Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет26/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   147

60
1-ТАРА У
әлеуметтік  проблемалар  мен  әлеуметтік  күштерге  байланысты  еке- 
нін халықтың түсінуіне көмектеседі.
Қоғам қызметіндегі әлеуметтанушылар
Әлеуметтанушылардың  көбі  ғалым  ретінде  өз  жұмыстарын  жеткі- 
лікті  бағалай  алмайды.  Дегенмен  үкімет  құрамында,  бизнесте,  ком- 
мерциялық  емес  үйымдарда  немесе  ғылым  саласында  жүмыс  істей 
жүріп,  қоғамды  өзгертуге  бар  ынтасымен  кірісетіндер  де  бар.  Сон- 
дықтан әлеуметтанушылар қоғамда оң өзгеріс жасау үшін қоғамдық 
комиссиялар мен мемлекеттік мекемелерде қызмет етеді. Олар жеке 
жүріп  те,  «ұлтаралық  ынтымақтастық  пен  әділеттілікті  дамыту- 
ға»  ұмтылатын  «Шекарасыз  әлеуметтанушылар»  секілді  ұйымдар- 
ға  кіріп  те  («www.sociologistswithoutborders.org»)  өзгеріс  жолында 
тер төгеді.
Сонымен  қатар  көптеген  әлеуметтанушылар  қүқықтық  істер 
бойынша  сарапшы  ретінде  қызмет  етеді,  судьялар  мен  адвокаттар 
әлеуметтанулық  зерттеулерді  сот  істерінде  пайдаланады.  Мәселен, 
2010 жылы Вашингтон  штатының судьялары тұтқындалған, соттал- 
ған және жазасын өтеп жүрген азшылық топ өкілдерінің кемсітіліп 
жатқанын  дәлелдейтін  әлеуметтанулық  зерттеулерді  негізге  ала 
отырып, түрмедегілерді дауыс беру қүқығынан айыру туралы заңды 
қабылдамай тастады  (Ortyl  &  Minyard,  2010).  Осы  зерттеулердің негі- 
зінде  судьялар  «бұл  заң  азшылық  өкілдерінің  көбін  (заңсыз  түрде) 
дауыс беру құқығынан айырады» деген қорытындыға келді.
Бұл бізге не береді?
Әлеуметтану -  қызықты  әрі  сан  қырлы  сала.  XIX  ғасырдың басында 
ол  университеттік  білім  беруде  басты  рөл  атқаратын  негізгі  әлеу- 
меттік  ғылымға  айналды.  Оның теориялық тұрғыдан  негізгі үш  құ- 
рамдас  бөлігі  -   құрылымдық  функционализм,  конфликт  теориясы 
және  символдық өзара  әрекетке түсу әлемге  ерекше көзқараспен қа- 
рауға мүмкіндік берсе, әртүрлі әдіснамалық тармақтары сан қырлы 
қоғамдық өмірді зерттеуге қажетті құралдар ұсынады. Бүл қүралдар 
әлеуметтанушылардың әлемді түсініп қана қоймай, оны жақсартуы- 
на да көмектеседі.
Қорытынды
1.  Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды жүйелі түр- 
де  зерттейтін,  қоғамдық  қарым-қатынас  және 
қоғамтуралы ғылым. Қоғамдегеніміз-ортақгео-  2. 
графиялық аумақта  орналасқан, экономикалық, 
мәдени және саяси байланыстар біріктіретін әрі 
«Адамдар  бір-бірімен  қалай  әрекетке  түсуі  ке- 
рек»  деген  сүраққа  жауап  ретіндегі  ойлары  бір 
жерден шығатын,  ұзақ өмір  сүретін  қауым,  ұлт 
немесе  сол  сияқты  ірі  топ.  Әлеуметтік  қиялды 
пайдаланған  кезде  біз  әлеуметтік  құрылымдар
адамның  мінез-құлқы  мен  жеке  проблемалары- 
на қалай ықпал ететінін түсінеміз. 
Индустриялық  революциядан  кейін  қарқын 
алған әлеуметтік өзгерістер әлеуметтанудың да- 
муына кең жол ашты. Жедел әлеуметтік өзгеріс- 
терден туындаған мәселелер әлеуметтік процес- 
тер  туралы  нақты  ақпаратқа  деген  сүранысты 
арттырды.  Әлеуметтік  мәселелерге  бағытталу 
әлеуметтанудың  маңызды  сипаты  болып  қала 
береді.


ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
61
3.  Әлеуметтану  ғылымы  негізгі  үш  теориялық
тармақтан  тұрады:  құрылымдық-функция-
лық теория, конфликт теориясы және  символ- 
дық өзара әрекегке түсу теориясы. Осы үшеуін 
қоғамды  түсінуге  мүмкіндік  беретін  балама 
линза  ретінде  қарастыруға  болады,  олардың 
әрқайсысы  әлеуметтік  құрылымдардың  адам 
мінез-құлқын  қалай  қалыптастыратынын тү- 
сіну құралы ретінде бағалы.
4.  Құрылымдық  функционализм  әлеуметтік 
құрылымдарды  айқындайды  және  олардың 
әлеуметтік  үйлесім  мен  тұрақгылыққа  тигі- 
зер  зиянын  талдайды.  Айқын  және  жасырын 
функциялар  мен  дисфункцияларды  анықтау 
оның  аналитикалы қ  негіздерінің  бір  бөлігі 
болып табылады.
5.  Конфликт  теориясы  Карл  Маркстың  адамның 
мінез-құлқына  және  қоғамдық  өміріне  конф- 
ликтінің  және  бәсекенің  маңызды  әсері  тура- 
лы идеялары  арқылы қалыптасты.  Ол әлеумет- 
тік құрылымдарды  «Бұдан  кім пайда табады?», 
«Олар  бұл  артықшылықтарды  қалай  сақгап 
тұрады?»  деген  сұрақтар  қою  арқылы  талдай­
ды.  Бұл  теория ымыраға келуге  қарағанда  қақ- 
тығыстың маңызды екенін және өзгеріс қақты- 
гыстың оң нәтижесі екенін айтады.
6.  Символдық интеракционизм теориясы адамдар 
арасындағы  өзара  әрекетке  түсудің  субъектив- 
ті  мәнін  және  адамдардың  ортақ  символдық 
мән-мағыналарды  дамытатын  және  қалыптас- 
тыратын процестерін зерттейді.
7.  Әлеуметтану  эмпирикалық  дәлелдерді  сыни 
және  жүйелі  тексеруден  тұрады.  Әлеуметтік 
зерттеу  процесі  мәселені  анықтау,  негіз  әзір- 
леу,  деректерді  жинау,  үлгілерді  табу,  теория 
түзу  деген  бес  кезеңнен  тұрады.  Бұл  қадам 
«ғылым  дөңгелегі»  деп  аталатын  үздіксіз 
циклді құрайды. Деректерден теорияға  қарай 
ауысу  индукция  деп  аталады,  теориядан  бол- 
жамға ойысу -  дедукция деп аталады.
8.  Кез келген зерттеу жобасы зергтелетін айныма лы 
шамаларды  анықтап,  олардың  операцияланған 
анықтамаларын тауып, сол айнымалы шамалар­
ды зерттеуге арналған кейстердің өкілдік үлгіле- 
рін қалай алуға болатынын пысықтайды.
9.  Себен-салдарлық  болжамдарды  сынаудыц 
жақсы  жолы  -   эксперимент.  Дегенмен  экспе-
Сыни ойлау
1.  Жеке  басыңыздағы  қиы нш ы лы қтарды ң қай- 
сысын  жалпыға  ортақ  мәселе  ретінде  қарас- 
тыруға  болады?  Мәселеге  бұлай  басқаша
римент  мінез-құлықты  жасанды  жағдайда 
зерттейді  және  адамдар  эксперимент  кезін- 
де  өздерін  басқаша  ұстауы  мүмкін.  Сонымен 
қатар  эксперимент  кейде  субъектілерге  зиян 
келтіруі ықтимал.
10.  Сауалнама  барысында  көп  адамға  стандарт- 
ты  сұрақтар  қойылады.  Бұл  әдіс  кездейсоқ 
үлгілерді  пайдалана  отырып  құбылыстың  та- 
ралуын,  ондағы  трендтер  мен  дифференциал- 
ды  (ағымдар  мен  жіктелуді)  сигіаттау  үшін 
пайдалы.  Бірақ адам мінез-құлқының контек­
с т   талдауда,  себеп-салдарлық  қатынастарды 
анықтауда нәтиже бермейді.
11.  Қатыса  отырып  бақылау  әдісі  -   аз  адамды 
бақылау  немесе  олармен  тереңдетілген  сұх- 
бат  жүргізу  тәсілі.  Бұл  -   адамдардың  өзара 
қарым-қатынасы  және  оның  субъективті 
мән-мағынасы  туралы  шағын  детальдар  жи- 
науға  болатын тамаша  әдіс. Алайда  ол жалпы 
қоғам  өкілдерінің  арасында  емес,  шағын  топ 
ішінде жүргізіледі  және  жалғыз  ғана  зерттеу- 
шінің пайымдауына  сүйенеді.
12.  Қазіргі  я  тарихи  жазба  құжаттарды  тал- 
дау  әдісін  контент  талдау  дейміз.  Оның  ар- 
тықшылығы -  зерттеу қымбат емес және зерт- 
теуші деректерді өз бетініпе өзгерте алмайды. 
Дегенмен  мұнда  тек  қолда  бар  құжаттарды 
ғана  пайдалануға  болады және  зергтеушінің 
жеке пайымдарына ғана негізделеді.
13.  Әлеуметтанушылар  зерттеулерін  көбіне  мем- 
лекеттік  органдардан,  коммерциялық  емес 
ұйымдардан  және  басқа  дерек  көздерінен 
алынған  статистикаға  негіздейді.  Бұл  арзан 
әдіс  өткенді де,  қазіргі  кезді де  зерттеуге мүм- 
кіндік  береді,  бірақ  мұны  тек  қажетті  дерек- 
тер болған кезде ғана  пайдалануға  болады.
14.  Көптеген  әлеуметтанушылар  академиялық 
ортада  сабақ  беріп,  зерттеу  жүргізеді.  Солай 
бола  тұра  үкіметте,  коммерциялық  емес  ұй- 
ымдар  мен  бизнес  саласында  жүмыс  істеп, 
зерттеу  нәтижелерін  қолданып  жүргендер 
саны  көбейіп  келеді.  Көптеген  әлеуметтану- 
шылар  өз  еңбектерін  ғалым  ретінде  бағала- 
май  жүр,  сондықтан  біразы  мемлекеттік 
қызметке  барып,  әлеуметтік  өзгеріске  бағыт- 
талған ұйымдарда, сот ісгерінде сарапшы куә- 
гер ретінде жұмыс істейді және т.б.
қарау  сіз  тапқан  шешімдердің  сипатын  өз- 
герте  ме?
2.  Ерлер  мен  әйелдерге  қоғам  артатын  сенімді


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау