52
1-ТА РА У
Үғы м д а р д ы ң қрры ты нды сы
Зерттеу әдістерін салыстыру
Егер студенттерді «МасВоок ноутбугі бар» және «МасВоок ноутбугі жоқ» деп екіге бөлетін болсақ, онда ноутбугі
барлардың орташа багасы жоғары екенін көреміз. Бірақ бұл «МасВоок ноутбугінің болуы үлгерімніц жақсаруына
эсер етеді» дегенді білдіре ме? Оц жақтағы кесте бул сұраққа жауап береді. МасВоок ноутбугі барлар жақсырақ
оқитындай болып көрінеді, себебі ауқатты студенттердің көбімде МасВоок болады. Демек, MacBook-тыц болуы мен
жақсы бағаның арасыида жалған қатынас бар.
Ж алған қатынас:
МасВоок ноутбугіне ие болу сабақты
Шынайы қаты нас:
жақсы оқуға МасВоок ноутбугінің
жақсы оқуға септігін тигізеді (өтірік).
болуы емес, байлық себеп болады.
Взрлык студенттер
БарлыЦРтудёмттер
1
1
'
1
і
МасВоок ноугбугі
Басқа ноутібуі і
у
г
]г
]г
1
г
й р
студенттер
бар
бзр
студемттер
студемттер
бар
(ггулаіттео
Таралу жиілігі - көзқарас немесе
мінез-құлықтың болу жиілігі.
Тенденция - бұл айнымалы
шамалардың уақыт өте өзгеруі.
Дифференциал әлеуметтік
топтарға құбылыстың
(феноменнің) таралу жиілігінің
әркелкілігі (өзгеруі).
Көлденец қима кестесі белгілі
бір уақыт аралығында халықтың
сынама тобын зерттейді.
сетінін
(таралу жиілігі), мінез-құлықтың немесе үлгінің уақыт өте
қалай өзгергенін
(тенденция) және топтар бойынша қалай түрлен-
генін
(дифференциал) анықтай алады. Мәселен, алкогольді ішім-
дік ішу туралы сауалнама мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік
береді: қазіргі кезде АҚШ-тың орталық-батысындағы студенттердің
80 пайызы спиртті ішімдік ішеді (таралуы); соңғы 10 жылда алко
гольд! пайдаланатындардың үлесі өзгермеген (тенденция); ерлерге
қарағанда әйелдер арасында ішімдік ішетіндер көп (дифференциал).
Сауалнама - әмбебап әдіс, ол көзқарастарды, мінез-қүлықты және
құндылықтарды зерттеу үшін қолданылуы мүмкін. Егер тақырып
бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік бар деп ойласаңыз, онда проблема-
ны сауалнама арқылы зерттей аласыз.
Сауалнаманы қолданатын ғалымдардың көбі зерттеу жұмыста-
рына
көлденең қима кестесін қолданады: олар белгілі бір уақытта-
ғы адамдардың сынама тобын алып (бұл «көлденең қима» деп
те ата-
лады), топтардың тәуелсіз және тәуелді айнымалы шамалары қалай
ерекшеленетінін қарастырады. Сондықтан алкогольді қолданудың
үлгерімге ықтимал әсерін зерттеу үшін студенттердің сынама тобын
аламыз. Сосын оларды ішімдікті қаншалық жиі ішкеніне қарай топ-
тарға бөлеміз. Содан кейін осы топтардың қайсысының жоғары баға
алғанын салыстыра аламыз.
Мәселен, миннесоталық ғалымдар дәл осылай жасады (Бойнтон
Денсаулық сақтау қызметі, 2008). Олар 24 мыңнан астам студентке
сауалнама жүргізді. Сосын оларды қаншалықты жиі ішетініне бай-
ланысты бөлді. 1.2-сызбада осының нәтижесі көрсетілген: алкоголь-
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
53
Д еректерге ден қо й с ақ
Д е р е к т е р д і з е р д е л е у :
қыздарға қа-
рағанда жігіттердіц неліктен ішімдікке
көбірек үйір келетінін әлеуметтанулық
тұрғыдан түсініп көруге тырыстыңыз
ба? Қыздар мен ұлдарға ішімдік жөнін-
де әртүрлі тәрбие беріле ме? Маскүнем
болғандарға ше? Кім қандай тәрбие
берді? Ішімдік ішудің, ішкілікке салы-
нудың еркектер мен әйелдерге зияны
әртүрлі ме? Бүл олардың ішу деңгейіне
қалай эсер етуі мүмкін?
Д е р е к т е р д і с ы н а у :
бұл деректер ерлер
мен әйелдердің ішімдік дағдыларына
қатысты айырмашылықтарын асыра
көрсетпей ме? Мүмкін,
ерлер ішімдік
ішуін асырып, ал әйелдер өз көрсет-
кіштерін азайтып айтатын шығар?
Неліктен?
Колледждің 18 бен 20 жас аралығындағы күндізгі бөлім
студенттерініңсоңғы 30 күндегі алкогольдік ішімдік ішуі
ДЕРЕККӨЗ: Нашақорлық пен денсаулық туралы үлттық зерттеу
комитеті (2008).
*Бір отырыста бес не одан да көп стақан ішімдік ішу.
**Бес не одан да көп күн ішінде бес не одан
көп стақан ішімдік ішу
ді пайдалану өскен сайын студенттің оқу үлгерімі тұрақты түрде
(сәл болса да) төмендеген.
Бүл «студенттердің бағасының нашарлауына ішімдік ішкені се-
беп болды» дегенді айғақтай ма? Олай болмауы да мүмкін. Бірінші-
ден, біздің бар білетініміз - студенттер қаншалықты жиі ішсе олар-
дың бағасы соншалықты нашарлаған. Ішімдік ішу студенттің төмен
баға алуына алып келді ме, әлде ол үлгерімі нашар болған соң іше
бастады ма? Себеп қайсы, салдар қайсы - ол жағын ажырата алмай-
мыз. Мұны анықтау үшін
көпжылдық зерттеулерді қолдануымыз
қажет; яғни белгілі бір уақыт аралығындағы деректерді жинауымыз
керек. Бір адамдар тобынан бірнеше per сұхбат аламыз (әр ай сайын,
болмаса эр бес жыл сайын) немесе сол халықтың ішінен кездейсоқ
таңдалған топтарға араға апта, ай не жыл салып сауалнама жүргізе-
міз. Осы арқылы студенттердің оқу үлгерімінің ішімдік ішкенге де-
йін я ішкеннен кейін нашарлай бастағанын анықтай аламыз.
Екінші проблема - ішімдік пен улгерім арасында қандай да бір
себеп-салдарлық байланыстың бар екеніне сенімді бола алмаймыз.
Ішімдік ішетіндер мен ішпейтіндер түрлі көрсеткіштер бойынша әу
баста әркелкі болса керек. Жиі ішетіндер күйзелісте жүрген болуы
мүмкін немесе олар білімге аса мән бермейтін жерде өскен болуы ық-
тимал. Олардың ішімдікке салынуына және томен бага алуына осы
айнымалы шамалардың бірі эсер еткен болуы кәдік. Бұл жағдайда
ішімдік пен төмен баға арасындағы анық (бірақ өтірік) себеп-салдар-
лық байланыс
жалған қатынас деп саналады. Бір айнымалы шама
екіншісіне эсер етіп тұрғандай көрінгенімен (ішімдік пен нашар үл-
герім) шын мәнісінде үшінші бір айнымалы шама алдыңғы екеуіне
эсер етіп тұрғанын жалған қатынас деп атауға болады.
Жалған қатынастардың жетегінде кетіп шатаспас үшін басқа
ықтимал айнымалы шамалардың әсерін тексеру керек, ол үшін үл-
кен ауқымдағы сынама тобын аламыз. Мысалы,
ішімдік ішетін және
ішпейтін студенттердің орташа үлгерім бағасын салыстырудың ор-
нына (1) күйзелістен ішімдік ішетіндер, (2) күйзеліске ұшырамаса
Көпжылдық зерттеу - деректер
ұзақ уақыт бойы жиналған
зерттеулер.
Жалған қатынас - бір айнымалы
шама екінші айнымалы шамага
эсер еткен сияқты көрінеді, алайда
өзгерістің нақты себебі үшінші
айнымалы шама болып шығады.
1.2-СЫЗБА Колледждегі бағаүлгерімі
мен ішімдік ішу жиілігі
Бұл мәлімет ішімдікті жиі ішкен сайын
студенттің бағасы нашарлағанын
көрсетеді. Алайда бұл дерек студенттің
төмен баға алуына ішімдік себепкер
болды дегенді білдірмейді.
ДЕРЕККӨЗ: Бойнтон Денсаулықсақтау
қызметі (2008).
Соңғы 19 күннің ішінде қай
күндері ішімдік іштіціз?