54
1-ТАРАУ
да ішімдік ішетіндер, (3) күйзеліп жүрсе де ішпейтін адамдар және
(4) күйзеліске ұшырамағандықтан ішпейтін адамдар деп шартты
атау берілген төрт топтың үлгерімін салыстырамыз.
Бұл стратегияны әлеуметтанушы Роберт Кросне (2006) жасөспі-
рімдер арасында алкогольді ішімдік ішуді зерттеу үшін қолданған.
Ол өз зерттеуін АҚШ федералдық үкіметінің орта және жоғары мек-
тебінің шамамен 12 мьщ оқушысынан жинаған көпжылдық деректе-
ріне сүйеніп жасаған.
Деректер көп жыл бойы жиналғандықтан Кросне оқушылар үл-
герімі төмендеуден бұрын ішімдік іше бастағанын айтады. Зерттеу
өте ауқымды болғандықтан оқушыларды әртүрлі айнымалы шама-
ларға сәйкес бөліп, томен баға оқушылардың алкоголь ішуіне эсер
еткеніне, басқа факторлардың үлгерімнің төмендеуіне және ішімдік-
ті көп ішуге ықпалы болмағанына көзін жеткізді.
Сауалнама көлемі жағынан ауқымды, уақыт жағынан көп ке-
зеңді қамтитындығына қарамастан, бұл тәсілдің үлкен кемшілігі -
сауалнамаға жауап берушілер шындықты бұрмалауы мүмкін. Жиі
ішіп жүрген адамдар да, ішпейтіндер де басқалар жақтырмайды деп
жасқанғандықтан өздері туралы өтірік айтуы ғажап емес. Әлеумет-
танушылар мұндай бұрмалаушылықты әлеуметтің қажеттілігіне
бейімделу деп атайды, мұнда адамдар шындықты өз қалауына қа-
рай өзгертіп көрсетеді, оның себебі - олар жақсы, әдемі және өзгелер-
дің көңілінен шыгатындай болып көрінгісі келеді. «Деректерге ден
қойсақ: 18 бен 20 жас аралығындағы күндізгі бөлім студенттерінің
алкогольді ішімдік ішуі» атты бөлім осы тақырып бойынша ұлттық
зерттеудің деректерін береді. Деректер кәмелетке толмағандардың
ішімдік ішуі (соның ішінде салынып ішуі) кең таралған жағдай еке-
нін айтады (дегенмен әлеуметтің қажеттігіне бейімделу бұл дерек
терге эсер етуі мүмкін екенін де ескерген жөн).
Бұл мысалға қарасақ жасырын немесе әлеуметтік тұргыдан қа-
былданбайтын мінез-құлықты зерттеу үшін сауалнама жақсы әдіс
емес. Сондай-ақ бұл - сұрақ-жауап формасына сыймайтын идеялар
мен сезімдерді зерттеу үшін де жақсы әдіс емес. Оның үстіне, сауал
нама негізіндегі зерттеу адамды қалыпты жағдайдан тыс ортада са-
ралайды. Егер біз адамдарды ішімдік ішуге мәжбүрлейтін жағдай-
ларды және әлеуметтік контекстерді түсінгіміз келсе мұның орнына
қатысу арқылы бақылау әдісін қолданғанымыз абзал.
Қатыса отырып бақылау
Әлеуметтің қажеттілігіне
бейімделу - шындыққа қарағанда
неғүрлым лайықты және
әлеуметтік түрғыдан қолайлы
болу үшін шындықты өзгерту
үдерісі.
Қатыса отырып бақылау
әдісі - қатысу, сұхбат алу
және байқау арқылы «зерттеу
алаңында» зерттеу жүргізу тәсілі.
Ғалымдардың «зерттеу алаңында» субъектілердің күнделікті өмірі-
не қатысып, олардың тұрмыс-тіршілігін бақылауын, өмірі жайлы
сұхбагтасу арқылы жүргізетін зерттеуін қатыса отырып бақылау
әдісіне жатқызамыз. Бұл әдіс әсіресе өзара әрекетке түсудің заңды-
лықтарын ашу және олардың мәнін үйрену үшін пайдалы. Адам-
дардан не істейтінін немесе неге сенетінін сұрайтын ғалымдардан
айырмашылығы - қатыса отырып бақылаушы ғалымдар адамдар-
дың іс жүзінде не істеп жатқанын көруге тырысады. Қатыса отырып
бақылау әдісін субъекгивті мәндерді, жеке қарым-қатынастарды
және қоғамдық өмірді зерттейтін интеракционистер жиі қолданады.
Қатыса отырып бақылау әдісі - заңсыз есірткі егу сияқты қо-
ғамда айыпталатын мінез-қүлықтарды зерделеу үшін жалғыз тиімді
әдіс. Қатыса отырып бақылау әдісінде зерттеудің негізгі үш тәсілі -
сүхбаттасу, қатысу және байқау қолданылады. Зерттеуші іс-әрекет
орнына барып, сонда адамдармен қалыпты жағдайда, бейресми түр-
де әңгімелесіп, олардың істеп жатқан іс-шараларына қатысып, бас-