
сартады әрі
штатты сот өткізіп, шығынданудан құтқарады.
Ал судьялар мен адвокаттардың айтуынша, ұзақ мерзімге бас
бостандығынан айыратын заңдар мен кінәсін мойындау туралы
мәміле тәртібі прокурордың адам тағдырын өз бетімен шешуіне
кеңінен мүмкіндік береді. Прокурор айыпкерге: «Кінәңді мойын-
дап, мәмілеге келсең, жеңіл жаза алып, аз уақытта түрмеден шыға-
сың, ал кінәңді мойындамасац, онда айыбың дәлелденген жағдай-
да 25 жылға сотталасың», - деп шарт қойғанда, кінәсіз адамның өзі
айыбын мойындай салуы мүмкін (Орреі, 2011). Олардың адвокату
ры тым тәуекелшіл болмайық деп, мәмілеге көндіруге тырысады,
судьялар мәмілеге бармаған адамның қылмысы соншалық ауыр
болмаса да, қысқа мерзім кесуге бата алмайды. Соның кесірінен
қазіргі айыптау өкімдерінің көбі сот шешіміне емес, сотқа дейін-
гі келіссөздер нәтижесіне негізделген (АҚШ Әділет департамент),
2010
).
Түрмелер
Әсіресе есірткіге қатысты салаларда жазаны қатаңдату нәтиже-
сінде құқық қорғаушылардың жұмысы күрт көбейді. 2007 жылы
түрмедегілердің саны 1970 жылмен салыстырғанда бес есе өскен
(Western, 2006; Savage, 2011). Қазіргі уақытта АҚШ-та 2 миллион
ная астам адам федералдық және штаттық турмелерде, 7 милли-
оннан астам адам сотқа дейінгі қамау изоляторларында, уақытша
абақтыларда отыр (Glaze, 2010). 6.3-сызбада көрсетілгендей, АҚШ-та
түрмеге қамау деңгейі қазір басқа елдердегіден әлдеқайда жоғары
(Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығы, 2011).
Қамалғандардың көбеюі түрмелер мен тергеу изоляторларын-
дағы жағдайды нашарлатып жіберді. Қызметкерлердің жұмысы
өте көп, ал қамалғандар өте тар абақтыларға тоғытылған. Мәселен,
Аризонада қамалғандардың көптігі сондай - оларды шатырларға
жатқызуға мәжбүр болған, жаз айларында мүндағы ауа темпера-
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛ ЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
183
ч
іга
*г
if
П)
3
5
40
ct
га
г
Z
5
§
ч
Q.
ч
I
АҚШ Ресей Африка Ливия Мексика Қытай Канада Италия Франция Германия
6.3-СЫЗБА. 100 мыңадамға шаққанда
сотталушылардыңсаны
Түрмеге қамалғандардың саны жөнінен
АҚШ бәрінен алда түр. Бүл тұрғыда АҚШ
Канада сияқты өзіне үқсас елдерден
ғана емес, Ливия, Қытай сияқты
диктатуралық елдерден де озып кеткен.
турасы 62 градусқа дейін ысиды (Hensley, 2011). Калифорния түрме-
леріндегі жағдай адам төзгісіз, 2011 жылы АҚШ Жоғарғы соты мұны
сотталғандарды заңсыз «қатал әрі шектен тыс жазалау шарасы» деп
атады. Түрмедегі бүлік пен зорлық-зомбылыққа, негізінен, осы фак-
торлар эсер етеді (Useem & Goldstone, 2002; Hensley, 2011). Штаттар
2008 жылдан бері, бюджет тапшылығына байланысты қылмыскер-
лерді қамаудан басқа, шығыны аз амалдар іздестіре бастады, сон-
дықтан қамалғандар саны аздап кеміді (Savage, 2011). Осы себептен
кейбір штаттар белгілі бір мерзімге міндетті түрде бас бостанды-
ғынан айыру ережесінен бас тартып отыр (Steinhauer, 2009).
Дегенмен АҚШ түрмелеріне әлі де миллиондаған адам қойша
тоғытылып жатыр. Бүлардың арасында жас, білімсіз әрі кедей афро-
америкалықтар өте көп (Western, 2006). Түрмеге қамалғандардың
40 пайызы - афроамерикалық ер адамдар (Әділет министрлігі, 2010).
Егер осылай жалғаса берсе, үш афроамерикалықтың біреуі түрмеге
түседі деген сөз (Lyons & Pettit, 2011).
Түрме баламалары
Американың сот жүйесі түрме мен жазалауға көп көңіл бөлгенімен
түрмеге баламаның да түр-түрі бар. Соншама адамды түрмеге жабу-
дың шығыны өте көп болғандықтан, қалалар мен штаттар әсіресе
жастар мен жеңіл қылмыс жасаіандарға қатысты балама бағдар-
ламаларды қолдануға ден қойып келеді (Steinhauer, 2009). Бұл бағ-
дарлама бойынша қамалғандар сотқа барып, түрмеге қамалудың
орнына қоғамдық жұмыстарға тартылады, маскүнемдіктен не на-