Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет32/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   147

МӘДЕНИЕТ
75
Ғурыптар
Дәстүрге  қарағанда  моральдық  құндылықтарды  қастерлейтін  нор- 
малар ғұрыптар деп  аталады.  Кешке  сұлы  ботқасымен тамақтануы- 
ңыз сізді «біртүрлілеу» етіп көрсетсе, иттің етін жеу немесе балаңыз- 
дың аяқкиіміне  қажет соңғы ақшаны  ішімдікке  жұмсау өзгелердің 
сізді азғын деп есептеуіне әкелуі мүмкін. Олар сізді полицияға неме­
се  баланы  қорғау  органына  жіберуі  ықтимал;  сізбен  қарым-қатына- 
сын үзіп, тіпті  қуғындауы  мүмкін.  Бұл  нормаларды  бұзған  адамдар 
азғын  деп  есептелетіндіктен  осы  нормаларды  жай  ғана  халықтық 
дәстүр  емес, моральдық  ғұрыптар деп  білеміз.  Моральдық  ғұрыпты 
бұзу міндетті  түрде  заң  алдындағы  жауапкершілікке  әкелмейді,  бі- 
рақ кем дегенде бейресми түрде аластауға немесе сөгіс беруге әкеледі. 
Заң жолымен я бейресми  әдістермен жасалған жаза  адамдардың мо- 
ральдық ғұрыпты бұзу ықтималдығын азайтады.
Заңдар
Гүрыптар  үкімет  тарапынан  бекітілген  кезде,  оларды  заңдар  деп 
атайды.  Егер  заңдар  -   нормалар  мен  құндылықтарға  сүйенбейтін 
болса,  күшін  жояды  немесе  полиция  оларды  орындаудан  бас  тарта- 
ды.  Алайда  заңдар  әрдайым  халықтың  құндылықтарына  негізделе 
бермейді. Мысалы, көлік жүргізіп келе жатып SMS жазуға тыйым са- 
латын жаңа заңдар нормаларды заңдастыру үшін емес, қалыптасып 
келе жатқан нормаларды өзгерту үшін қабылданды.
Ү г ы м д а р   қ о р ы т ы н д ы с ы :   қ ү н д ы л ы қ т а р ,   н о р м а л а р
 және 
з а ң д а р
 бө- 
лімі осы үш маңызды ұғымдарды салыстырады.
Әлеуметтік бақылау
Әлеуметтік  бақылау  адамдарды  өз  мәдениеті  мен  қоғамының  нор- 
малары  мен  құндылықтарын  ұстануға  ынталандыратын  күштер 
мен  процестерден  түрады.  Біз  нормалар  мен  құндылықтарды  бала- 
лық шақтан бастап отбасынан, көршілерден және  басқа  балалардан 
үйренеміз.
Біраз  уақыттан  кейін  осы  нормалар  әдетке  айналғаны  сонша- 
лық,  біз  басқа  жолмен  өмір  сүруді  елестете  алмаймыз,  олар  біздің 
өміріміздің  ажырамас  бөлігіне  айналады,  сондықтан  біз  оларды 
шектеулер  деп  түсінбеуіміз  мүмкін.  «Тісімді  тазалауым  керек,  әйт- 
песе достарым мен отбасым менен алыстап кетеді» деп ойламаймыз, 
оның  орнына:  «Тісімді  тазаламасам  жиіркенішті  боламын»,  -   деп 
ойлаймыз. Алайда мыңдаған жылдар бойы ешкім тісін  газаламаған 
адамды жиіркенішті деп санаған емес. АҚШ тұрғындарының көпші- 
лігі үшін тіс тазалау адамның өзін жақсы сезінудің бір бөлігі болып 
табылады, мүны істемесе олар өздерін жиіркенішті сезінеді.
Тәрбиенің, оқу мен тәжірибенің арқасында қоғамның көп норма- 
лары  бізге  табиғи  болып  көрінеді,  сондықтан  басқаша  әрекет  етуді 
ойламаймыз да.
Идеологиялық  өңдеу,  оқыгу  және  тәжірибе  арқылы  қоғамның 
көптеген  нормалары  орынды  болып  көрінеді,  сондықтан  басқаша 
әрекет ете алмаймыз. Алайда  бірде-бір қоғам осы нормалардың ерік- 
ті түрде сақталатынына толығымен сенбейді, сондықтан сәйкесінше 
шара қолданады: нормаға сай болғандарды сыйақымен ынталандыр- 
са,  керісінше,  нормаға  сай  болмағандарға  жаза  қолданады.  Кейбір 
шаралар ресми сипатта болады, мәселен, кодекстер ресми заңды бұз- 
ғандар үшін айыппұл және жазалау шараларын белгілейді. Сонымен 
қатар көптеген ірі ұйымдарда сырқаттанған күндерге, киіну кодексі-
Ғүрыптар -  ненің дұрыс немесе 
дұрыс еместігі туралы идеялармен 
байланысты нормалар; олар 
моральдық құндылықтарға ие.
Заңдар -  билік құзыретінің күші 
мен санкциясы арқылы бекітілген 
ережелер. Олар нормалар болуы да
болмауы да мүмкін.
Әлеуметтік бақылау - тәртіпке 
бағынуға ынталандыратын 
күштер мен процестер, бүл өзін-өзі 
бақылау, бейресми бақылау және 
ресми бақылауды қамтиды.


76
2-ТА РАУ

Билікқүзыретініңкүшімен 
I   жәнесанкциясыменбекітілген 
ережелерді 
заңдар 
дейміз. Заңдардың 
барлығы халықтың нормалары мен 
қүндылықтарына сәйкес келе бермейді. 
Мысалы, көлік жүргізіп келе жатып SMS 
жазу -  заңға қайшы болғанымен, кең 
тараған норма.
Ү ғы м д а р д ы ң  қоры ты нды сы
Құндылықтар, нормалар, заңдар
Ұғым
А н ы қт а м а с ы
Неке т а қ ы р ы б ы н а н  
м ы с а л
Қ ү н д ы л ы қ қ а
қ аты сы
Қ ү н д ы л ы қ т а р
Қажетті 
мақсаттар 
туралы ортақ 
идеялар
Ерлі-
зай ып тылардың 
бірге, бақы тты  өмір 
сүруі, араларында 
ж ы н ы сты қ 
қатынастың болуы- 
жағымды.
Н ормал ар
Жалпы
мінез-құлық
ережелері
Баскалармен емес, 
жүбайыңызбен 
үнемі ж ы н ы сты қ 
қатынаста болыныз.
Жалпы 
қабылданған 
қүнд ы лы ққа жету 
тәсілі
Дастүрлер
Күнделікті 
немесе әдеттегі 
нормалар
Балаларыңызбен 
емес, жүбайыңыз- 
бен бір бөлмені, бір 
төсекті бөлісесіз.
Құндылыққа жету 
үшін қосымша, 
бірақ әдеттегі тәсіл
Ғүрыптар
Жағымды және
жағымсыз
нәрселерді
білдіретіи
нормалар
Некеге адалдықты 
бүзбайсыз.
Моральдык 
жағынан 
қүнд ы лы ққа қол 
жеткізудің  қажетті 
қүралдары
Заңдар
Мемлекеттік 
органдардың 
күші бар ресми 
мінез-қүлық 
нормалары
Біреудің ж үбайын 
ұрып-соғу заңсыз.
Қүқықтық 
қүндылыққа 
қол жеткізудің 
қажетті қүралдары 
(нормалар арқылы 
негізделуі міндетті 
емес)


МӘДЕНИЕТ
77
не және т.б. байланысты ережелер түріндегі ресми шаралар енгізіледі. 
Алайдакейбіртиімдішаралардыңресмисипатыжоқ.Ықылас,мақұлдау 
және ниеттестік сияқты жағымды шаралар нормативтік мінез-қүлық- 
тың сақталуына көмектессе, суық қабылдау, жақтырмау және бөлектеу 
сияқты жағымсыз шаралар нормативтердің бұзылуына әкеліп соғады.
Осы  шараларға  қарамастан,  нормалар  әрдайым  адамның  іс-әре- 
кегтеріне жақсы  нұсқаулық бола алмайды,  сондықтан нормативтік 
мінез-құлықты нақты мінез-құлықтан ажырата білу қажет. Мысалы, 
америкалық қоғамда некедегі адалдыққа байланысты ғұрыптар бар. 
Алайда  жүргізілген  зерттеулер  нәгижесі  Құрама  Штаттардағы  не- 
кедегі  ерлер  мен  әйелдердің жартысына  жуығы  (Laumann  және  т.б., 
1994)  отбасылық  өмірде  тұрақсыз  (адюльтер)  екендігін  көрсеткен. 
Бүл  жағдайда  мәдениет  күтілетін  нәтижені  білдіреді,  сондай-ақ  ол 
нақты  мінез-қүлықтан  айтарлықтай  өзгешеленеді.  Бірақ бұл  норма- 
ның маңыздылығын  жоққа  шығармайды.  Кейбір  адамдар  көпшілік 
норманы  тіитен  үстана  алмайтын  жағдайларда,  ол  -  мінез-құлық- 
тың маңызды  бағыттарына  айналады.  Нақты  мінез-қүлық  пен  нор- 
мативтік мінез-қүлықтың ауытқуы  арасындағы  сәйкессіздік -  яғни 
девиантты мінез-құлық әлеуметтік ізденістер мен зерттеулердің бас- 
ты тақырыптарының бірі болып табылады (6-тарауды қараңыз).
Мәдени әркелкілік және өзгеріс
Анықтамаға  сүйенсек,  қоғамдастық мүшелері  бір  мәдениетті қолда- 
нады.  Бірақ  бұл  мәдениет  біртекті  емес.  Келесі  бөлімдерде  біз  мәде- 
ниеттердегі  әркелкіліктің  екі  көрінісін,  субмәдениеттер  мен  контр- 
мәдениетті және мәдениетті өзгертетін процестерді қарастырамыз.
Субмәдениет және контрмәдениет
Бірде-бір қоғам біртекті емес. Әр  қоғамда  үстем  мәдениет,  сондай-ақ 
субмәдениеттер мен контрмәдениеттер болады.
Субмәдениеттер қоғамныңжалпы мәдениетіне қатысады, алай­
да  құндылықтардың,  нормалардың,  өмір  салты  мен  дәстүрлердің, 
тіпті  өзіндік  тілдің  ерекше  жиынтығын  сақтайды.  Дәстүрлі  (түр- 
мыстық)  бауырластықтар  мен  әйелдер  үйірмесіндегі  «грек  өмірі» 
субмәдениеттің керемет үлгісі  бола  алады.  Бауырластықтың  немесе 
әйелдер  үйірмесінің  болашақ  мүшелері,  ең  алдымен,  өздерінің  сән 
үлгісі,  көңіл  көтеру  түрлері  немесе  білім  алу дағдылары,  сондай-ақ 
жыныстық қатынасқа, ішімдікке, қоғамға қызмет көрсетуге және бі- 
лімге қатысты көзқарастары сол үйым мәдениетіне, яғни «грек өмірі» 
мәдениетіне  сәйкес  келетініне  көз  жеткізуі  керек.  Содан  кейін  «қо- 
сылған» адамдар белгілі бір рәсімді орындауы гиіс, ол кейде қалжың 
ретінде болса, кейде қауіпті болуы мүмкін, бұл рәсім бауырластыққа, 
әйелдер үйірмесіне және оның мәдениетіне қатысты байланыстарды 
нығайтады.  Осы  үйымға  қабылданғаннан  кейін  ұйым  мүшелеріне 
белгілі бір әндер, қүпия сөздер сияқты ұйымның дәстүрлерін үйрену 
керекболады.
Грек  субмәдениетінің  өз  тілі  жоқ,  бірақ  басқа  үйдің  мүшелері- 
не  арналған  өзіндік  сленгті терминдері  бар.  Сондай-ақ  өз  мүшелері 
үшін  адалдықтан  басталатын  құндылықтары  да  жетерлік.  Кейбір 
бауырластықтарда, мысалы, өз мүшелерінен қажет болған жағдайда 
«бауырларының» оқуына көмектесуін талап етсе; басқа бауырластық 
мүшелері  «бауырларына»  емтиханда  шпаргалка  қолдануды  үйрете-
Шаралар (санкциялар) -
сәйкестікке орай сыйақылар 
және сәйкессіздіктерге қатысты 
жазалар.
Субмәдениеттер - қоғамның 
жалпы мәдениетіне қатысатын 
топтар, бірақ құндылықтардың
норманың, өмір салтының және 
тіпті ерекше тілдің айрықша 
жиынтығын сақтайды.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау