Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет24/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147

56
1-ТАРАУ
АМЕРИКАДАҒЫ  ӘРКЕЛКІЛІК
Назар 
аударыңыз
Жатақханадағы өмір 
қалай зерттелді?
А
мерикадағы  сегрегацияланған  (оқ- 
шауландырылған)  жатақханаларда 
туратын  өте кедей  афроамерикалықтар- 
дың  тұрмыс-тіршілігі  қандай?  Әлеумет- 
танушы  Судир  Венкатеш  докторанту- 
рада  оқып  жүрген  кезінде  бул  сураққа 
стандартты  сауалнама  арқылы  жауап 
аләмын  деп  ойлады.  «Сіз  ушін  қара 
нәсілді және кедей болу деген не?» деген 
сурақ  қойып,  оған:  өте  нашар;  біршама 
нашар; жаман емес; жақсы  да, жаман да 
емес;  жақсы  немесе  өте  жақсы»  деген 
жауап  нұсқаларын  ұсынды.  Бірақ  кейін- 
нен  мундай  сурақтардың  түкке  қажеті 
жоқтығын  түсінді.  жатақхананың кейбір 
турғындары  сурақтарға  қарап  күлсе, 
енді  бірі  қысқа  түсініксіз  жауап  берді. 
Ал  кейбірі  «полиция  қызметкері  болар» 
деп  одан  секем  алды  Соңында  Вен­
катеш  турғындарды  тыңдап,  бақылау 
жатақтағы  өмір  туралы  білудің  жалғыз 
жолы екенін түсінді  Сөйтіп, ол шамамен 
он  жылдай  уақытын  «Блэк  Кингз»  көше 
бандысының мүшелерімен бірге өткізді.
Үзақ  жыл  зерттеудің  арқасында 
(2000,  2008,  2009  жж.)  Венкатеш  жатақ- 
хана  гүрғындарының  тым  қатал  оқшау- 
лаудан  және  түрмыс  қиындығынан  қан-
шалықты зардап шегіп отырғанын көрш, 
оны  қағазға  түсірді.  Жатақхана  Чикаго 
қаласына  тиесілі  болса да  турғындарға 
ешқандай  қызмет  көрсетілмеген.  Пәтер- 
лердің көбіне су. электр энергиясы беріл- 
меген,  ал  көптеген  ғимараттарда  бір 
кездері  жүріп  турған  лифтілердің  орны 
үңірейіп  тур.  Мунда  полицейлер  мүлде 
ат  ізін салуды  қойған, ал  турғындар  911- 
ді  терсе  қутқару  қызметі  мүлде  жауап 
бермейді  деое  болады.  Соның  кесірінен 
мундағы  үкіметтің  орнын  көшедегі  бан- 
дылар басты.  Турғындар әйелін сабаған, 
урлы қж асаған немесе (есірткіге мае бо- 
лып)  кіреберістерде  өздерін  қорқытқан 
адамдарды  тәртіпке  салу  үшін  (яғни 
үрып-соғу  үшін)  солардың  кө м е ін е  сүй- 
енд,.  Осының  ақысы  ретінде  банды  бас- 
шылары  есірткі  сатумен  айналысып,  өз 
аймағындагы  жезөкшелерден  бастап 
азық-түлік дүкенінің иесіне дейін барлық 
кәсіпкерлерден  «қорған  болғаны  үшін» 
ақы талап етті.
Сонымен  қатар  зерттеуші  Венкатеш 
турғындардың  қиындықтарды  жеңу  жол 
дарын  табуда  үлкен  тапқырлық  көрсет- 
кенін байқады. Мысалы, бес отбасы бірігіп, 
тыгырықтан  шығар жол  тапқан.  Олардың 
біреуінде  газ  плитасы,  бірінде  жылу  жү- 
йесі жумыо істеді, ал енді біреуінде су бар. 
Әрқайсысы  өзінде  бар  ресурсты  қалған-
дарымен  бөліскен.  Басқалары  өздерінің 
азғантай  кірістерін  улғайту  үшін  бәліш 
пісіру,  лотерея  билеттерін  сату,  машина 
жөндеу  сияқты  заңдастырылмаған  үй 
кәсібімен айналысты
Қатыса  отырып  бақылау  әдісі  Вен 
катешке  Американың  геттоларындағы 
өмірге  басқаша  көзқараспен  қарауға 
мүмкіндік  берді,  ол  бұған  басқа  ешқан- 
дай  тәсілмен  қол  жеткізе  алмас  еді. 
Сонымен  бірге  осы  тәжірибесі  арқылы 
бул  әдістің  кемшіліктерін  де  байқады. 
Мәселен,  ол  банды  мүшелерімен  бірге 
жүрген  кезде  басқа  турғындардың  өзі- 
не толықтай  сенбейтінін  түсінді, ал  егер 
қарапайым  турғындармен  көбірек  бірге 
болса,  банды  мүшелерінің өзінен  секем 
ала бастайтынын және муның жеке басы 
үшін  қауіпті  екенін  түсінді.  Сонымен  ка­
тар  банды  мүшелерімен  көп  уақытын 
бірге  өткізгендіктен  кейде  өмірге  бүза- 
қылардым  көзімен  қарай  бастағанын 
байқады.  Бұған  қоса.  жатақхананыц 
ішінде  жалғы з  кезіп  жүрудің  қауіпті 
екенін  түсінген  ол  журттың  көрсеткісі 
келген  нәрселерін  ғана  көре  алатынын 
түсінді. Алайда зерттеу жумыстарын көп 
жылдар бойы жүргізгендіктен Венкатеш, 
ақыр  соңында,  жағдайды  жан-жақты 
зерттеп,  жатақханадағы  өмірдің  әсерлі 
бейнесін жасап берді.
кейде  жеке  көзқарастарын  көрсетеді.  Бұл  проблеманы  шешудің  бір 
жолы -  қайталауға  (репликацияға)  сүйену:  зерттеуді  басқа  зерттеу- 
шімен немесе әртүрлі үлгілермен қайталау, сол нәтижелердің сәйкес 
болуын тексеру.
« А м е р и к а д а ғ ы   э р к е л к іл ік :   ж а т а қ х а н а д а г ы   ө м і р   қ а л а й   з е р т т е л - 
ді?»
  деген  еңбекте  афроамерикалық кедей  қауымдастықтардың күн- 
делікті өмірін зерттеу барысындағы қатыса отырып бақылау әдісінің 
артықшылықтары мен кемшіліктері атап көрсетіледі.
Қайталау (репликация) -
нәтижелердің сәйкестігін 
көру үшін басқа зерттеушінің 
эмпирикалық зерттеулерді 
қайталауы немесе әртүрлі 
үлгілермен қайта жүргізуі.
Контент талдау - кез келген 
қүжатты жүйелі түрде зерттеу
Контент талдау
Әзірге біз талқылаған әдістер  адамдарды  бақылауға  немесе олармен 
сұхбаттасуға  негізделеді.  Алайда  кей  жағдайларда  әлеуметтанушы- 
лар  өз  зерттеулерін  адамдарға  емес,  құжаттарға  бейімдейді.  Құжат- 
тың  кез  келген  түрін  жүйелі  түрде  зерттеуді  контент  талдау  деп 
атайды.
Контент талдау  әдісін пайдаланатын  элеуметтанушылар  сауал­
нама  әдісіндегі сияқты  рәсімдерді орындайды.  Бірақ олар қүжаттар-


ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
57
ды  іріктеп  алып,  содан  кейін  ол  құжаттар  туралы  жүйелі  сұрақтар 
қояды.  Мысалы,  рэп  музыкасының  араққұмарлыққа  шалдықтыра- 
тын  әсерін  зерттеу  үшін  Денайс  Херд  (2005  ж.)  18  жылдың  ішіндегі 
ең танымал  рэп  әндерін тізіп  шықты.  Содан  кейін  ол  341  ән  үлгісін 
кездейсоқ  негізде  таңдап,  «оларда  алкоголь  туралы  айтыла  ма,  ай- 
тылса  оны  жағымды  әсермен  (сән-салтанат  немесе  байлық  сияқ- 
ты)  байланыстыра  ма,  әлде  теріс  әсермен  (мысалы,  ажырасу немесе 
түрмеге түсу) байланыстыра  ма» деген  сүраққа  жауап іздеді.  Соның 
арқасында  соңғы  жылдары  рэп  әндерде  ішімдік  туралы  көбірек  ай- 
тылатынын және  оларда  әдетте  алкогольдің тек жағымды жақтары 
әспеттелетінін анықтады.
Зерттеушілер  сот жазбалары,  күнделік,  студенттік  құжат  және 
т.б. сияқты жазбаша құжаттың кез келген түріне контент талдау жа- 
сай алады. Олар, сондай-ақ блогтер, веб-сайттар және саясаткерлерге 
жіберілген  комментарийлер  сияқты  электрондық  құжаттарды  пай- 
даланады.  Сонымен  қатар  әлеуметтанушылар  құжат  мәтінін  ғана 
емес,  суреттерді де  сараптап,  айталық,  билбордтарда,  журналдарда, 
интернетте не теледидарда ішімдіктің қалай суреттелетінін зерттей 
алады.
Контент  талдаудың  басты  артықшылығы  -   арзандығы.  Қатыса 
отырып  бақылау  жүргізу  үшін  ешкім  айлар  бойы  «зерттеу  алаңда- 
рында»  жүрмейді  немесе  адамдарға  сауал  қою  үшін  үй-үйді  арала- 
майды.  Сонымен  қатар  контент  талдау  әдісін  тарихи  және  қазіргі 
заманғы  құжаттарды  зерттеу үшін  қолдануға  болады.  Мысалы,  соң- 
ғы  30  жылдағы  алкоголь  туралы  жарнамаларды  талдау  арқылы  ал­
коголь  бейнесінің қалай  өзгергенін көруге  болады.  Оның үстіне,  біз 
қолда бар құжаттарды зерттеу арқылы ондағы мәліметтерге эсер ете 
алмаймыз:  журналдағы  алкогольдік ішімдік жарнамаларын қанша 
уақыт зерттесек те ол жарнамалар өзгермейді. Ал студенттің ішімдік 
ішуін  зерттеу үшін  барға  кірсек,  онда  бізді  көрген  студенттің іс-әре- 
кеті өзгеріп кетуі мүмкін.
Контент талдаудың ең үлкен кемшілігі -  тек қолда бар құжаттар- 
мен ғана жүзеге асады, сондықтан оны кейбір зерттеу тақырыптары 
үшін пайдалана алмаймыз.  Сонымен қатар қатыса  отырып бақылау 
әдісі  сияқты  бұл  да  зерттеушілердің  деректерді  түсіндіруіне  негіз- 
делген.  Дегенмен,  мазмүнды  талдаумен  бірге  зерттеушілер  тобы  де- 
ректерді қарап шығып олардың қорытындыларын салыстыра алады, 
бұл кез келген зерттеушінің көзқарасы нәтижеге эсер етпеуін қамта- 
масыз етеді.
Қолданыстағы статистиканы пайдалану
Әлеуметтанушылар  қандай  әдістер  қолданатынына  қарамастан, 
деректерін  басқа  дереккөздерден  алынған  статистикамен  жиі  то- 
лықтырады.  Федералдық,  жергілікті  және  мемлекеттік  басқару  ор- 
гандары  зерттеушілерге,  мысалы,  үйдің  бағасы  уақыт  өткен  сайын 
өзгергенін,  өмір  жасының  қалай  ұзарғанын  не  қысқарғанын,  қала 
халқы  санының  қалай  өскенін  немесе  азайғанын  сипаттап  береді 
және басқа деректермен қамтамасыз етеді. Егер біз бір колледжде ал­
когольд! қолдануды зерттеп жүрген болсақ, мәселен, АҚШ Халық са- 
нағы комитетінен колледжде жан  басына  шаққанда  алкоголь түты- 
ну мөлшері туралы мәл іметтер алуға болады. Біз штаттың Денсаулық 
сақтау  немесе  автокөлік департаменттерінен  алкогольдің  кесірінен 
болған автокөлік апаттары туралы мәліметтерді ала аламыз. Немесе 
колледжден я жергілікті полиция бөлімінен алкогольдің уытына бө- 
гіп, адам зорлау фактілері туралы деректер  алуға  болады.  Біз бұл де-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау